ҚР ЭГТРМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2020 жылдың 27-29 тамыз аралығында «экологиялық кодекс жобасында реттеудің жаңа тәсілдері» тақырыбында оқыту онлайн-семинарын өткізді. | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

ҚР ЭГТРМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2020 жылдың 27-29 тамыз аралығында «экологиялық кодекс жобасында реттеудің жаңа тәсілдері» тақырыбында оқыту онлайн-семинарын өткізді.

Оқыту онлайн-семинарының барысында келесі мәселелер қарастырылды:

  1. «Экологиялық рұқсат және мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы» композиттік қызметін іске асыру.
  2. Экологиялық бағалау-қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізудің жаңа тәсілдері (ҚОӘБ)
  3. Экологиялық рұқсаттар. 1-қауіптілік санатындағы объектілер үшін кешенді экологиялық рұқсат және әсер етуге экологиялық рұқсат.
  4. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінде ақпараттық технологияларды қолдану.
  5. Автоматтандырылған мониторинг жүйесі.
  6. ҚР Экологиялық кодексінің жобасындағы қоғамдық экологиялық бақылау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар».
  7. Қоғамдық тыңдаулар қоғамдық экологиялық бақылауды жүзеге асырудың негізгі нысаны ретінде.
  8. Экологиялық таңбалаудың мәлімделген параметрлерге сәйкестігін қоғамдық тексеру.
  9. Өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрының кіші жүйесін сүйемелдеу.
  10. Қолданыстағы және жаңа экологиялық кодекстегі қалдықтар туралы жалпы ережені салыстырмалы талдау.
  11. ҚР СТ ISO14001-2016 экологиялық менеджмент жүйелері. Қолдану жөніндегі талаптар мен нұсқаулық.

Оқыту семинарына «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КЕАҚ, табиғат пайдаланушылардың өкілдері қатысты.
Семинар соңында тыңдаушыларға онлайн-семинарға қатысқандығын растайтын куәлік беріледі.
Тақырыптың өзектілігін және табиғат пайдаланушылар мен басқа да мемлекеттік органдардың үнемі өсіп келе жатқан қызығушылығын ескере отырып, ҚР ЭГТРМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК оқыту  онлайн-семинарларын өткізуді жалғастыруды жоспарлауда.

Сонымен қатар, 2020 жылдың 10-12 қыркүйек және 24-26 қыркүйекте оқу онлайн-семинарларын өткізуді жоспарлап отырғандығын қосымша хабарлаймыз.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика