Дерекөз: www.24.kz
Алдағы уақытта еліміздің көп бөлігінде күн суытады. Оған Скандинавия түбегінде пайда болған антициклон себеп.
Жалпы алдағы үш тәулікте еліміздің біраз өңірінде қар жауып, қатты жел тұрады. Солтүстік, Орталық және Шығыс облыстарда бұрқасын болуы мүмкін. Ал «еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймағында көктайғақ болады» деп ескертеді синоптиктер.
Гүлдәурен Есбосынова, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі:
– Астана қаласы бойынша 11 қантарда қар жауатын болады. Бұлтты. Ауа температурасы 6,8 градус аяз және одан ары төмендеуі күтілуде. 12 қаңтарда ауа температурасы бізде минус 11,13 градус. Күндіз де, түнде де аяз күтілуде. 13 қаңтарда минус 18, 20 түнде де, күндіз де күтіліп, секундына 15-20 метрге желдің күшеюі күтілуде.