Арман Евнивтің айтуынша, салада қаржының жетпеуі қиындық тудыруы мүмкін. Жауапты министрлік қаржыландыру мен лизингтің төмендеуіне қатысты факторларға талдау жасап, нәтижесінде несиенің қымбаттығы мен шаруалардың кепілге қояр мүлкінің жеткіліксіз болуын анықтаған. Сондай-ақ бастаған бизнестің өзін-өзі ақтау мерзімі де ұзақ. «Түйткілдің түйінін тарқатудың жолы бар», – дейді Арман Евнив. Ол үшін қосымша қаржы бөлу қажеттігін айтты. Статистикаға сүйенсек, несиелеу 292 миллиардтан 222 миллиард АҚШ долларына дейін, яғни 24 пайызға төмендеген. Лизинг бойынша да несиелеу 62-ден 42 миллиард теңгеге немесе 30 пайызға азайған.
Арман Евниев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:
– Біздің министрлік нақты нарықтық шараларды ұсынып отырмыз. Яғни негізгі қаржының несиесі бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидиясы мен ауыл шаруашылығы техникасына берілетін лизингті жүйелендіру керек. Бұл өз кезегінде несиелік жүктемені жеңілдетіп, несиелеуді арттырады. Оған қоса ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуға мүмкіндік береді. Сонда ғана көп өнім алуға мүмкіндік бар.
Жеңіс Нұрғалиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
– Еңбек өнімділігіне қатысты мәселе бар. Жаңа техникалармен жарақтандыру. Бүгінгі күні инвестициялық субсидиялар оған мүмкіндік беріп отыр. Ал жаңа технологияларға қол жеткізу арқылы Елбасы жолдауында көрсетілген мәселелерді шешудің бірден-бір жолы.