Жасыл экономикаға көшу жолында: Қазақстан екінші стратегиялық экологиялық бағалау тәжерибелік базасының ұлттық жүйесін құруды бастады | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Жасыл экономикаға көшу жолында: Қазақстан екінші стратегиялық экологиялық бағалау тәжерибелік базасының ұлттық жүйесін құруды бастады

Дереккөз: www. energo.gov.kz

Қазақстан халықаралық нормаларға сәйкес экономиканы көгалдандыру құралы ретінде стратегиялық экологиялық бағалау (СЭБ) механизімін ендіру бойынша жұмыстарды бастады. СЭБ мемлекеттік жоспарлау процессін оңтайландыруға және халық денсаулығы әлеуетіне ауыл шаруашылығы, энергетика, өнеркәсіп, жер пайдалану, көлік, өңірлерді дамыту, қалдықтарды басқару және су ресурстары сияқты экономика секторларында қателіктерге  және қоршаған ортаға әсерін бағалау жүргізу арқылы алдын алуға мүмкіндік береді.

СЭБ механизімін әзірлеу маңыздылығы туралы экономикалық әлеуетті және еліміздің ұлттық  құндылығын ескеретін және қолданыстағы заңнамаларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу (ең алдымен Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі) 2017 жылғы 15 қарашада Астана қаласындағы халықаралық сарапшылардың қатысумен өткен ведомствааралық дөңгелек үстел жөнінде сөз қозғалып отыр.

Екіншіден, Қазақстанда СЭБ жүйесінің тәжерибелік фазасын құру халықаралық стандарттарғасәйкес 2016-2017 жылдары өткізілген ұлттық заңнамалар үлгісіне және оны жүргізуге бойынша ұстанымдар әзірлеуге арналған жұмыстың логикалық жалғасы болып табылады. 2016 жылғы сәуірде  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің экология және табиғатты пайдалану жөніндегі комитеті мүшелерінің және ҚР Энергетика министрлігі қызметкерлерінің қатысуымен реформаны өткізу маңыздылығы дөңгелек үстелде талқыланды.

Қазақстанға жобаның екінші кезеңін іске асыру кезінде техникалық көмек БҰҰ Еуразиялық экономикалық комиссия  (БҰҰ ЕЭК) және Астана қаласындағы ЕҚЫҰ-ның бағдарлама кеңсесі Еуропалық Одақпен қаржыландырылатын «Қазақстанның жасыл экономика моделіне көшуге қолдау көрсету» жобасы шеңберінде көрсетеді.

Үкіметтің құрылымы және ұлттық және халықаралық сарапшылар қоғамдық топтарының пікірлері ескеріліп  құралдары ретінде экономиканы көгалдандыру үшін СЭБ және ҚОӘБ ендіру үшін ұстанымдар әзірлеуде.

Сонымен бірге, Астана қаласында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және энергетика саласында экологиялық тұрақты дамуының қолайлы деңгейіне қол жеткізуге, Қазақстанда СЭБ одан әрі зерттеуге және тәжірбие жүзінде қолдануға бағытталған пилоттық жоба іске асырыла бастады. «Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейін отын-энергетика кешенінің тұжырымдамасы» процедурасын жүргізу үшін таңдалған бағдарламалық құжат болды.

2017 жылғы 8-9 қарашада өткен пилоттық жобаны іске асыру туралы бірінші жұмыс барысында мемлкеттік қызметкерлер мен ұлттық сарапшылар СЭБ әдіснамасы және үрдісімен егжей-тегжейлі  танысып, экология, энергетика, денсаулық сақтау және биоалуантүрлілік саласындағы мамандардың қалыптасқан ұлттық командасы жағдайды бастапқы талдау үшін халықаралық сарапшылардың қолдауымен іске кірісті. Келесі кезеңде сарапшылар еліміздің отын-энергетикалық кешенін дамытудың түрлі сценарийлерін қарастырып, қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерін анықтайды және теріс салдарын болдырмау жөніндегі шараларды ұсынады.

Жобаның жалпы аяқталуы, соның ішінде Қазақстанда ұлттық СЭБ жүйесін практикалық құру бойынша сараптамалық кеңестің келісілген таныстырылымы 2018 жылдың қазанына жоспарланған.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика