2014 жылғы 21 мамырда Астаналық экономикалық форум аясында Қазақстан Республикасы қоршаған орта және су министрлігі, «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігі және ЮСАИД Орталық Азиядағы уәкілдігі бірлесіп ұйымдастырған «Smart Green Business Forum» панельдік сессиясы өтті.
Көтеріліп жатқан тақырыптың өзектілігі сессия барысында талқыланған мәселелер шеңберін анықтады:
• «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын ілгерілету механизмдері;
• Климаттың өзгеруін бәсеңдетудің нарықтық тетіктері;
• «Жасыл» экономикаға бағытталған білім трансферті;
• «Жасыл» бизнеске инвестициялардың тартылуын ынталандыру;
• Орман шаруашылығы секторындағы кәсіпкерлікт дамытуі;
• Бизнес шешімдер: таза судың қолжетімділігі.
Сессия жұмысына ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров, «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығының директоры, профессор Бақыт Есекина, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Аурелия Бушез, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының (UNEP) өкілі Нара Лувсан, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, шет елдердің Қазақстандағы дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, әйгілі шетелдік ғалымдар, сарапшылар мен бизнес-компаниялардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Шара барысында Нобель сыйлығының лауреаты, Ресей Ғылым академиясының «Машиналардың ірі жүйелерінің беріктігі және ресурсы» ҒЗИ директоры, ресейлік сапа мәселелері академиясы мен Вашингтон ғылым академиясының мүшесі, профессор Святослав Тимашев, USAID Орталық Азиядағы экономикалық даму бөлімінің директоры Майкл Трублад, Еуропалық жаңғырту және дамыту банкінің энерготиімділік және климаттың өзгеруі мәселелері жөніндегі бас менеджері Найджел Джолландс, Жаһандық «жасыл» өсу институтының Солтүстік-Шығыс және Орталық Азияда жоспарлау және ендіру жөніндегі директоры Дженифер Батц, Германияның Федералды қоршаған орта, табиғи ресурстар және ядролық қауіпсіздігі министрлігінің Орталық және Шығыс Еуропа елдері, Таяу Шығыс және Орталық Азия аймағы мен жаңа тәуелсіз мемлекеттермен ынтымақтастық Департаментінің басшысы Юрген Кайнхорст, FLERMONICA аймақтық директоры (Ормандар мен биоалуантүрлілікті басқару, қоршаған орта жағдайын бақылау) Штепан Унчовски, Польшаның қоршаған орта және су шаруашылығы жөніндегі Ұлттық қорының өндірістік жобалар бөлімінің бас сарапшысы М. Ямелковски, Green Bridge Forum Riga жобасының басшысы Андрейс Пумпурс баяндамалар жасап, тұсаукесерлерін ұсынды.
«Smart Green Business Forum» алаңында ұсынылған тақырыптар бойынша кең ауқымды пікірталас өтті. Күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді талқылаған сессияға қатысушылар «жасыл» реформалардың өткізілуі мен «жасыл» бизнесті ынталандырудың қажеттігін атап өтіп, Дүниежүзілік Дағдарысқа қарсы жоспар жобасына енгізу үшін бірқатар ұсыныс қабылдады.
Сонымен қатар сессия аясында ынтымақтастық жөніндегі меморандумдарға қол қойылды. бекітілді.
Дамыған елдердің G-20 Декларациясына сәйкес, сондай-ақ халықтың өмір сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету, қазіргі және болашақ буын игілігі үшін табиғи капиталды ұқыпты пайдалану және сақтау мақсатында «жасыл» экономикаға көшу және орнықты даму бойынша міндеттемелер алғандықтары көпшілікке белгілі.
Орнықты даму мен оны жоспарлаудың кешенді тәсілдемелерін белгілеу барысында осы мемлекеттердің ұстанатын «жасыл» қағидаттары экономика салаларын басқару жүйелеріне енгізіліп, табиғи капиталдың сақталуына септігін тигізетін «жасыл» инвестициялардың тартылуын ынталандыруды, smart технологиялардың ендіруді, жаңа білім трансфертін, қызмет көрсету жүйелерін реформалау мәселелерінің қарастырылуы тиіс.
Британдық экономист Николас Стернның пайымдауынша, климаттың өзгеруі 10-15 жылдың өзінде жылдық шығын мөлшерін дүниежүзілік жалпы өнімнің 5% дейін жеткізуі мүмкін (2100 жылы – 20%). Мұндай болжамдарды «жасыл» технологиялардың дамуы өзгерте алады. Мысалға, Германияда 4 жыл ішінде (2009-2012 ж.ж.) күн энергетикасын өндіретін құрылғылардың жалпы қуаты 26 Гвт дейін жеткізілді. Олардың 70% жеке тұлғалардың, фермерлердің, шағын және орта кәсіпорындардың меншігінде. Бұл парниктік газдар шығарындылары көлемін азайтуға айтарлықтай үлес қосады. Сонымен қатар, Данияның мысалын келтіруге болады. Бұл мемлекет 1980 жылдан бері энергияны тұтыну көрсеткіштерін өзгеріссіз қалдырып, ЖІӨ деңгейін 80% өсіре білді.
«Жасыл» бизнестің дамуы табиғи капиталды тұтынуды азайтып, оны қолданудың тиімділігін арттырады. ЭЫДҰ мүше елдердегі экологиялық салықтан келетін түсімдер үлесі 0,1 пайыздан 4%-ға дейінгі аралықта. Бұл «жасыл» экономикаға көшудің әлеуметтік пайдасы мен халық өмірі сапасының өсуіне қоса экономикалық тұрғыдан тиімді екендігін көрсетеді. Ендеше ірі, орта және шағын бизнес өкілдерінің «жасыл» экономиканың артықшылықтары мен ролін түсінуі өте маңызды мәселе.
Осы орайда «Smart Green Business Forum» панельдік сессиясы мемлекеттік органдардың, ғалымдар мен сарапшылардың, сондай-ақ, бизнес пен үкіметтік емес ұйымдардың даму механизмдері арқылы «жасыл» экономиканы ілгерілету мен «жасыл» бизнесті қолдау жолындағы ынтымақтастығы мәселелерін талқылауға арналып ұйымдастырылды.
АЭФ аясында Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрі Н. Қаппаров БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Ноэлин Хейзермен кездесті. Кездесу барысында «Жасыл Көпір» Серіктестік бағдарламасын ілгерілету және Астана EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге дайындық шеңберіндегі өзара әрекеттесу перспективалары талқыланды..
ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі