Тәжікстан ЭКСПО-2017-де болашақтың энергиясы саласындағы жетістіктерін көрсетеді | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Тәжікстан ЭКСПО-2017-де болашақтың энергиясы саласындағы жетістіктерін көрсетеді

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Нұрлан Сейтімов Тәжікстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Шариф Саидпен 17 қазанда кездесу өткізді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрлан Сейтімов ЭКСПО-2017 Мамандандырылған халықаралық көрмеде Тәжікстан Республикасының экспозициясының Бас комиссары ретінде тағайындалғаны үшін төрағаны құттықтады.

Өз кезегінде Шариф Саид Елшіге ризашылығын білдіріп, өз елінің болашақтың энергиясы саласындағы жетістіктерін ЭКСПО-2017 көрмесінің қонақтарына таныстыру мақсатында тәжік тарапы барлық күш-жігерін салатынын атап өтті. Шариф Саид жақын уақытта Астана қаласына ЭКСПО-2017 Комиссары Р.С.Жошыбаевпен “Астана ЭКСПО-2017″ ҰК” АҚ басшылығымен тәжірибелік-ұйымдастырушылық мәселелерді талқылау және нақты жұмысқа кірісу мақсатында сапармен баратынын хабарлады.

Сонымен қатар, кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастар мәселелері қарастырылды. Осы орайда, 20 қазанда Душанбе қаласында өтетін “Қазақстан-Тәжікстан” бизнес-форумының маңыздылығын атап өтті.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика