Алматыда жарық диодты шамдар мен LED экран шығаратын зауыт ашылды | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Алматыда жарық диодты шамдар мен LED экран шығаратын зауыт ашылды

Өндіріс орны «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында орналасқан.  Қазір жаңа кәсіпорында 50 адам жұмыс істейді. Зауыт толық қуатына жеткен кезде тағы 100 адам жұмыспен қамтылады.  Инновациялық зауытта оңтүстіккореялық технология қолданылады. Кәсіпорын жылына 400 мың жарық диодты шам, 25 мың LED-экран шығаруды жоспарлап отыр. Бұл шамдар электр қуатын үнемдеуге септігін тигізеді. Ең бастысы ішінде сынабы жоқ. Қанат Нұрекенов, зауыт директоры -Біздің партнерымыздың технологиялары негізінде неше түрлі жарық диодты өнімдер шығара аламыз. Салыстырмалы өнімдерге қарағанда біздің бағамыз 30 пайызға дейін арзандау болады. Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан жаңа технологияларға ерекше көңіл бөліп отыр. «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының ашылуы соның дәлелі. Бүгінде арнайы аймақтағы компаниялар табысты жұмыс істеп келеді.   Нұрлан Көпбосынов, «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА Комитет төрағасы      -150-ден артық компания тіркелген. Жыл сайын елдің, мемлекеттің бюджетіне 2,5 миллиардтан артық ақша түсіп отыр. 3 мыңнан артық жұмыс орны ашылған. Инновациялық технологиялар паркіндегі кәсіпорындар біртіндеп сыртқы нарыққа да шыға бастады. Ай-ти, электроника және байланыс құралдары көршілес Иран, Өзбекстан, Қырғызстанға экспортталуда. Ерлан Әукенов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары -Алматы қаласында жүзеге асып жатқан Индустриаландыру картасы бағдарламасының негізгі мақсаты – экспортқа бағытталған кәсіпорындарды құру. Шетелдік озық технологияларды трансферттеу арқылы импорттың үлесін азайта аламыз. Бүгін ашылған жаңа зауыт – «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының екінші кезегінің алғашқы қарлығашы.  Жоспарға сәйкес барлық инфрақұрылымы бар 150 гектар кешеннің толық құрылысы қыркүйек-қазан айларында аяқталады. Қазірдің өзінде 8 компания арнайы аймақтан жер алып, кәсіпорын ашуға өтініш білдіріп отыр.

Дерек көзі: www.khabar.kz

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика