ЭКСПО-2017 нәтижелері бойынша баспасөз хабарламасы | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

ЭКСПО-2017 нәтижелері бойынша баспасөз хабарламасы

Дереккөз: www.kz.energo.gov.kz

2017 жылғы 22 қыркүйекте ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің баспасөз орталығында ҚР энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиевтің қатысуымен ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің нәтижелері бойынша баспасөз конференциясы өтті.

ҚР Энергетика министрлігі Нұр-Әлем ұлттық павильонында орналастыру үшін 28 отандық әзірлемені таңдады. Аталған жобалар келесі бағыттарды қамтиды: жаңартылатын энергия көздері (Альберт Болотов, Марат Кошумбай, Николай Буктуковтың жобалары), қалдықтарды басқару саласында (Александр Устименко, Сергей Требуховтың жобалары), энергиялық тиімділік (Амангельды Таукенов, Асқар Арынгазин, Диас Байсеитовтің жобалары) және тағы басқалары.

Сонымен қатар ЭКСПОда ұсынылған алдыңғы қатарлы шетел технологияларын еліміздің экономикасына енгізу үшін ҚР Энергетика министрлігі сарапшылар жұмыс тобын құрды. Оның құрамына ҚазМұнайГаз, ҚазТрансГаз, КЕГОК және т.б. ұлттық компаниялардың 40-тан астам сарапшылары, сондай-ақ энергетиканың әр түрлі секторынан сарапшы-талдаушылар, министрлік өкілдері және құрылымдық бөлімшелердің өкілдері кіреді.

Сарапшылар жұмыс тобы Австрия, Германия, Нидерланды, Ресей, Финляндия және тағы басқа елдерден 105 технологиядан тұратын тізім әзірледі. Ерекшеліктеріне қарай аталған технологиялар 4 бағытқа бөлінді:

– мұнай және газ – 27 технология,

– көмір және атом өнеркәсібі – 5 технология,

– электр энергетикасы, энергияны үнемдеу және ЖЭК – 44 технология,

– экология, соның ішінде қалдықтарды басқару, су тазалау, ауа сапасын бақылау – 29 технология.

Қазіргі уақытта 105 технологиядан 42 технология 9 отандық компанияда толық зерттеленуде, 14 технологияны 2 университет және 12 жобаны 2 әкімдік қарастыруда.

Қажетті мәліметтермен технологиялардың тізімі Министрліктің сайтында орналастырылған (жобаларға сілтеме: http://energo.gov.kz/index.php?id=7), сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға және 170 компанияға жолданды.

ҚР ЭМ Баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика