Дереккөз: EXPO-2017 Astana
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы отандық туроператорлармен бірлесе отырып, мазмұны жағынан маңызды әрі мейлінше қызықты түрлі экскурсия маршрутын әзірледі. Демек, көрмеге келген әрбір турист астанамыздың көрікті жерлерімен танысып қана қоймай, Қазақстанның тарихи және мәдени нысандарын көру мүмкіндігіне ие болады.
Бүгінгі таңда туристік тізімге еліміздің ұлттық парктері (Шыран шатқалы, Бурабай және т.б.) бойынша экологиялық турлар, БҰҰБҒМҰ (ЮНЕСКО-ның) бүкіләлемдік мұралар тізіміне кіретін тарихи-мәдени нысандарды (Қожа Ахмет Яссауи, Тамғалы және т.б.) аралау маршруттары, сондай-ақ, «Байқоңыр» ғарыш айлағында ракетаның аспанға ұшырылуын бақылау және т.б. арнайы турлар ұйымдастырылды.
Өңірлердегі туристік қызмет көрсету спекторын кеңейту Астана қаласында өткізілетін Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесінің аясында жүргізіліп жатыр. Бұл қазақстандық трэвел-индустрияның дамуына ықпал етері анық.
Айта кету керек, 2016 жылдың 10 маусымынан бастап «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне билеттер сатыла бастады. Қазіргі таңда туроператорларға арнайы тиімді баға қойылып отыр. Яғни 2016 жылдың 10 шілдесі мен 10 тамызы аралығындағы промо кезеңде туроператорлар көрмеге билетті арнайы бағамен сатып ала алады.
Базалық пакет 2000 теңгеден басталып, күні белгіленген немесе күні белгіленбеген билеттерден құралады. Сатып алатын билет көлемін неғұрлым ұлғайтқан сайын, билет құнына деген жеңілдік те соғұрлым тиімді болады. Сатып алынатын билеттердің көлеміне шектеу қойылмайды.
Толығырақ ақпарат алу үшін көрменің ресми билеттік операторының ресми сайты – tickets.expo2017astana.com ақпарат қалдыруға болады.