Еліміздегі бал өнімдерінің 75 пайызы ШҚО-да өндіріледі | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Еліміздегі бал өнімдерінің 75 пайызы ШҚО-да өндіріледі

Дереккөз: www.24.kz

Шығыс Қазақстан облысында бал экспортын еселеп арттыру көзделіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кету керек, еліміздегі бал өнімдерінің 75 пайызы осы өлкеде өндіріледі. Жалпы жылына аймақта 2 мың тоннаға жуық тәтті жиналса, осының тең жартысы шет елдерге шығарылады екен. Енді бұл көрсеткіш бұдан да өседі деп жоспарлануда. Өйткені аймақтағы кейбір омарта шаруашылықтары экспорттаушылар тізіміне еніп отыр. «Бұл тауар тасымалдауды жеңілдетіп, құжаттар қатарын азайтады», – дейді шаруалар. Мәселен, 20-дан астам омартасы бар ірі ара шаруашылығы осыған дейін көршілес Қытай еліне 30 тоннаға жуық бал өткізіп келіпті. Енді оны 10 есеге арттырмақ. Қазір бұл тұрғыда алдын ала келісімшарттар да жасалған. Тіпті қарашаның басында өтетін Шанхай халықаралық сауда көрмесіне сынама ретінде 90 келіге жуық бал жіберілді.

Валерий Қасымбаев, омарта шаруашылығының жетекшісі:

– Бал экспортын мың тоннаға дейін жеткізуге болады, ол үшін толық мүмкіндік бар. Қытай елі біздің өлкенің балын өте жоғары бағалайды.Тек өз тарапымыздан бұл салада инновациялық технологияны жиі пайдалануымыз керек. Біз осы экспорт әлеуетін арттыру мақсатында балды өңдеп, оны белгілі талаптарға сай сұрыптайтын автоматты қондырғылар сатып алдық, енді шаруашылықта соны қолданатын боламыз.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика