Елімізде «жасыл» технологиялар орталығы ашылады | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Елімізде «жасыл» технологиялар орталығы ашылады

Дереккөз: www.24.kz

8ad91e86ac0424d49d2ea0fd7b6aac8d_l

Биыл маусым айында Электр энергетикасын дамыту және үнемдеу институты жанынан халықаралық «жасыл» технология орталығын ашылады.

Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында институттың басқарма төрағасының орынбасары Олжас Әлібеков мәлімдеді. Орталық халықаралық компаниялармен жұмыс істейді. Сондай-ақ жаңа технологияларды елге алып келу, оларды тізілімге қоюмен және оны сараптамадан өткізумен айналыспақ.

Мұнда жобалардың экологиялық, энергетикалық тиімділігі мен инновациялық мүмкіндігі сыналады. Қазақстанда жаңа технологияның дамуына ЭКСПО-2017 көрмесінің айрықша әсер еткенін атап өткен жөн. Қазір 100-ден астам шетелдік, 30-ға жуық отандық технология бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оған Дүниежүзілік банк қаржылай қолдау көрсетпек. Грант аясында 89 жобаны жүзеге асыру көзделген. Қазір оның 19-ы дайын.

Олжас Әлібеков, «Электр энергетикасын дамыту, үнемдеу институты» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

– Банктің 21,7 млн доллар гранты бар. Сол гранттың шеңберінде мектептерді, балабақшаларды, одан басқа сыртқы жарықтарды, көше жарықтарын модернизациялау көзделіп отыр. Сонымен бірге энерготиімділік картасын жүргізіп отырмыз. Оның ішінде жобалар бар, өнеркәсіпке қатысты мемлекеттік жобалар бар.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика