Қоршаған ортаға эмиссия қысқаруы мүмкін | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Қоршаған ортаға эмиссия қысқаруы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда қоршаған ортаға эмиссияны қысқарту қарастырылады. Бұл туралы бүгін Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында мәлім болды. Комитетте «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланған болатын.

«Заң жобасы бірқатар жаңа нормаларды қамтып отыр. Біріншіден, қоршаған ортаға эмиссияны қысқарту көзделеді. Екіншіден, экология саласында мемлекеттік органдар тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің саны қысқарады. Үшіншіден, құрлықтық қайраңдарда табиғатты пайдалану құқығын жүзеге асыру барысында мемлекеттік шекараны кесіп өтудің кейбір мәселелері реттеледі», – деді Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов.

Оның айтуынша, құжатта ілеспе газдарды жағу саласындағы мемлекеттік органдардың бірқатар функцияларын орындау оңтайландырылады. Тұтастай алғанда, заң жобасымен «Жер қойнауы туралы», «Жер қойнауын пайдалану туралы» және  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр.

Заң жобасы алдағы уақытта өтетін палатаның жалпы отырысына шығарылмақ.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика