Шымкенттегі хайуанаттар бағына Қызыл кітапқа енген жануарлар әкелінді | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Шымкенттегі хайуанаттар бағына Қызыл кітапқа енген жануарлар әкелінді

Дереккөз: www.24.kz

580ecbd8b62431d99953b10ca1ceedd6_L

Шымкенттегі хайуанаттар бағы тағы бес бірдей өте сирек кездесетін жануарлармен толықты.

Олардың барлығы тұқымы құрып бара жатқан соң Қызыл кітапқа енгізілген аңдар. Ресейдің Ярославль қаласындағы зообақтан бұранда мүйізді теке мен ешкі және Африкалық Канна антилопасының жұбы, сондай-ақ қодас әкелінді. Жануарлар біртіндеп жерсініп, көпшілікке үйренісіп келе жатыр, – дейді мамандар. Ал қодасқа ерекше күтім жасалуда. Өйткені бұл жануар негізінен Еуропаның ылғалды, салқындау аумағында өмір сүреді. Негізі Шымкенттегі хайуанаттар бағында 1980 жылдары Канна антилопасы мен Еуропа қодасы болған. Ал бұранда мүйізді тауешкісі өте сирек кездеседі. Олардың алғашқы жұбы былтыр Новосібірдегі зообақтан әкелінген.Тау ешкісі биыл төлдеді.

Латипша Алиев, «Шымкент зообағы» МҚК басшысының орынбасары:

– Каннаның табиғи жаратылысы біздің ауа райына келеді. Ал бұранда мүйізді тау ешкісін болашақта біздің таулы аумаққа жібереміз. Зубрға біз жағдай жасауымыз керек. Әсіресе 2-3 ай жазда су бүркіп. көк шөп пен дұрыс жем береміз. Бәрі жақсы үйренеді, жақсы болады.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика