Атырау соты 4 браконьерге 252 млн теңге көлемінде айыппұл салды | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Атырау соты 4 браконьерге 252 млн теңге көлемінде айыппұл салды

Дереккөз: www.24.kz

3bb2a727d31ada670325d7ff00755273_l

Атыраулық заңсыз балық аулаушы топ мүшелері сазайын тартты.

Естеріңізде болса, былтыр қараша айында Каспий теңізінде ірі көлемде бекіре балығымен ұсталған браконьерлер туралы ақпарат берген болатынбыз. Теңіз жағалауына жақын Жанбай ауылының 4 тұрғыны 304 дана бекіремен қолға түскен еді. Аулауға мүлде тыйым салынған қызыл балықтардың жалпы салмағы 1 тонна 89 килограмды құрады. Табиғи байлықты түгесіп, жыл санап тұқымы сиреп бара жатқан су маржандарына осынша қаскөйлік жасаған төртеуге қатысты сот үкімі шықты. Дегенмен кінәсін толық мойындаған теңіз қарақшыларына сот түсіністікпен қараған секілді. Тәркіленген балықтар мен қайық, ау-құралдары мемлекет пайдасына шешілді. Енді төрт браконьердің әрқайсысы 63 млн теңгеден айыппұл төлеуі тиіс.

Мирас Ғабдолхаев, облыстық соттың баспасөз хатшысы:

– Сот үкімімен оларға ҚР ҚК 336-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылды. Сот сотталушылардың кінәларын мойындап жасаған әрекеттеріне өкінетіндіктерін, сондай-ақ өзге де жазаны жеңілдететін мән-жайларды ескеріп, оларға өмір бойы балық аулау құқығынан айырып, 2 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Және сот үкімімен олардан қоршаған ортаға келген 252 млн теңге көлеміндегі залалды өндіру туралы шешім қабылданды.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика