ҚР Энергетика министрлігінде Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының мәселелері талқыланды | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

ҚР Энергетика министрлігінде Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының мәселелері талқыланды

Дереккөз: www.energo.gov.kz

2018 жылдың 20 тамызында «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының» мәселелерін талқылау бойынша отырыс өткізілді.

Аталған отырыста келесі сұрақтар талқыланды:

1. «Үздік тәжірибелер аймағы» павильонында «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығын» орналастыру;

2. Халықаралық «жасыл» технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының жұмыс істеуі үшін 2018 жылға және 2019-2021 жылдарға қаржыландыру;

3. Орталықтың жұмыс істеуі бойынша қолданыстағы заңнамаға толықтырулар мен өзгертулер енгізу.

Осы отырысқа Ұлттық экономика және қаржы министрліктерінің, «ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ және Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының және ҚР Энергетика министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика