Экология министрлігінің 200-ден аса қызметкері Нұр-Сұлтандағы Кенесары-Республика көшелерін қардан тазартты | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Экология министрлігінің 200-ден аса қызметкері Нұр-Сұлтандағы Кенесары-Республика көшелерін қардан тазартты

Дереккөз: ecogeo.gov.kz

Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі ұжымы сенбіде министр Мағзұм Мырзағалиевпен бірге Нұр-Сұлтан қаласында өткізілген қар тазалау акциясына қатысты.
#BizBirgemiz челленджіне министрліктің 200-ден астам қызметкері қатысты.

“Экология министрлігінің ұжымы бүгін астанадағы қар тазалау акциясын қолдады.

Оң жағалаудағы саябақты тазарттық. Биыл Нұр-Сұлтан қаласында қар қалың жауғандықтан, коммуналдық қызметке көмек керек-ақ. Еріктілер жылында бұл да бір игілікті шаруаның басы болды. Баршаңызға жəрдемдеріңіз үшін мың алғыс!”, – деп жазды ведомство басшысы Twitter-дегі өз парақшасында.

Атап айтқанда, Экология министрлігінің қызметкерлерінің күшімен Кенесары мен Республика көшелерінің қиылысындағы саябақ қардан тазартылды. 3 КАМАЗ қар шығарылды.

Жуырда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық əртіс Тұрсынбек Қабатовтың астана аулаларын қардан тазарту туралы ұсынысын қолдаған болатын.

“Волонтерлер жылындағы орынды бастама”, – деп жазды Тоқаев Twittrr-де. Соңғы күндерде Қазақстан астанасына қалың қар жауғаны белгілі.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика