Фариза Налекова | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Еуразиялық экономикалық одақтың «Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға әзірленген табиғи жанғыш газдың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті (ЕАЭО 046/2018 ТР) бойынша баспасөз-хабарламасы

Дереккөз: www.energo.gov.kz

Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2018 жылғы 14 қыкүйектегі   № 74 шешімімен Еуразиялық экономикалық одақтың «Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға әзірленген табиғи жанғыш газдың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті (ЕАЭО 046/2018 ТР)  (бұдан әрі – техникалық регламент) қабылданды. Күшіне ену күні – 2022 жылғы 1 қаңтар.

Техникалық регламент Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) аумағында табиғи жанғыш айналымға шығарылатын және айналымдағы газға қойылатын талаптарды белгілейді және газ өнімінің мынадай түрлеріне тарайды:

– тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған табиғи жанғыш газ;

-өнеркәсіптік және коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы табиғи жанғыш газ;

– табиғи Сығылған жанғыш газ;

– сұйытылған табиғи жанғыш газ.

Техникалық регламент Одақтың кеден аумағынан тыс жерге экспортталатын, мемлекеттік қорғаныс тапсырысы бойынша жеткізілетін, мемлекеттік материалдық резервтің сақталуын қамтамасыз ететін ұйымдарда сақталатын, табиғи жанғыш газға қолданылмайды.

Техникалық регламент Одақтың аумағында табиғи жанғыш, айналымға шығарылатын және айналымдағы табиғи жанғыш газға ең аз қажетті қауіпсіздік талаптарын қамтиды және физика-химиялық көрсеткіштері бойынша техникалық регламентке қосымшаларда қамтылған талаптарға сәйкес болуға тиісті.

Анықтама: Табиғи газдың техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін бағалау кезінде сынақ әдістері техникалық регламенттің талаптарын пайдалану мен орындау үшін және табиғи жанғыш газ сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеулер (сынақтар) мен өлшеу әдістері және ережелері, соның ішінде үлгілерді іріктеу ережелері бар халықаралық және өнірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, олар  болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізіміне енгізілетін стандарттарда белгіленеді.

Табиғи газды айналымға шығарар алдында өнімнің техникалық регламент талаптарына сәйкестігін декларациялау нысанында сәйкестігін бағалау жүргізіледі. Дайындаушы (дайындаушы уәкілеттік берген тұлға) немесе сатушы өтінім берушілер бола алады. Декларациялау схемалары Техникалық регламенттің VI бөлімінде келтірілген.

Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келетін және сәйкестікті бағалау рәсімдерінен өткен өнім одақтың нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісімен (бұдан әрі – бірыңғай белгі) таңбаланады, оның графикалық бейнесі өнім сапасының паспортында қойылады. Өнім бірыңғай белгімен таңбалаусыз Одақ нарығына айналымға жіберілмейді.

Дайындаушы (дайындаушы уәкілеттік берген тұлға) немесе сатушы тұтынушының талап етуі бойынша сәйкестік туралы декларацияның және өнім сапасы паспортының көшірмесін ұсынуға міндетті.

Техникалық регламенттің мәтінімен ЕЭК-ның ресми сайтында  https://docs.eaeunion.org/docs/ru-ru/01419232/cncd_30102018_74 сілтеме бойынша танысуға болады.

ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі

Қарағанды облысындағы қыстаулар баламалы қуат көзімен қамтылады

Дереккөз: www.24.kz

Шаруашылықта құдық бар делік. Енді сол құдықтан іркіліссіз су алу үшін мотор керек.

моторыңыз токпен жұмыс істейді. Ал шалғайдағы қожалыққа ток қалай апарасыз. Бірақ үкімет бұл мәселенің де шешімін ұсынды.

«Жайылым жерлерді суландыру» бағдарламасы бойынша қиырдағы қыстаулардың барлығы баламалы қуат көзімен қамтамасыз етіледі.

Бұл бағыттағы жұмыс басталып та кетті. Айталық, бір ғана Қарағанды облысының өзінде жыл басынан бері 573 шаруа қожалығы күн панельдерін орнатқан. Шағын электростанция сағатына шамамен 3-5 киловатт ток өндіреді. Бұл құдықтан су соруға жеткілікті. Бастысы, күн панелін салуға жұмсалған қаржының 80 проценті фермерлерге қайтарылады. Жыл соңына дейін өңірде тағы 200 шаруашылыққа осы жолмен тоқ берілмек.

Ерлан Түсіпханов, фермер:

– Өте жақсы болды. Малымызды осымен суарамыз. Жаздың күні тоңазытқышымызды қосамыз. Свет бәрі жанып тұр. Өте жақсы шаруа. 3,5 кВт береді, пока жетеді. Екеуін алдым, енді үшіншісін тағы аламын ба деп отырмын. Біреу жайлауда қоста тұр.

Сырым Бошпанов, облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

– Салынған инвестицияның осы бағытта 80 пайызға дейін құнының біз шаруашылықтарға қайтарып береміз. Биылғы жылы Қарағанды облысы бойынша осы баламалы электр қуатын орнатқан 573 шаруашылық бүгінгі күнге 2 миллиард 80 миллион теңгеге субсидияланды, ақшасы қайтарылып берілді. Жылдың аяғына дейін тағы 200-ге тарта шаруашылықтарға осындай баламалы электр қуаты берілмекші.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «PSA» ЖШС және Солтүстік Каспий жобасының акционерлері Қаламқас-теңіз кен орнын игеру жоспарын ұсынуға қатысты келісімге қол жеткізді

Дереккөз: www.energo.gov.kz

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, өкілетті Орган («PSA» ЖШС) және Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы Келісімге қатысушы компаниялар (СКӨБК) акционерлер ретінде СКӨБК лицензиялық учаскесінде орналасқан Қаламқас-теңіз кен орнын игеру жоспарын беру туралы келісімге қол қойды.

Келісімге сәйкес компаниялар Игеру жоспарын СКӨБК жөніндегі Басқарушы комитеттің бекітуіне 2019 жылдың төртінші тоқсанына дейін ұсынуды қарастырылған.

Келісімге қол қою Каспий теңізінің қазақстандық секторының Теңіз кен орындарын игеруге инвестициялар көлемін ұлғайтуға жаңа мүмкіндіктер береді.

Осыған дейін Оператор (НКОК) хабарлағандай, анықталған тұжырымдамаға сәйкес Қаламқас-теңіз кен орнын және «КМОК» компаниясының Хазар кен орнын бірлесіп игеру (“Жемчужины”блогы бойынша ӨБК) жұмыстары алдын ала жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Анықтамалық ақпарат:

СКӨБК бойынша акционерлер болып табылатын компаниялар: «Аджип Каспиан Си Б. В.» (16,81%), «КННК Казахстан Б. В.» (8,33%), «ЭксонМобил Казахстан Инк.» (16,81%), «Инпекс Норт Каспиан Си, Лтд.» (7,563%), «ҚМГ Қашаған Б. В.» (16,88%), «Шелл Қазақстан Девелопмент Б. В.» (16,81%) және «Тоталь ЭиП Қазақстан» (16,81%).

Солтүстік Каспий жобасының операторы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясы болып табылады.

«Қаламқас-теңіз» кен орнының геологиялық қорлары орта Юра шөгінділеріне ұштастырылған және 149,5 млн.т мұнай, 15,4 млрд. м3 еріген газ және 15,36 млрд. м3 құрғақ газды құрайды.

Жамбыл облысында Орталық Азиядағы ең ірі күн электр станциясы іске қосылады

Дереккөз: www.24.kz

Жамбыл облысында Орталық Азиядағы ең ірі күн электр станциясының екінші кезеңінің құрылысы аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Нысанды бүгін жалпы ұлттық телекөпір кезінде іске қосу жоспарланып отыр. Қазір күн сәулесінен қуат өндіретін станция аумағында қызу дайындық.

Мұндай инновациялық алпауыт жоба тек Қазақстанда емес, Орталық Азия бойынша жоқ. Аумағы 224 гектар жерді алып жатыр. Ал жылына 100 мегаватт электр қуатын өндіретін қауқары бар. Қарапайым өлшеммен айтар болсақ, бұл бір жылда 70 мың үйді, яғни бүтін бір ауданды күн сәулесінен өндірілген электр энергиямен қамтамасыз етуге жеткілікті.

Негізі жоба екі кезеңде жүзеге асырылып отыр. Алғашқы кезеңі Индустрияландыру картасының екінші бес жылдығында салынған. Ол уақытта жылдық қуаты 50 мегаватт еді. Ал екінші кезеңі іске қосылысымен қуаты екі есеге артады. Заманауи станция толықтай автоматтандырылған жүйеде жұмыс істейді. Мамандар биыл 150 миллион киловатт сағат электр энергиясын өндіруді көздеп отыр. Құрылыс жұмыстарына 300-ге тарта жұмысшы тартылды.

Арман Асылхан, жоба менеджері:

– Бұл – баламалы энергия көзінен қуат өндіретін бірегей алып станция. Экологиялық жағынан 100 пайыз таза әдіспен өндіріледі. Қоршаған ортаға ешқандай зияны жоқ. Ауа райы қолайлы болып, күн сәулесі жақсы түскен жағдайда, тәулігіне 680 киловатт өнім өндіре алады. Бұл жоба еліміз бойынша электр энергия тапшылығын жоюға септігін тигізбек. Соның ішінде Жамбыл өңірі де бар.

Күн электр станциясы Жуалы ауданындағы Нұрлыкент ауылының маңына салынған. Тура Батыс Қытай – Батыс Еуропа автомагистралінің бойында тұр. Екінші кезеңде салынған нысанның аумағы 74 гектар жерді алып жатыр. Оған 25 миллиард теңге жұмсалыпты.

Жуалы ауданының таңдап алынуы бекер емес екен. Мына орнатылған панельдер ауа райы ысып, күн сәулесі шамадан тыс түссе, қызып, күйіп кетуі мүмкін. Сондықтан бұл жердің климаты арнайы тақтайшаларды салқындатып тұруға қолайлы көрінеді. Мамандар мұны алдын ала зерттеп, анықтаған. Сөз соңында айта кетейін, жалпы Жамбыл облысында тұтынатын электр энергияның 16 пайызы баламалы энергия көздерінен өндіріледі. Бүгінде өңірде 4 су, 3 жел және 3 күн электр станасы тұрақты жұмыс істеп тұр. 2020 жылға қарай аймақ өз қажеттілігінің 60 пайызын осындай қуат көздерінен өндіреді деген жоспар бар.

Авторы: Руслан Бақытбекұлы

Қазақстанның энергетикалық секторы ең озық қолжетімді технологиялар принциптеріне қалай көшеді?

Дереккөз: www.energo.gov.kz

Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар халықаралық орталығы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен бірлесіп «Қазақстанның ОҚТ принциптеріне көшуі: қазіргі жағдайы және келешегі» атты халықаралық конференция өткізеді.

Конференцияның негізгі мақсаты – өнеркәсіптік кәсіпорындардың ең озық қолжетімді технологиялар (ОҚТТ) принципіне көшуі және олардың Қазақстан Республикасына бейімделуі бойынша іс тәжірибелерді таныстыру және талқылау.

Ең озық қолжетімді технологиялар (ОҚТ)- бұл қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін қамтамасыз етуге, шаруашылық қызметтің қоршаған ортаға теріс әсер ету деңгейін төмендетуге бағытталған ұйымдастырушылық және басқару шараларын қамтамасыз етуде пайдаланылатын және жоспарланып отырған салалық технологиялар, техника мен жабдықтар.

Конференцияда Қазақстанның энергетикалық саласы кәсіпорындарының ОҚТ принциптеріне көшуі бойынша дайындығына талдау жасалды, сондай-ақ халықаралық тәжірибе қаралып, ұсыныстар әзірленді. Энергетикалық секторды зерттеуге 45 электр станциясынан ақпарат жиналды. Талдауға энергетикалық саланың 13 кәсіпорны іріктелді. ХЖТИЖО болжамдары бойынша ОҚТ принциптеріне көшу үдерісі 2020 жылдан бастап 2030 жылға дейін 10 жыл ішінде жүзеге асырылатын болады.

Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының жетекшісі Рәпіл Жошыбаев атап өткендей, ҚР өнеркәсіптік және энергетикалық секторы үшін, Қазақстан 2013 жылы қабылдаған Жасыл экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдаманы ескере отырып, қазіргі таңда ОҚТ іс жүзінде енгізу сәті өзекті мәнге ие. Энергия сыйымдылығын төмендету, энергия теңгеріміндегі ЖЭК үлесін ұлғайту, қалдықтарды қайта өңдеу, су сапасы бойынша белгіленген түйінді көрсеткіштерге қол жеткізу үшін жасыл реформалардың негізі қаланатын Экологиялық кодексті жаңарту қажет.

Сондай-ақ, конференция барысында Қазақстан экологиялық ұйымдар Қауымдастығы Басқарма төрағасының орынбасары Асхат Сүлейменов өз ойын білдірді: «Біріншіден, біз ірі бизнестің ең озық қолжетімді технологияларды бірлесіп қаржыландыру арқылы немесе басқа да қолдау әдістері арқылы енгізуді ынталандыруды ұсынамыз. ЕО, АҚШ, Жапония, Қытайда кейбір елдерде кредиттер бойынша пайыздарды ішінара немесе толық жабатын ПДТ-ға ауысатын кәсіпорындарға 1% – дан 6% – ға дейінгі мөлшерлеме бойынша арнайы жаңғырту қорлары арқылы кредиттер беріледі. Экологиялық-жауапты инвестициялау немесе жасыл қаржы құралдары ұғымын енгізу ұсынылады.

Екіншіден, жергілікті жерлерде жергілікті атқарушы органдар экологияның жай-күйіне ортақ жауапты болуға тиіс. Барлық іске асырылып жатқан табиғат қорғау іс-шараларының түпкі есептелінетін мақсатты әсері болуы тиіс».

Іс-шараның қорытындысы бойынша Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы мен Ресей Федерациясының ОҚТ бюросы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Қазақстандағы экологиялық жағдай.

ҚР-да атмосфералық ауаның негізгі ластаушылары- өңдеу өнеркәсібінің салалары, электр энергетикасы өндірісінің кәсіпорындары, сондай-ақ тау-кен өндіру, құрылыс, химия, мұнай-газ өңдеу салалары саналады.

Талданатын станциялардың көпшілігінде (70% – дан астам) 30-дан 60 жылға дейінгі ескірген жабдық бар. Ең үлкен шығарындылармен көмірді пайдаланатын жабдықтардың едәуір тозуы бар станциялар сипатталады.

Қазақстанның он бес қаласында атмосфералық ауаның зиянды шығарындылармен ластану деңгейі артқан. Қарағанды облысындағы қоршаған ортаның жағдайы ең ауыр – 2016 жылы атмосфераға шамамен 593 мың тонна ластаушы заттар шығарылған. Бұл дегеніміз -Қазақстан бойынша барлық көлемнің 26,1% – ы.

 Талдаудың негізгі қорытындылары.

–      Қазақстандық станциялардағы ластаушы заттар шығарындыларының нақты шоғырлануы еуропалық директиваның рұқсат етілген мәндерінен едәуір асып түседі, сонымен қатар олар қазақстандық техникалық регламент талаптары мен ресейлік ОҚТ көрсеткіштері шегінде болады.

–      Өнеркәсіп үшін ОҚТ принциптеріне көшу қоршаған ортаға әсерін төмендетуге және негізгі қорларды жаңарту, энергия тиімді өндірістік қуаттарды құру арқылы қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

–      Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік санкцияларды қысқарту.Қазақстан Республикасының жылу электр станцияларының технологиялық жабдығына айтарлықтай салымдар болған жағдайда шығарындылардың (неғұрлым жоғары еуропалық стандарттарға қол жеткізу үшін) елеулі қысқаруы мүмкін.

–      Өнеркәсіп үшін ОҚТ принциптеріне көшу негізгі қорларды жаңартуға, энергия тиімді өндірістік қуаттарды құруға, жоғары өнімді жұмыс орындарының санын ұлғайтуға, экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл төлеуді азайтуға мүмкіндік туғызады.

–      Халықаралық стандарттардың ОҚТ талаптарын талдау ОҚТ бағалау процесінде энергетикалық секторды жаңғыртудан түсетін табыстар мен пайдаға ерекше назар аударылуы тиіс екенін көрсетеді.

–      Технологиялық нормалаудың негізгі міндеті- саланың барлық кәсіпорындары ұмтылуы тиіс «жоғарғы планканы» белгілеу емес, барынша «лас» және ескірген өндірістерді біртіндеп ығыстыру болып саналады.

Еліміздің энергетикалық секторы озық қолжетімді технологиялар принципіне қашан көшеді

Дереккөз: www.24.kz

Еліміздің энергетикалық секторы ең озық қолжетімді технологиялар приципіне 2020 жылдан бастап көшетін болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай болжамды халықаралық Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы жасап отыр. Бұл туралы осы тақырыпқа арналған конференцияда айтылды. Алдымен елдегі энергетикалық саладағы ахуал зерделенген. Энергетика секторынан 43 нысанға зерттеу жүргізілді. Талдау нәтижесі кәсіпорындардың экологияға айтарлықтай зардап келтіріп отырғандығын көрсеткен. Мамандардың айтуынша, алдағы үш жылда алдымен әртүрлі сала бойынша алты техникалық анықтама жасалады. Өндіріс орындары осы зиянды қалдықтарды азайту қағидасы жазылған анықтаманы басшылыққа алмақ. Аталған саланы бірлесіп дамыту мақсатында жасыл технологиялар орталығы мен Ресей Федерациясының озық технологиялар принципі бюросы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Салтанат Рақымбекова, Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы басшысының орынбасары:

– Экологиялық төлемдерге үлкен бір қор ашылатын болса. Қазіргі сарапшылардың пікірі бойынша 80 млрд-тан 120 млрд-қа дейін төлемдер жиналады екен. Бірақ сол төлемдер бір облыста 3 пайыз болса, кейбір облыста ең көбі 30 пайыз болуы мүмкін. Ал сол төлемнің мақсаты – экологияны өңдеу, жөндеу және өндіріс орындарына ықпал жасау. Олар осы принципке міндетті түрде өтуі керек.

Қазақстанның энергетикалық секторы ең озық қолжетімді технологиялар принциптеріне қалай көшеді?

Дереккөз: www.energo.gov.kz

Халықаралық жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар орталығы мен Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі бірлесіп 2018 жылдың 6-7 желтоқсанында «Қазақстанның ОҚТ принциптеріне көшуі: қазіргі жағдайы мен келешегі» атты халықаралық конференциясын өткізеді.

Конференцияда Қазақстанның энергетикалық саласы кәсіпорындарының ОҚТ принциптеріне көшуі дайындығының талдауы ұсынылады, сондай-ақ халықаралық тәжірибе мен ұсыныстар қарастырылады. Іс-шарада Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы мен Ресей Федерациясының ОҚТ бюросы арасында меморандумға қол қою жоспарлануда.

Конференция жұмысына ҚР Энергетика вице-министрі Сәбит Нұрлыбай, Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының басшысы Рәпіл ЖОШЫБАЕВ, Еуропалық Одақ Өкілдігінің ынтымақтастық жөніндегі басшысы ЙОХАННЕС СТЕНБАЕК МЭДСЕН, МАРИТ ХЬОРТ, Еуропалық шығарылым директивасының ұлттық үйлестірушісі, Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Неміс агенттігі КАТЯ КРАУС, Өнеркәсіпті интеграцияланған өңдеу бөлімінің басшысы, Израильдің Қоршаған ортаны қорғау министрлігі өкілі АЙЕЛЕТ БЕН АМИ, «Экологиялық және өнеркәсіптік саясат орталығы «Ғылыми-зерттеу институты» ФМАУ директорының кеңесшісі ВЛАДИМИР МАРЬЕВ, Беларусь Республикасы озық қолжетімді техникалық әдістер жөніндегі орталықтың бас маманы ПАВЕЛ КЛЕБЕКО, Техника ғылымдарының докторы, «Мәскеу энергетикалық институты» Ұлттық Зерттеу университетінің Өнеркәсіптік жылу энергетикалық жүйелер кафедрасының профессоры ИЛЬДАР СҰЛТАНГУЗИН, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің мүшесі ШАВХАТ Өтемісов, «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қуаныш Тайшыбеков, Саясат мәселелері жөніндегі талдаушы (ЭЫДҰ) ГАЙ ХАЛПЕРН.

Бағдарлама, 6 желтоқсан 2018 жыл(толық нұсқа қосымшада)

9.30-10.00 Қатысушыларды тіркеу

10.00-11.10 Спикерлердің жарыссөзі

11.10-11.30 Кофе-брейк

11.30-13.00 Спикерлердің жарыссөзі

13.00-14.00 Түскі ас

14.00-14.30 БАҚ тіркеу

14.30-15.20 Конференцияның пленарлық отырысы

15.20-15.25 Меморандумға қол қою рәсімі

15.30-15.50 Кофе-брейк

Өтетін орны: Астана қ., «Пекин Палас Soluxe Hotel Astana» қонақ үйі, 2-ші қабат, «Silk Way» конференц-залы

БАҚ үшін аккредиттеу 5 желтоқсан сағат 19:00-ге дейін жүргізіледі

IGTIC баспасөз қызметі

e-mail: igtickz@gmail.com

Марат Мұхамедсалиев +7776 9994099

Жамиля Нашекен +7701 7411007

Өнеркәсіптік кәсіпорындары ЛШТТ бойынша есептілікті ұсынуға «қарсы емес» (Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімі)

2018 жылдың 12-13 қарашасында Павлодарда және 2018 жылдың 15-16 қарашасында Ақтөбеде өткен «Қоршаған ортаға ластауыш заттар мен сынаптың эмиссиялары: анықтау әдістері, түгендеу және Қазақстан Республикасының Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркеліміне қосу» семинарлары шеңберінде өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдері ластауыш заттар шығарындыларының көлемі бойынша шекті мәндерін белгілеуге қатысты өз ұсыныстарын ортаға салды. Сонымен қатар ЛШТТ бойынша есептілікті қалдырып, қажетсіз есептілік нысандарынын барлығын алып тастау ұсынылды. Бұл көптеген елдерде бұл тәжірибе іс жүзінде қолданылып жатқандығымен және бұл кейде экологиялық ақпаратты жинау және беру үдерісін оңтайландыруға көмектесетіндігімен түсіндіріледі.

Семинарға қатысушылар  қоршаған ортаға кездейсоқ түзілген  жойылуы қиын органикалық ластауыштар мен ауыр металдардың эмиссия бағаларының бейімделген әдістемелерімен танысты. Әдістемелер эмиссия факторларын пайдалануға негізделген. Өнеркәсіп өкілдері осы әдістерді қолданудың қарапайымдылығын және аталған әдіснамаларды пилотты тәртіпте өз кәсіпорындарында тестілеуді жоспарлайтындықтары жөнінде атап өтті.

Сертификатты тапсырғаннан кейінгі топтық сурет, 2018 жылдың 13 қарашасы, Ақтөбе, Қазақстан 

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика