Алматыдағы «Шелек фермерлері» кооперативі жылына 400 тоннаға жуық көкөністі нарыққа шығарады | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Алматыдағы «Шелек фермерлері» кооперативі жылына 400 тоннаға жуық көкөністі нарыққа шығарады

Дереккөз: www.24.kz

3caf345698c2b9f020c480e3a876aa4c_l

Агросекторды дамытуға арналған кешенді бағдарламаны іске асыруда еліміз бойынша Алматы облысы едәуір оң нәтижеге қол жеткізіп отыр.

Мәселен, Еңбекшіқазақ ауданында құрылған «Шелек фермерлері» атты кооперативтік жоба өзінің өміршеңдігі мен тиімділігін дәлелдеп үлгерді. 22 ұсақ шаруа қожалығының басын біріктірген кооператив көкөніс және бау-бақша өнімдерін өсірумен айналысады. Бастапқыда ірі бизнестің қолдауымен жобаға 1 млн 200 мың доллар инвестиция тартылған болатын. Бұл қаржыға инфрақұрылымы қалыптасып, білікті мамандар дайындалды. Нәтижесінде өңірдегі ұсақ қожалықтар өз өнімін делдалсыз-ақ тікелей тұтынушыға сатуға мүмкіндік алды. Соңғы үш жылда «Шелек фермерлері» Алматыдағы ірі сауда орындарымен келісімшарт жасасқан. Қазір кооператив Алматыны көкөністің төрт түрімен тұрақты түрде қамтамасыз етіп отыр. Алдағы уақытта 15 жылыжай мен жеміс-жидек сақтайтын қоймалар салу да жоспарда бар. Жалпы бірлескен кооператив жылына 400 тоннаға жуық көкөністі нарыққа шығарады.

Бақытгүл Елшібаева, Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қауымдастықтар қорының атқарушы директоры:

– Біздің міндетіміз – ұсақ фермерлердің басын қосып, олардың бірге жұмыс істеуіне ықпал ету, солардың аяқтарына нық тұрып кетуіне ықпал жасау, соларды сатуға үйрету, логистикаға үйрету, құжаттарды дұрыс жасауға үйрету.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика