АСТАНА. ҚазАқпарат – 23 сәуірде Астанада экологиялық айлық пен жалпықалалық сенбіліктер басталады. Бұл туралы бүгін Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында айтылды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Отырыс барысында елорданың сыртқы келбетіне қатысты мәселелер көтеріліп, осы бағыттағы жұмыстар айтулы даталарға орайластырумен ғана шектелмеуі тиіс екендігі атап өтілді.
Астанада халық пен бизнестің белсенді қатысуымен «таза бейсенбі» шаралары, экологиялық полициямен бірге рейдтер тұрақты түрде өткізілуі керек.
Бұл ретте әрбір қала тұрғыны, әрбір кәсіпкер немесе ұйым елорданы абаттандыруға қатысты екендігін сезінуі керек.