ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2017 жылдың 22-24 ақпан аралығында Астана қаласында «Экологиялық сараптама және табиғатты пайдалануды реттеу» тақырыбына қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін оқыту семинарын өткізді. | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2017 жылдың 22-24 ақпан аралығында Астана қаласында «Экологиялық сараптама және табиғатты пайдалануды реттеу» тақырыбына қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін оқыту семинарын өткізді.

Семинарда 8 маман оқытылды, соның ішінде:
• табиғатты пайдаланушы кәсіпорындардың мамандары – 3 адам;
• ҮЕҰ өкілдері және басқалар – 5 адам.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері:
«IOSC Central Asia» ЖШС; «Key Partners Group» ЖШС; «Жоғары технологиялар институты» ЖШС «Қазақстанның ядролық университеті» филиалы; «Л.Н. Гумилев атынндағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК; «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті» ЖМЖКББМ; «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ.
Дәріс оқығандар:
Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті директорының орынбасары;
Макенова Ризагуль Сериковна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Маденова Айгуль Есеркегеновна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы маманы.
Асербаева Гаухар Ризабековна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы маманы.
Семинар соңында білімді бағалауды өткізгеннен кейін куәліктер табыс етілді.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика