Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумы: тараптар орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақ саласындағы мәселелерді талқылады | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумы: тараптар орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақ саласындағы мәселелерді талқылады

Биылғы жылдың 29 қыркүйегінде Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумы қарсаңында ресей тарапымен бірге онлайн режимде «Жануарлар мен өсімдіктер әлемі» тақырыбында панельдік сессия өтті.

Панельдік сессия аясында тараптар трансшекаралық орман өрттерін сөндіру, орман зиянкестерімен және ауруларымен күрес, «Алтай» трансшекаралық резерваты мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, Каспий итбалығының популяциясын сақтау мәселелері талқыланды. Қазақстан мен Ресейдің бірлескен бағдарламалары аясында осы бағыттағы зерттеулердің нәтижелері ұсынылды.

Панельдік сессия жұмысына ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы екі елдің 100-ден астам жетекші мамандары қатысты.

Панельдік сессия жұмысының қорытындысы бойынша келесі ұсыныстар әзірленді:

Трансшекаралық орман өрттерін сөндіру бойынша:

  1. Шектес аумақтардың орман иеленушілері арасында мемлекеттік шекара сызығынан 10 км дейінгі жолақтағы орман учаскелеріне орман орналастыру деректерімен өзара алмасу жүргізілсін;
  2. Орман қорының қызмет көрсетілетін аумағында Ресей Федерациясымен шекара сызығынан ені 200 метр және ҚХР-мен 2000 метр жолаққа дейін (Мемлекеттік шекара туралы Заңға сәйкес) орман авиациялық жұмыстары бойынша ұшуларды орындау керек;
  3. Шектес аумақтардағы өрттерді жоюға көмек көрсету және туындайтын өрттер туралы өзара ақпарат алмасу бойынша шарттар жасалсын.

Орманды зиянкестер мен аурулардан қорғау бойынша:

Шекара маңындағы аумақтарда орман зиянкестеріне қарсы күрес шараларын ұйымдастыру және жүргізуде тәжірибе алмасу бойынша кездесулер, конференциялар мен семинарлар өткізу.

Киіктерді сақтаудағы ынтымақтастық бойынша:

  1. Киіктер популяциясының мониторингі туралы мәліметтермен және орны ауыстырылатын жануарлардың санын анықтай отырып, олардың шекарадан өтуі бойынша деректермен алмасу;
  2. Жабайы жануарлардың шекарадан кедергісіз өтуі үшін көші-қон жолдарында экологиялық дәліздерді қамтамасыз ету;
  3. Шекара маңындағы аумақтарда киіктерді қорғау бойынша ұшуларды орындау;
  4. Браконьерлікпен күресті қамтамасыз ету бойынша тәжірибе алмасу.

Каспий итбалығының популяциясын сақтау бойынша:

  1. Солтүстік және Орталық Каспийдегі түрлі санаттағы ерекше қорғалатын табиғи аумақ желісін қамтитын Каспий итбалығын қорғау шараларының ғылыми негізделген жүйесін әзірлеу;
  2. Ғылыми зерттеулер нәтижелері мен мониторинг деректеріне негізделген Каспий итбалығы биологиясының ерекшеліктері туралы бірыңғай мәліметтер базасын қалыптастыру;
  3. Каспий итбалығын зерттеу, сақтау және оңалту жөніндегі ғылыми жұмыстарды қолдау үшін мұнай және газ өнеркәсібі саласындағы компанияларды тарту.

Сондай-ақ, тараптар бірлескен зерттеулерді жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика