Қазақстан халқына Жолдауында Президент елдегі экологиялық проблемаларға ерекше назар аударуды тапсырды. Осыған байланысты республика бойынша 17 жол картасы бекітілді, онда 485 іс-шара көзделген, оның ішінде 36-ы іске асырылған. Дәлірек айтқанда, атмосфералық ауаның жай-күйін жақсарту және стихиялық үйінділерді жою жөніндегі іс-шаралар да бар. Бұлар қазіргі таңда қоғамды толғандыратын және қоршаған ортаны сақтауға бағытталған негізгі мәселелердің бірі.
«Экомониторинг нәтижелері бойынша 10 қала атмосфералық ауаның ластануының ең жоғары деңгейіне ие, олардың ішінде Теміртау, Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған және Шымкент қалалары. Сондықтан, орта мерзімді перспективада ауасы неғұрлым ластанған 10 қаланы газдандыру және баламалы энергия көздеріне көшіру, сондай-ақ көлік секторын экологияландыруды жүргізу қажет» – деді Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы З. Жолдасов.
Осылайша, 10 қалада экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жергілікті шешімдер қабылданады. Атап айтқанда, Алматы қаласы бойынша 2025 жылдың соңына дейін ЖЭО жаңғырту шығарындыларды 37 мың тоннадан 6 мыңға дейін немесе 83 %-ға қысқартуға мүмкіндік береді.
Нұр-Сұлтанда ЖЭО – 1,2 су жылыту қазандықтары газға ауыстырылды, бұл шығарындылар көлемін 20 мың тоннаға немесе 25 %-ға азайтуға мүмкіндік береді.
Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» өндірісті жаңғыртуды, сондай-ақ жаңа тазарту құрылыстарын орнатуды көздейтін Даму стратегиясын әзірледі. Осы себепті Комитет эмиссияға 2022 жылға ғана рұқсат берді, ал жаңа рұқсат беру кезінде жоғарыда көрсетілген стратегияны іске асыру және т.б. ескерілетін болады.
Ақтөбе қаласы бойынша «Қазхром» ТҰК 1 және 2 электр сүзгілерін жаңғыртуда, бұл ластаушы заттардың шығарындыларын 30 %-уға төмендетуге мүмкіндік береді. Ферроқорытпа зауытында цехтарды қайта құру бойынша жобаны іске асыру басталды. Нәтижесінде 2022 жылдың соңына қарай шығарындылар 30 %-ға төмендейді. Қазірдің өзінде Ақтөбе қаласының тапсырысы бойынша кәріз-тазарту құрылыстарында күкіртсутегінің шығарылуын болдырмайтын және басатын арнайы катализатор қолданылады.
Атырау қаласы бойынша АМӨЗ-де мұнай шламдарын сусыздандыру қондырғысы жүргізілді. Атырау қаласының сол жағалауындағы КТҚ-ны реконструкциялау аяқталды. 2023 жылы ескі КТҚ-ны қайта жаңарту аяқталады, ал 2024 жылы «Квадрат» буландырғыш тоғанын тазарту аяқталады. Өткен жылдан бастап АМӨЗ-де «Тухлая балка» булану тоғанын рекультивациялай отырып, «Тазалық» жобасы іске асырыла бастады. Айта кетейік, зауытқа 300 млн.теңге бөлінді.
Бұдан басқа, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы бойынша республиканың 16 ірі өнеркәсіптік объектісі эмиссияларды 20-дан 30 %-ға дейін төмендету бойынша міндеттемелер алды. Ол үшін ең озық қолжетімді технологиялар енгізілетін болады. Қазірдің өзінде 2022 жылға төрт кәсіпорынға Ұлттық жоспарға сәйкес нормативтермен қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат берілді. Мысалы, Қазақмыс компаниясы кәсіпорындардың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды орындауы есебінен ластаушы заттар шығарындыларын азайтуды жоспарлап отыр. Ал Балқаш мыс қорыту зауыты күкірт қышқылы цехының екінші желісін салуды жоспарлап отыр, бұл күкірт диоксидінің шығарындыларын 2,3 есеге, 61 мың тоннадан 26 тоннаға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
«Жұмыс істеп тұрған қоқыс орындарын жою және жаңа стихиялық қоқыстардың пайда болуына жол бермеу бөлігінде кешенді шаралар әзірленді. Енді ҚТҚ (қатты тұрмыстық қалдықтар) жинаумен, шығарумен, кәдеге жаратумен, қайта өңдеумен және көмумен осы қызметке лицензиясы бар ұйымдар ғана айналыса алады. Бүгінгі таңда барлығы 82 лицензия берілді. Шарттардың бірі – жүк көліктеріне GPS қозғалыс сенсорларын орнату. Бұл қоқыс шығаруды бақылауға және жаңа рұқсат етілмеген қоқыстардың пайда болуын болдырмауға мүмкіндік береді», – деді Комитет төрағасы.
Айта кетейік, ғарыштық мониторингтің көмегімен елімізде 7328 рұқсат етілмеген қоқыс орындары анықталды, олардың 89 %-ы (6740 нысан) жойылды.
Бұдан бөлек, тарихи ластанулармен міндеттерді шешу бойынша шаралар қабылдануда. Мәселен, Маңғыстау облысында «Қошқар Ата» және т.б. тарихи ластануды жою басталды.
Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты бақылауда және жалғастырылатын болады.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk