Трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы Конвенция Тараптары Кеңесінің 9-шы сессиясы | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы Конвенция Тараптары Кеңесінің 9-шы сессиясы

2021 жылғы 29 қыркүйектен 1 қазанға дейін Женева қаласындағы (Швейцария) Ұлттар Сарайында трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы Конвенция Тараптары кеңесінің кезекті 9-шы сессиясы өтті.

Іс-шараға онлайн режимде экология министрі Серікқали Брекешев қатысты. Өзінің құттықтау сөзінде ол су тұтыну көлемінің өсуіне байланысты су ресурстарын қорғау және оларды ұтымды пайдалану проблемасының өзектілігін атап өтті.

«Жер шарындағы халық санының өсуімен, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп өндірісінің артуымен қатар суды тұтыну мен суды пайдалану көлемі да артуда, тұщы су тапшылығының артуы да байқалады. Жер ебтінде су ресурстарының елдер арасында біркелкі таралмауы мәселені ушықтыра түседі. Су экономикалық дамудың, әлеуметтік әл-ауқаттың және әлемдегі тұрақтылықты сақтаудың негізгі факторына айналуда», – деді экология министрі.

Айта кетейік, Қазақстан су ресурстарын қорғау және пайдалану саласындағы ынтымақтастықты дамытуға үлкен көңіл бөледі және барлық іргелес елдермен тығыз өзара іс-қимыл жасайды. Атап айтқанда, Орталық Азия елдерімен, Ресеймен және Қытаймен бірқатар келісімдерге қол қойылды.

Орталық Азиядағы трансшекаралық өзендерді қорғау және пайдалану мәселелері бойынша өзара іс-қимыл Халықаралық Аралды құтқару қорының (ХАҚҚ) және Мемлекетаралық үйлестіруші Су шаруашылығы комиссиясы (ХШҚК) және орнықты даму жөніндегі мемлекетаралық комиссия (ОДМК) сияқты оның құрылымдық органдарының қызметі шеңберінде, ал Ресей, Қытай және Қырғызстанмен-екі жақты комиссиялар шеңберінде жүзеге асырылады.

Қазақстанның бастамасы бойынша Орталық Азия елдері көшбасшыларының тұрақты консультациялық кездесулері өткізіледі, онда өңірдің су шаруашылығы саласындағы неғұрлым өзекті проблемалар талқыланады.

Су ресурстарын пайдалану мен қорғау проблемаларын шешуде еліміз халықаралық Су құқығы нормаларын ұстанады және Орталық Азиядан конвенцияға қосылған алғашқы елдердің бірі.

Өткен үш жылда Қазақстан Жұмыс бағдарламасын және Конвенцияны жүзеге асыру стратегиясын орындауға жәрдем көрсетті. Атап айтқанда, біздің республика су ресурстарын трансшекаралық контексте бөлу жөніндегі Конвенция нұсқаулығын әзірлеуді қолдады.

Қазақстанның қолдауымен Гидротехникалық құрылыстарды қауіпсіз басқару, су және энергетикалық ресурстарды бірлесіп пайдалану мәселелері бойынша Орталық Азия елдері үшін бірқатар өңірлік іс-шаралар өткізілді.

2017 жылдан бастап еліміздің бастамасы бойынша Нұр-Сұлтан қаласында Конвенцияның ынтымақтастық орталығы – Суды бағалаудың халықаралық орталығы (ХТҚО) орналасқан.

Тараптар Кеңесінің 9-шы сессиясының жұмысы пленарлық сессиялар, жоғары деңгейлі сегмент, жалпы сегмент және параллель іс-шаралар түрінде ұйымдастырылды. Сондай-ақ Конвенцияны орындаудағы прогресс қаралып, 2022-2024 жылдарға арналған жұмыс бағдарламасы қабылданды.

Сөз соңында С. Брекешев БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясына, Конвенция Хатшылығына және елдерге Конвенция бюросына төрағалық ету кезеңінде Қазақстанды қолдағаны үшін ризашылығын білдіріп, Эстония Үкіметіне қалыптасқан күрделі жағдайларда 9-сессияны уақытылы ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика