«Қазгеология» АҚ – CODELCO-Chile: жер қойнауын геологиялық зерттеу саласындағы ұлттық компаниялардың синергиясы | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

«Қазгеология» АҚ – CODELCO-Chile: жер қойнауын геологиялық зерттеу саласындағы ұлттық компаниялардың синергиясы

2021 жылғы 30 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Бразилия мен Чилидегі елшілігі «он-лайн» режимде «Қазгеология «Ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ мен Чили CODELCO-Chile ұлттық компаниясы басшылары арасында іскерлік кездесу ұйымдастырды.

Қазақстандық тараптан ҚР-ның Бразилия мен Чилидегі елшісі Болат Нүсіпов, ҚР-ның Бразилия мен Чилидегі елшілігінің бірінші хатшысы Дана Қарағұлова және «Қазгеология» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Боранбаев қатысты.

CODELCO-Chile-ден Минералды ресурстар жөніндегі вице-президент Патрисио Вергара мырза және Халықаралық қатынастар жөніндегі корпоративтік директор Ангело Агилар мырза қатысты.

Кездесуде ұзақ мерзімді стратегиялық ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды. Бірлескен геологиялық барлау жобаларындағы синергия және Қазақстан Республикасының аумағында сапалы геологиялық ақпарат алу ынтымақтастықтың негізі болып табылады.

Конференция қорытындысы бойынша чилидік әріптестер «Қазгеология» АҚ-мен ұзақ мерзімді негізде (бес жыл) ынтымақтастық бойынша келісім жасасу туралы шешім қабылдады.

CODELCO-Chile – Чили ұлттық мыс корпорациясы. Әлемдегі ең ірі мыс өндіруші. 2020 жылы CODELCO-Chile меншікті мыс өндірісі 1,618,018 тоннаға жетті, яғни 2019 жылмен салыстырғанда 2% өсті. Ілеспе молибден өндірісі 27 915 тоннаны құрады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 25%-ға көп. CODELCO-Chile кен орындарының барланған қорлары мыс өндірісін кемінде 70 жыл қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика