Жаңалықтар | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Мәжіліс Депутаттары ЭКСПО-2017 нысандарын көріп қайтты

Дереккөз: EXPO-2017 Астана

Астана  қ. , 9 наурыз 2017 ж.

Бүгін ҚР Мәжіліс депутаттары Палата төрағасы Нұрлан Нигматулинмен бірге «Астана ЭКСПО-2017» нысандарын қарап кетті. Парламент мүшелері сапар барысында Халықаралық мамандандырылған Көрме нысандарын: Қазақстанның ұлттық павильоны, Конгресс Орталығы, халықаралық павильон, энергия зерттеу Орталығын  көріп шықты.

Көрменің  ұйымдастыру және өткізу жұмыстарына арналған  кездесу барысында АҚ «Астана ЭКСПО-2017» ҰК Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов Мәжіліс депутаттарын көрме ұйымдастыру жұмыстары аяқталып қалғанын жеткізді. 115 мемлекет пен 18 халықаралық ұйым көрмеге қатысатындарын мақұлдап, 109 мемлекетпен қатысу келісімшарты, 110 секция комиссарлары таңдалып, 82 ел ұлттық күнін таңдап қойды. Қазіргі уақытта қатысушы мемлекеттермен ұлттық павильондары бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 8 наурыздан бастап барлық облыс орталықтарында ресми билет кассалары өз жұмыстарын бастайды.

 Кездесу соңында Ахметжан Есімов және ұлттық компания Департамент басшылары қонақтардың  арнайы билет бағдарламасы, келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету  және медициналық көмек, сондай-ақ,  халықаралық даму және т.б. сұрақтарына  жауап берді.

Нұрлан Нигматулин көрменің жоғарғы деңгейде ұйымдастырылуына депутаттық корпустың: халықаралық көрмелер Конвенциясы бекітіліп, «ЭКСПО-2017» көрмесін ұйымдастыру мен өткізу сұрақтарына арналған Заң қабылданғанын айтты.

«Барлық депутаттар атынан Көрме ұйымдастырушыларына алғысымда жеткізуге рұқсат етіңіздер. Біз үшін бұл көрменің жоғарғы деңгейде өтуі өте мағызды және мамандандырылған ЭКСПО-ның Астанада өтуі 2017 жылдың ең маңызды іс-шарасы болмақ»- деп атап өтті Мәжіліс спикері.

17236981_674672572657638_114857055_o

17237268_674672452657650_1195637822_o

Қазақстанның облыстық орталықтарында ЭКСПО- 2017 ресми билет кассалары ашылады

Дереккөз: EXPO-2017 Астана

Сәрсенбі, 2017 жылдың 8 наурызында, сағат 12.00-де Павлодар, Өскемен, Қарағанды, Көкшетау қалаларында ЭКСПО- 2017 ресми билет  кассалары  ашылады.

Павлодар қ. – «Batyr mall» ОСО

Өскемен қ. – «Император» СК

Қарағанды қ. – ЦУМ СҮ

Көкшетау қ. – ОСО РИО

Жексенбі, 2017 жылдың 12 наурызында, сағат 12.00-де Петропавловск, Талдықорған, Тараз, Шымкент пен Қызылорда қалаларында ЭКСПО- 2017 ресми билет  кассалары  ашылады.

Петропавловск қ. – «Рахмет» СО

Талдықорған қ. – «Сити Плюс» ОСО

Тараз қ. – «Смолл» СҮ

Шымкент қ. – «Shymkent plaza» ОСО

Қызылорда  қ. –  «Жибек Жолы» СҮ

Сенбі, 2017 жылдың 25 наурызында, сағат 12.00-де Қостанай, Ақтөбе, Орал, Ақтау мен Атырау қалаларындаЭКСПО- 2017 ресми билет  кассалары өз жұмысын бастайды.

Қостанай қ. – «Март» ОСО

Ақтөбе қ. -«Мега Актобе» ОСО

Орал қ. – «Сити Центр» ОСО

Ақтау қ. – «Актау» ОСО

Атырау қ. – «Baizaar» ОСО

Қазіргі уақытта ЭКСПО-2017 ресми билет кассалары Астана мен Алматы қалаларында ашық. Сондай-ақ, билеттерді ресми билет сайтынан https://tickets.expo2017astana.com/ және Меломан дүкендер желісі мен Казпошта бөлімдерінен сатып алуға болады.

Парламент конституциялық реформаны қабылдады

Дереккөз: www.24.kz

4afe2d98bd543de521d854c34d08adfa_l

Парламент қоғамда қызу талқыланған конституциялық реформаның жобасын қабылдады.

Қос палата депутаттары заңды бүге-шегесіне дейін қарастырып, 19 бапқа 26 түзету енгізді.

Конституциялық реформа жобасы Мәжіліске өткен жұма күні түсті. Арнайы құрылған бірлескен комиссия демалыс күндері де тыным тапқан жоқ. Сөйтіп жолданған 26 ұсынысты екі күн ішінде саралап, қажет деп тапқан 10 түрлі өзгерісті енгізді. Соның бірі – Ішкі істер министрін тағайындап, оны қызметтен босатуды Президенттің құзыретінде қалдыру.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Осы ұсыныспен келістік. Себебі, Ішкі істер министрі қоғамның ішінде, мемлекеттің ішінде қоғамдық қауіпсіздік үшін тікелей жауап береді. Әрбір жеке азаматтың жеке басының қауіпсіздігіне жауап береді. Сонымен қатар, Елбасы – ҚР Президенті өзінің жоғары лауазымымен қатар ҚР әскери Бас қолбасшысы болады. Осындай лауазымы бар. Ал, Ішкі істер министрлігінің құрамында ұлттық гвардия бар. Бұл – тікелей әскери мекеме. Осы себепті біз қолдадық.

Сонымен, Елбасы Қорғаныс пен Сыртқы істер және Ішкі істер министрлерін бекітеді. Өзге лауазым иелерін тағайындау кезінде Премьер-Министр Президент қарауына үміткерлердің тізімін ұсынады. «Келісіп пішкен тон келте болмайды». Сондықтан алдымен Парламентпен кеңесіп алады. Ал, Астана және Алматы қалалары мен облыс әкімдерін бұрынғыша Мемлекет басшысы тағайындап, қызметтен босатады. Егер Үкімет мүшелеріне депутаттардың көңілі толмаса, жұмыстан қуылады.

Анар Жайылғанова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Бұдан былай біз Парламент палатасының депутаттарының 3/1 бөлігімен Үкіметтің мүшесін шақыра аламыз. Кез келген маңызды мәселе бойынша. Егер де есеп беру кезінде сол Үкімет мүшесі қандай да бір заңды бұзған болса, палата депутаттарының 3/2-сі дауыс берумен олар Президенттің алдында мәселе қойылады. Сол Үкіметтің мүшесін босату туралы. Ондай жағдайда Президент өтіншіті қанағаттандырады.

Ата заң – ең қымбат қазына. Адам құқы мен мен бостандығына кепіл берсе, осы құндылықтарды қорғайтын Адам құқықтары жөніндегі арнайы уәкіл бар. Мұндай жоғары лауазым иесі Елбасының Жарлығымен тағайындалып келген. Енді уәкілді 5 жыл мерзімге бекіту немесе босату Парламенттің құзырына беріліп отыр. Сондай-ақ, Президент лауазымына тағайындалатын азаматтың жоғары білімді болуы Конституциямен айқындалды.

Асқар Бейсенбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– 91-баптың 3-тармағына Елбасының тарихи рөлі жазылады. Ол – Елбасының атқарған еңбегі, ҚР даму жөніндегі үлкен жұмыстары әрқашан да талқыланбай сақталады деген сөз.

Ал, ел ішінде лаң салып, қоғам мен мемлекеттің жұмысына зиянын келтіргендер азаматтығынан айырылады. Бірақ ол үшін соттың арнайы шешімі қажет. Осындай бірқатар жаңашылдықты қамтитын заң жобасы бірінші кезекте Парламент пен Үкіметтің жауапкершілігін арттыруға бағытталып отыр.

Икрам Адырбеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Парламент пен Үкіметтің еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына жауапкершілігін күшейтіп отырмыз. Сонымен қатар ел Президентінің сыртқы қауіпсіздікті нығайтудағы қызметіне барынша толық мүмкіндік жасап отырмыз.

1 ай бойы бүкілхалықтық талқылауға шығарылып, Парламент қос палатасының сүзгісінен өткен заң жобасын депутаттар бірауыздан мақұлдады. Іле-шала құжат Елбасының қарауына жолданды. Ал, Президент Конституцияда белгіленген құндылықтарға заңнаманың сәйкестігін қарастыру үшін Конституциялық кеңеске өтініш білдірді.

Авторлары: Назерке Әбдірахманқызы, Ержан Қанапияұлы, Аят Дүйсенбаев

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2017 жылдың 22-24 ақпан аралығында Астана қаласында «Экологиялық сараптама және табиғатты пайдалануды реттеу» тақырыбына қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін оқыту семинарын өткізді.

Семинарда 8 маман оқытылды, соның ішінде:

  • табиғатты пайдаланушы кәсіпорындардың мамандары – 3 адам;
  • ҮЕҰ өкілдері және басқалар – 5 адам.

Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «IOSC Central Asia» ЖШС; «Key Partners Group» ЖШС; «Жоғары технологиялар институты» ЖШС «Қазақстанның ядролық университеті» филиалы; «Л.Н. Гумилев атынндағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК; «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті» ЖМЖКББМ; «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ.

Дәріс оқығандар:

Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті  директорының орынбасары;

Макенова Ризагуль Сериковна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Маденова Айгуль Есеркегеновна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы маманы;

Асербаева Гаухар Ризабековна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы маманы.

Семинар соңында білімді бағалауды өткізгеннен кейін куәліктер табыс етілді.

Синоптиктер наурызда ауа райы қандай болатынын айтты

Дереккөз: Tengrinews

photo_209227

Синоптиктер 2017 жылдың наурыз айына арналған консультациялық ауа райы болжамын бөлісті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі “Қазгидромет” республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.

Осы ай ішінде орташа ауа температурасы нормадан 1-2 градусқа жоғары, тек Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының таулы және тау бөктері аудандарында ауа температурасы норма шамасында болады деп күтіледі.

Жауын-шашынның айлық мөлшері Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан облысында, Ақтөбе, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының көп бөлігінде нормаға жуық болса, республиканың қалған аумағында нормадан жоғары болады деп болжанады.

Көктемнің алғашқы айы жеткілікті салқын ауа райынан басталады, бұл суық антициклонның енуінің салдарынан болады.

Елдің оңтүстігінде фронталды бөлінудің күшеюі кезінде жауын-шашын болып, ауа температурасы төмендеп, түнде 3-13 градусқа дейін аяз, күндіз 3-2 градусқа дейін аяз, кейбір жерлерде 3 градус нөлден жоғары болады.

Содан кейін белсенді циклонның батыстан шығысқа өтуі тұрақсыз ауа райын қалыптастырады: солтүстік аймақтарда қар аралас жаңбыр, республикамыздың қалған аумағында батыс желі соғып, көктайғақ тұман болады деп күтіледі. Наурыз айының 9-10 кезеңінде кезекті антициклонның әсерінен ауа райы тұрақтанады. Бірақ еліміздің солтүстігі, шығысы және орталығында температураның төмендеуі байқалып, түнде 10-20 градусқа дейін аяз, батыста, оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде 3-13 градусқа дейін аяз болады.

Ұзақ мерзімді болжам бойынша айдың бірінші жартысында, екінші және үшінші онкүндікте Орталық Азия ауданынан келген жылы ауа массаларының шығуымен ауа температурасы солтүстік жартысында 5-13 градус жылы, оңтүстік жартысында 13-23 градус жылы болады деп күтілуде. Ал наурыз айының екінші және үшінші онкүндігінің жартысында суық ауа массаларының енуімен ауа райы жауын-шашынды, суық басым болады деп болжанады.

ЭКСПО-2017 көрме аясында «The Spirit of Tengri» этномузыка фестивалі өтеді

Дереккөз: EXPO-2017 Астана

Астана қаласы, 28 ақпан 2017 ж.

«The Spirit of Tengri» этномузыка тобының 3 бірегей кеші  ЭКСПО-2017 көрмесінің мәдени бағдарамасы аясында өтетін болады.

The Spirit of Tengri – әлем халқы мен салтын фольклорлық әуенде шырқайтын кроссмәдени музыкалық жоба.

Аталмыш іс-шара 2017 жылдың 14 шілдесі, 12 тамызы мен  2 қыркүйегінде өтеді.

7qhyb64tblomhb98f86zt5no8axc7d

Елімізде өткен жылы өндірілген табиғи газдың көлемі рекордтық межеге жетті

Дереккөз: www.24.kz

Игерілген жалпы өнім көлемі 46,6 миллиард текше метр.

Ал құны 176 миллиард теңгеге жуықтайды. 21 миллиард текше метр табиғи отын шетел нарығына шығарылған. Қазақстан газының негізгі бөлігі Ресей еліне экспортталады. Өндірілген көгілдір отынның 34%-ы көршілес Атырау облысына тиесілі. Ал қалған 40%-ы Батыс Қазақстан облысының үлесінде. Қарашығанақ кенішіндегі газдың бастапқы қоры 1,35 триллион текше метрге тең. Алынған шикізат Орынбордағы газды қайта өңдеу зауытына жіберіледі.

Қансұлу Өтепқалиева, БҚО ЭТКШ басқармасының бөлім басшысы:

– Батыс Қазақстан облысында газ өндірумен «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» және «Жайықмұнай» секілді екі ірі кәсіпорын айналысады. 2016 жылдың қорытындысы бойынша газ өндіру көлемі 19 миллиард текше метрден асып жығылды. Бұл республика бойынша жалпы көлемнің 41%-ы, яғни біз бірінші орындамыз. 2015 жылмен салыстырғандағы өсім көлемі 7-8%дай.

Елордада «Экспо-2017» халықаралық көрмесіне қатысушылардың үшінші жиналысы басталды

Дереккөз: www.24.kz

453a38eed371ae93737c4009baec7656_l

Бүгін Астанада «Экспо-2017» халықаралық көрмесіне қатысушылардың үшінші жиналысы басталды.

Басқосуға дүние жүзінің 100-ден астам елінен келген делегаттар қатысып жатыр.

Айта кетейік, бүгінгі таңда 115 мемлекет пен 18 халықаралық ұйым «Экспо-2017» көрмесіне қатысатынын растады. Қазір делегацияларға павильондардың кілттері табысталып жатыр. Кейбір мемлекет өкілдері дайындыққа қызу кірісіп те кетті. Ал Ұлттық компания осы павильондармен тығыз жұмыс жүргізетін пиар-менеджерлер пулын әзірледі. Бүгінгі кездесуде бұл тізім ресми түрде жарияланады.

100-ден аса мемлекеттен 326 делегат халықаралық қатысушылардың үшінші жиналысына қатысты

Дереккөз: EXPO-2017 Астана

Бүгін Астанада ЭКСПО-2017 көрме  халықаралық қатысушылардың үшінші жиналысы өз жұмысын бастады. Бұл көрме алдындағы орталық және қорытынды шара болып отыр. Делегаттарға көрме жұмысының барлық бағыттары бойынша ақпарат беріліп, сондай-ақ, көрме уақытында аккредитация және басқару операцияларын жүргізу жұмыстары таныстырылды.

Жиналысты Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссерталес ашты. Ол өз сөзінде ЭКСПО-2017 көрмесінің ұйымдастыру жұмыстары қарқынды өтіп жатқанын және көрменің жоғарғы деңгейде өтетініне сенім білдірді.

“Мен бұл көрмені ұйымдастырып жатқан барша азаматтарға өз ризашылығымды білдіремін. Олар көрмені ұйымдастыруға барлық жағынан үлкен жауапкершілікпен қараған. Біз қазір көрменің соңғы кезеңіндеміз. Біздің ортақ жұмысымыз үлкен жетістік әкеледі деген үміттемін”- деді Лоссерталес.

“Астана ЭКСПО- 2017″ ҰК” АҚ Бас Төрағасы Ахметжан Есімов өз сөзінде халықаралық қатысушыларға павильондарды тапсыру жұмысы жүріп жатқанын атап өтті. Көптеген мемлекет құрылыс-монтаждық жұмыстарын жүргізуге кірісіп кетті.

“Көрменің басталуына 108 күн қалды. Сондықтан, біз қалған қатысушыларды өз павильондарының жұмыстарын жандандыруға шақырамыз”- деді ұлттық компания басшысы.

Көрме қатысушыларына ыңғайлы болу үшін әр түрлі бағыттағы опеарциялық жұмыстар қаралған. Бірыңғай қызмет көрсету орталығы өз жұмысын бастады. Онда визалық қолдау, салық, банктік, сақтандыру және басқа да мемлекеттік органдардың қызметтері жұмыс жасайды. “Аккредитация” ақпараттық жүйесі өз кезегінде, осы жұмыстардың  өту уақытын үнемдеуде.

Ұлттық секцияның Комиссарлары мен олардың отбасына және павильон жұмыскерлеріне ЭКСПО аумағында 1374 пәтерден құралған қалашық тұрғызылды. Сондай-ақ, Қазақстан шетелдік қонақтарға қолайлы болу үшін  45 мемлекеттің визасыз режимін дайындады.

Ахметжан Есімов қазіргі әлемдік талаптар көрме қатысушылары мен қонақтарына арналған қатаң қауіпсіздік шараларын өткізуді талап ететінін делегаттардың назарына ұсынды.

“Біз Милан мен Шанхай көрмелері, Сочи мен Рио-де Жанейро қалаларында өткен Олимпиада ойындары ұйымдастыру жұмысының тәжірибесін қарастырдық. Осы тәжірибеден біз барлық қауіпсіздік шараларының жұмыстарын еске алдық. Бұл көрмеге қатысушылардың барлығына максималды түрде қауіпсіздік шаралары қолданылады деген сөз”- деп атап өтті “Астана ЭКСПО- 2017” ұлттық компаниясының  Бас Төрағасы Ахметжан Есімов.

Сондай-ақ, көрме кезінде болашақ энергиясы саласында ең үздік жобаға “Космос” сыйлығы 20 мың еуро  ақшалай сыйлық табыс етеді. Сыйлық Халықаралық көрме бюросы және жапондық EXPO’90 фондына негізделіп,  жобаның дамуына бастау болады. Көрмеге Халықаралық көрме бюросына кіретін 160 мемлекеттен тұрғындар мен ұйымдар шақырылды. Байқаудың қорытындысы көрме соңында белгілі болады.

Халықаралық қатысушылардың жиналысы ертең өз жұмысын жалғастырады.

Бүгінгі күні 115 мемлекет пен 18 халықаралық ұйым ЭКСПО – 2017 көрмесіне қатысатындығын ресми түрде растады. Осы орайда, ЭКСПО көрмелерінің тарихында ЭКСПО-2017 қатысушы мемлекеттер саны бойынша ең үздік деп танылды.

597a9405

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Ресми интернет ресурс

16 ақпан күні сағат 16:30-да Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа отырысының онлайн-трансляциясы өтті.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика