Экология министрі «Еуразия» жобасы туралы айтты | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Экология министрі «Еуразия» жобасы туралы айтты

Дереккөз: inform.kz

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Shell басшысы Олимье Лазармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған министрліктің Telegram парақшасында жарияланған ақпаратқа қарағанда, Мағзұм Мырзағалиев кездесу барысында Shell компаниясын Каспий маңы бассейінде геологиялық барлау жұмыстарына инвестиция салу мүмкіншіліктерін зерделеуге шақырған.

«Shell Kazakhstan басшысы О.Лазармен кездестік. Shell-ді жан-жақты ынтымақтастыққа шақырдым. Каспий маңында және «Еуразия» жобасы деп аталатын аз зерттелген бассейндерге геологиялық барлау жасауға инвестиция салу мүмкіншілігін зерделеуге уағдаластық», – деп жазды министр Twitter-де.

Оның атап өтуінше, тараптар бірлескен жұмыс тобын құру туралы шешімге келген.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика