СҚО-да жаздық бидайдың жаңа үлгісі мол өнім берді | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

СҚО-да жаздық бидайдың жаңа үлгісі мол өнім берді

Дереккөз: www.24.kz

тандық ғалымдар Солтүстік Қазақстан облысында жаздық бидайдың тағы бір түрін егіп, мол өнімге қол жеткізді.

Биыл Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының қызметкерлері мен жергілікті диқандар бірінші рет 500 гектар жерге дәнді-дақыл тұқымын сеуіп, өндірістік тәжірибесін жүргізді. Нәтижесінде гектарынан 40 центнер астық шықты. Бұл – жоғары көрсеткіш. Сонымен қатар шаруалар егістік алқабына азотты тыңайтқыштар сеуіп, бидайдың өнімділігін арттырудың тиімді тәсілін тапты. Басты мақсат өсімдік шаруашылығын әртараптандырып, сапалы тұқым шығару болып табылады. Бұл өз кезегінде Елбасы жолдауында айтылған: «агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін кем дегенде 2 жарым есеге арттыруға мүмкіндік береді», –дейді ғалымдар.

Кенже Абдуллаев, А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының директоры:

– Бұрындары біз кішкентай ғана жерлерде тәжірибе жүргізсек, бүгінде өндірістік тәжірибеге көшіп отырмыз. Ең жақсы көрсеткіштерді 20-30 мамыр аралығында егілген орташа тұқымдар көрсетіп отыр. Диқандардың алға қойған мақсаты мен міндеттері ауқымды. Бүгінгі күнге дейін олар гектарына 25 центнерден өнім алып отырса, біздің орталықтың берген ұсыныстарын орындай келе гектарынан 40 центнер өнім жинайды.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика