«Бартоғай» су қоймасы құрғақшылықтан қалай құтқарылды | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

«Бартоғай» су қоймасы құрғақшылықтан қалай құтқарылды

Ақпарат көзі – www.gov.kz

2020 жылы қыстың соңында Алматы облысында қуаншылық болатыны белгілі болды.
«Қазсушар» мамандары бұл туралы өңірдің шаруаларына ескертті.
Судың әр тамшысы маңызды болғандықтан, шаруаларға егінді азайтып, суды аз тұтынатын көкөністі көптеп өсіру ұсынылды.
«Қазгидрометтің» болжамы расталды, өңірде қуаншылық болып, өзендердегі су көлемі азайды.
Аймақтың шаруалары үшін аса маңызды Бартоғай су қоймасындағы судың таусылып қалу қаупі туындады.
Құрғақшылықтан құтқару үшін «Қазсушар» РМК шаруа қожалықтарына берілетін суармалы су көлемін реттеп, нормаға сай кемітті.
Мамандар шаруаларға суды берерде егістік көлемін және қандай дақыл еккендерін есептеді.
Осы шаралардың арқасында су қорын 13 млн текше метрден 28 млн текше метрге дейін ұлғайтылды.
«Егер су айналымын реттемегенде, Бартоғайда су бітіп қалатын еді», – дейді Д.Қонаев атындағы ҮАК директоры Серікқали Мұқатаев.
«Будан» шаруа қожалығының жетекшісі Ермек Өскенбаев «Қазсушардың» үйлесімді жұмысын жоғары бағалады.
«Бізге мысалы 500 литр секундына десең, сонша көлемде су беріп отыр. Олар шаруалардың сұранысы мен ыңғайына қарап, жұмыс істеп жатыр».
«Сабир» қожалығының басшысы Исмаил Томазовтың айтуынша, оның алма ағаштары кестеге сай су берілгеннің арқасында қуаңшылықтан аман қалған.
«Егер канал болмағанда біз күздік жемістерді ғана өсіретін едік. Қазір барлық мүмкіншілігіне сай жұмысын істеп, бізге жағдай жасап отыр. Сусыз өмір болмайды ғой. Табысымыздың 50-60 пайызы осы арнаның жұмысына байланысты».

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика