Министр Серікқали Брекешев Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисі басшысы Доктор Фолькер Фробартпен кездесті | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Министр Серікқали Брекешев Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисі басшысы Доктор Фолькер Фробартпен кездесті

Министр С.Брекешев Твиттерде «Бүгін ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисінің басшысы доктор Фолькер Фробартпен кездестім», – деп жазды.

Кездесу барысында тараптар су ресурстарын басқару, экотуризмді дамыту және браконьерлікпен күрес саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Министр ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисіне Бірыңғай экологиялық порталды әзірлеуге көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтып, Портал халықтың қоршаған орта туралы ақпартқа хабардар болу процесін жеңілдететінін атап өтті.

Сондай-ақ тараптар Су кодексін, ұлттық саябақтарда экотуризмді дамыту тұжырымдамасы мен стандарттарын бірлесіп әзірлеу бөлігінде алдағы жылға ынтымақтастық жоспарларымен алмасты.

«Біз жоғарыда аталған барлық мәселелер бойынша ынтымақтастыққа дайынбыз және ашықпыз. Биылғы жылдың соңына дейін біз экотуризм мен су шаруашылығын дамыту бойынша ұсыныстар дайындаймыз», – деді Серікқали Брекешев.

Министр сондай-ақ ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисін ресейлік серіктестермен байланыса отырып Жайық өзенінің экожүйесін қалпына келтіру бойынша ынтымақтастық бағдарламасы аясында өзеннің экологиялық мәселелерін зерттеуге белсенді қатысуға шақырды.

Өз кезегінде ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисінің басшысы Доктор Фолькер Фробарт жоғарыда аталған бағыттарды және тұрақты нығаю динамикасын дамыту және өзара іс-қимылдың жаңа мүмкіндіктерін іздеу бойынша ынтымақтастықтағы бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтті.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика