«Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» РМК ұжымы Мұсағали Дуамбеков мен Салтанат Темірқұлқызы Рақымбекованың отбасы мен туыстарына шын жүректен көңіл айтады. | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

«Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» РМК ұжымы Мұсағали Дуамбеков мен Салтанат Темірқұлқызы Рақымбекованың отбасы мен туыстарына шын жүректен көңіл айтады.

«Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» РМК ұжымы Мұсағали Дуамбеков мен Салтанат Темірқұлқызы Рақымбекованың отбасы мен туыстарына шын жүректен көңіл айтады.

Профессор Мұсағали Дуамбеков – Халықаралық экология академиясының президенті, қазақстандық саясаткер, техника ғылымдарының докторы, профессор, «ХЭА Еуразия» академигі, эколог. Сонымен қатар ол «Жасыл планета үшін» экологиялық қозғалысы» РҚБ төрағасы, «Халықаралық экология академиясы» мекемесінің президенті, «Менің Қазақстаным» республикалық экологиялық партиясының төрағасы, «Халықаралық экологиялық таза өнімдер өндірушілерінің қауымдастығы» ЗТБ құрылтайшысы, «Экологиялық таза өнім» стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің президенті, «Халықтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитет» қоғамдық қорының президенті ретінде танымал болатын.

Мұсағали Дуамбеков Қазақстанның нағыз патриоты болды. Ол өз елін сүйетін, табиғатының жанашыры еді.

Салтанат Темірқұлқызы Рақымбекова – Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті, «жасыл» экономика саласының сарапшысы, қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы. Салтанат Темірқұлқызы көп жылдар бойы қоршаған ортаны қорғау саласында жемісті еңбек етіп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жақсартуға, жасыл экономиканың дамуына өз үлесін қосты. «Құрмет» орденімен, Қазақстан Республикасы Президентінің құрмет грамотасымен және Қазақстанның бес мерейтойлық медалімен марапатталған. «Созидание» халықаралық қоғамдық сыйлығының лауреаты. «Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының құрметті азаматы» атағына ие болды.

Екеуі де ұзақ жылдар бойы қоршаған ортаны қорғау саласында аянбай еңбек етті.

Қайғырып көңіл айтамыз  және жадымызда мәңгі сақтаймыз!

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 72-53-89

Яндекс.Метрика