Ақтөбеде өзен арнасын тазарту кезінде заңсыз ағаш кескен мердігерге 3,7 млн теңге айыппұл салынды | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Ақтөбеде өзен арнасын тазарту кезінде заңсыз ағаш кескен мердігерге 3,7 млн теңге айыппұл салынды

Дереккөз: inform.kz

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қалалық сотында өзен арнасын тазарту кезінде ағаштарды заңсыз кескен мердігерге сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде 8 өзеннің арнасын кеңейту жұмыстары барысында ағаштардың аяусыз кесілгендігі тұрғындардың наразылығын туғызды. Президент тапсырмасына сәйкес Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев жұмыс сапарымен өңірге келіп, жұмысты уақытша тоқтатты. Көп ұзамай қорытынды шығарылып, су тасқынының алдын алу үшін бұл жұмыстардың қажет екені айтылды. Кейін мердігерлер жұмысы тексеріліп, Қызыл кітапқа енген ағаштардың заңсыз кесілгені анықталды. Іс сотқа жолданып, бүгін үкім шығарылды.

«Қылмыстық кодекстің «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу», «Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау» баптары бойынша «Берекелді» ЖШС-нің жетекшісі Н.Өсепов айыпты деп танылып, оған жалпы көлемі 3 миллион 787 мың теңге айыппұл салу жазасы тағайындалсын», – деді Ақтөбе қалалық сотының судьясы Жанас Қуанышев.

Айта кетейік, айыппұл бір ай ішінде өтелуі тиіс.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика