2014 жылғы 19 маусымда Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы мен Маңғыстау облыстық ІІД-нің табиғат қорғау полициясы қызметкерлерімен бірлесіп өткізген балық қорғау рейдтік іс-шаралары барысында, Түпқараған ауданының «Санасар» мекені маңында Ақтау қаласының тұрғындары отырған «ВАЗ-21213» маркалы автокөлігін тоқтатып тексерді.
Нәтижесінде көліктен жалпы салмағы 40 кг құраған 21 бекіре тұқымдас балық табылды.
Жиналған материал құқық қорғау органдарына процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды.
ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі