Дереккөз: www.energo.gov.kz
2018 жылғы 26 қазанда ҚР Энергетика Вице-министрі С. Нұрлыбайдың төрағалығымен «Климаттың өзгеруі және оның салдарымен күрес бойынша шұғыл шаралар қабылдау» 13 мақсатты талқылау бойынша «Планета» жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.
Отырыста 2019 жылға арналған «Планета» жұмыс тобының жұмыс жоспар-графигінің жобасы қарастырылды, сонымен қатар, ҚР ЭМ Климаттың өзгеруі жөніндегі Департаментті директоры саясатта және ұлттық деңгейде стратегияда, жоспарлауда климаттың өзгеруіне әсер ету шараларын енгізу мәселесі бойынша, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төраға орынбасары қауіпті климаттық көріністерге және табиғи апаттарға бейімделуге мүмкіндігін және артқа шегінуін арттыру мәселесі бойынша, БҒМ Білім комитетінің төрағасы климаттың өзгеруі проблемалары бойынша ақпараттарды таратуды, жариялауды жақсарту мәселесі бойынша баяндады.
Энергетика министрі 5 Орнықты даму мақсаттарын (ОДМ), 46 тапсырмасын және 56 индикатор бойынша (шөлді экосистеманы орнықты пайдалану және су ресурстары, климаттың өзгеруі, тұрақты өндіру және тұтыну) «Планета» жұмыс тобын басқарады.
Аталған ведомствааралық топтардың отырысын әр тоқсанда бір рет өткізу жоспарлануда. Негізгі мақсаттары: Қазақстанда ОДМ одан әрі жету бойынша ұстанымдар әзірлеу, ОДМ жету бойынша пікір алмасу, халықаралық ұйымдардан техникалық көмек көрсетуді тарту және мемлекеттік және жеке сектор тарапынан қаржылық қолдау сұрақтарын талқылау болып табылады.
Энергетика министрлігімен «Планета» жұмыс тобының құрамы мемлекеттік органдар, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар 25 өкілінен тұратын әзірленді (Энергетика Министрінің 2018 жылғы 1 қазандағы № 398 бұйрығы). 2018 -2019 жылдарға арналған Жұмыс тобының отырысын өткізу графигі бекітілді.
Ағымдағы жылы ҚР Премьер-Министрі Орынбасарының төрағалығымен Үйлестіру кеңесін өткізу жоспарланып отырғанын және 2019 жылдың шілде айында Қазақстан өз еркімен Орнықты даму мақсаттары бойынша ұлттық шолу ұсынуы жоспарланып отыр атап өткен жөн.