Елімізде өткен жылы өндірілген табиғи газдың көлемі рекордтық межеге жетті | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Елімізде өткен жылы өндірілген табиғи газдың көлемі рекордтық межеге жетті

Дереккөз: www.24.kz

Игерілген жалпы өнім көлемі 46,6 миллиард текше метр.

Ал құны 176 миллиард теңгеге жуықтайды. 21 миллиард текше метр табиғи отын шетел нарығына шығарылған. Қазақстан газының негізгі бөлігі Ресей еліне экспортталады. Өндірілген көгілдір отынның 34%-ы көршілес Атырау облысына тиесілі. Ал қалған 40%-ы Батыс Қазақстан облысының үлесінде. Қарашығанақ кенішіндегі газдың бастапқы қоры 1,35 триллион текше метрге тең. Алынған шикізат Орынбордағы газды қайта өңдеу зауытына жіберіледі.

Қансұлу Өтепқалиева, БҚО ЭТКШ басқармасының бөлім басшысы:

– Батыс Қазақстан облысында газ өндірумен «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» және «Жайықмұнай» секілді екі ірі кәсіпорын айналысады. 2016 жылдың қорытындысы бойынша газ өндіру көлемі 19 миллиард текше метрден асып жығылды. Бұл республика бойынша жалпы көлемнің 41%-ы, яғни біз бірінші орындамыз. 2015 жылмен салыстырғандағы өсім көлемі 7-8%дай.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика