АҚШ-та өмір сүретін жабайы жануар Алматы көшелерінде жүр | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

АҚШ-та өмір сүретін жабайы жануар Алматы көшелерінде жүр

Дереккөз – www.inform.kz

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы көшелерінде Америкада өмір сүретін жануар жүр. Бұл ереше жағдай әлеуметтік желіде жарияланды. Оны жүргізушілердің бірі көрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көлік айдап келе жатқан адамның алдынан тұра қашқан жануар шидің арасына кіріп жоқ боп кеткен.

«Сирек кездесетін жануарды қала тұрғыны тапқан. Жануар көліктің алдынан кес-кестеп шыққан. Жүргізуші тез арада көлікті тоқтатып, видеоға түсіріп үлгерген», – делінген Instagram п арақшасындағы жазбада.

ҚР Экология және геология, табиғи ресурстар министрлігі бұл деректі тексеріп жатыр.

«Кіреукей (броненосец) Оңтүстік және Солтүстік Америкада өмір сүретін сүт қоректілер қатарына жатады. Бұл жануар Қазақстанда өмір сүрмейді. Әлеуметтік желіде жарияланған дерекке байланысты қазір тексеру жүріп жатыр», – деді министрліктің баспасөз қызметінен.

Айта кету керек, 25 маусымда Маңғыстау облысының Ақшұқыр ауылының жергілікті тұрғындары көшеде жүрген арыстанды көріп, дабыл қаққан болатын.

Жыртқыш жануарды мамандар ұстап, циркке табыстады.

10 шілдеде түз тағысын заңсыз баққан Ақтау тұрғынына қатысты сот үкімі шықты.

Кейіннен Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметтің айтуынша, бұл жануар Алматы зообағына жеткізілген.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика