Н. Қаппаров АҚШ президентінің арнайы көмекшісімен кездесті | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Н. Қаппаров АҚШ президентінің арнайы көмекшісімен кездесті

2014 жылдың 16 маусымында Астанада Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров Америка Құрама Штаттары президентінің арнайы көмекшісі, АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің Ресей және Еуразия жөніндегі аға директоры Селесте Уолландермен кездесу өткізді.

Кездесу барысында екі елдің арасында «жасыл» экономика және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды.

Сонымен қатар тараптар «Астана EXPO-2017» халықаралық көрмеге дайындық барысы мен оны өткізу мәселелері бойынша ой бөлісті.

Нұрлан Қаппаров еліміздің «жасыл» экономикаға көшуіне байланысты дамыған елдермен тәжірибе алмасу мен «жасыл» технологиялар трансфертіне, сондай-ақ инвестициялар тарту арқылы Орталық Азия елдерінде су инфрақұрылымы, қалдықтарды басқару, жаңартылатын энергия көздері салаларындағы жобаларды іске асыруға мүдделі екендігін жеткізді. Осы орайда ол Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған  «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы жөнінде баяндады.

Н. Қаппаров Америка Құрама Штаттарын осы бағытта ынтымақтастықты нығайтып, «Жасыл көпір» бағдарламасына қатысушы елдер қатарына қосылуға шақырды.

Өз кезегінде Селесте Уолландер АҚШ-ның Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуін қолдайтындығын, сондай-ақ, осы бағыттағы ынтымақтастықты нығайту қажеттігін атап өтті.

ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика