Фариза Налекова | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Баспасөз хабарламасы Қазақстанның VIII Азаматтық форумы шеңберінде Энергетика министрінің Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесуі

Дереккөз: www.energo.gov.kz

Ағымдағы жылдың 28 қарашасында Қазақстанның VIII Азаматтық форумы аясында Энергетика министрі Қ. А. Бозымбаевтың жаңартылатын энергия көздерін дамыту мәселелері бойынша азаматтық сектор және ҮЕҰ өкілдерімен кездесуі өтті.

Кездесуге ҮЕҰ, азаматтық сектор, ОМО, салалық кәсіптік одақтар, БҰҰДБ, Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің өкілдері және Министрліктің Қоғамдық кеңесінің мүшелері қатысты.

Энергетика министрі жаңартылатын энергия көздерін дамытудың негізгі бағыттары мен нәтижелерін баяндады.

Сондай-ақ, кездесуде ЕҚҚДБ Ресей, Кавказ және Орталық Азия бойынша энергетика және табиғи ресурстар департаментінің директоры А. Ситдикова, «ЖЭК бойынша есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС-нің бас директоры Ж.Нұрмағанбетов және «Қазақстандық күн энергетикасы қауымдастығы» ЗТБ директорлар кеңесінің төрағасы Н.Қапенов  сөз сөйледі.

Бұған қоса, ҚР Энергетика министрлігі, ЕҚҚДБ және «SEA Saran» ЖШС арасында «Қарағанды облысында қуаты 100 МВт КЭС салу» жобасын қолдау және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Келісімге ҚР Энергетика министрі Қ.А.Бозымбаев, ЕҚҚДБ Ресей, Кавказ және Орталық Азия бойынша энергетика және табиғи ресурстар жөніндегі директоры А.Ситдикова және «Solarnet Investment GmbH» бас директоры Йоахим Голдбек қол қойды.

Күн электр станциясын Joachim Goldbeck Holding GmbH (Германия) компаниясы – бүкіл әлем бойынша жаңартылатын энергия көздері саласындағы активтердің ауқымды портфелі бар осы жобаның акционері салатын  болады.    Жоба CO2 шығарындыларын кем дегенде жылына  93,5 мың тоннаға қысқартады деп күтілуде, бұл жергілікті көмір ЖЭО-ның 19.7 МВт-қа жуық қуатын пайдалану кезіндегі шығарындылар көлеміне сәйкес келеді.

Сондай-ақ, Күн электр станциясын іске асыру елдің стратегиялық құжаттарында көзделген жаңартылатын энергия көздері саласындағы нысаналы индикаторларға қол жеткізуге үлес қосады, өңірде қосымша «Жасыл» жұмыс орындарын құруға және шетелдік инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді.

ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі

Будапештте атом энергетикасы бойынша венгр-қазақстандық жұмыс тобының алғашқы кездесуі өтті

Дереккөз: www.energo.gov.kz

22 қарашада Будапештте Венгрия мен Қазақстанның экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссияның алтыншы отырысы шеңберінде атомдық энергетика бойынша венгр-қазақстандық жұмыс тобының (бұдан әрі – жұмыс тобы) алғашқы кездесуі өтті.

Жұмыс тобының отырысы Венгрия ғылым академиясының энергетикалық зерттеулер зертханасының меңгерушісі Тамас Пазманди және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атом энергиясы және өнеркәсіп департаментінің директоры Батыржан Қарақөзовтің төрағалығымен өтті.

Тараптар атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер мен дамудың негізгі бағыттары бойынша екіжақты ынтымақтастықтың мүмкін болатын бағыттарын талқылады.

Жұмыс тобы отырысының қорытындысы бойынша тараптар Венгрия АЭС-ін қауіпсіз пайдалану, қызмет көрсету және модернизациялау бойынша тәжірибе алмасу жөнінде келісті. Сондай-ақ, пайдаланылған ядролық отын, радиоактивті қалдықтарды басқару және атом энергетикасы нысандарын пайдаланудан шығару саласындағы ықтимал ынтымақтастық перспективалары қарастырылады.

Отырыста Астанадағы атом энергиясы жөніндегі жұмыс тобының кезекті екінші отырысын өткізуге келісті. Жұмыс тобы отырысының нақты уақыты мен орны алдын-ала келісілетін болады.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Баспасөз хабарламасы «Планета»жұмыс тобының VIII Азаматтық форумының салалық сессиясы «Құрлықтың экожүйелерін, су ресурстарын ұтымды пайдалану және климаттың өзгеруі саласындағы жетістіктер» (Тұрақты даму мақсаттары 6, 12, 13, 14 және 15)

Дереккөз: www.energo.gov.kz

2018 жылғы 27 қарашада Энергетика министрі Қ.А.Бозымбаевтың төрағалығымен «дөңгелек үстел» форматында «Планета» жұмыс тобының салалық сессиясының отырысы өтті.

Аталған іс-шараға 80-нен астам қоғам өкілдері, мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері қатысты.

«Планета» жұмыс тобының салалық сессиясының мақсаты Қазақстанның  6, 12, 13, 14 және 15-мақсаттарға қол жеткізу көзқарасымен және тәсілдерімен танысу, 2019 жылғы маусымда  БҰҰ Бас Ассамблеясының жоғары деңгейдегі саяси форумында таныстыру жоспарланған тұрақты даму мақсаттары бойынша ұлттық шолудың негізіне алынуы мүмкін ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.

Энергетика вице-министрі С.Нұрлыбай климаттың өзгеруі және қалдықтарды тұрақты басқару мәселелері бойынша 13 және 12-мақсаттарды ұсынды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары су саясатының жүргізіліп жатқан реформалары бойынша ақпарат берді, 6-Мақсат.

Сумен қамтамасыз ету және санитария мәселелері бойынша (6-мақсат) есепті ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасының орынбасары ұсынды.

Мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдері сөйлеген сөзінен кейін қорытынды жасалып, одан әрі жұмыс істеу үшін ұсынымдар берілді.

Түркістан облысында өтетін қызғалдақ фестивалінің ауқымы кеңейеді

Дереккөз: www.24.kz

Түркістан облысы – табиғи байлығы сан алуандығымен ерекшеленетін еліміздегі көрікті аймақтың бірі.

Өңірде өсімдіктердің 3 мыңнан астам түрі өседі. Оның ішінде 118 түрі Қызыл кітапқа енген. Соның бірі – дүние жүзіне біздің елімізден таралған дала қызғалдағы. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында Қазақстанда қызғалдақтың 35 түрі өсетіндігі туралы айтылған болатын. Сондай-ақ грейг қызғалдағы облыстың таулы өңірі Түлкібастағы Шұбайқызыл шоқысына тән. Ал даланың әсем гүлін көздің қарашығындай сақтау үшін өңірде дәстүрлі қызғалдақ фестивалі өткізіліп келеді.

Қызғалдақ көктемнің сәуір айында бүр жарып, алқызыл гүлдерін ашады. Сосын мамырда тұқымын шашады. Бұл дала гүлі – көпжылдық өсімдік. Тамыры пияз секілді. Гүлдерінің ұзындығы 5-10 см қызыл түсті болып келеді. Түркістан облысында қызғалдақ көптеп өсетін аумақтар ерекше қорғауға алынған. Солардың бірі – Түлкібас өңіріндегі Шұбайқызыл шоқысы. Бұл жер жергілікті маңызы бар табиғат ескерткіші. Көктемде төбе құдды бір қызыл кілемге оранғандай күйде қып-қызыл түрге айналады.

Мархабат Байғұт, жазушы халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері:

– Елбасымыз айтып отырған Іле Алатауының жалғасы – Тәңір таудың бір бұтағы Ақсу Жабағылы, Алатау мен Қаратаудың түйіскен төрінде, Түркібасы жерінде Шұбайқызыл дейтін тарихи әулие төбе бар. Сол Шұбайқызылдың қызғалдағы жайлы Президентіміз Голландиядағы барған кезде айтқан ғой: «Қазақстанның қызғалдағының 300-ден аса түрін шығарып саудалап, экономикамызды өркендетіп отырмыз» деп.

Түлкібастың тумасы Мархаббат Байғұт ағамыз әрдайым «бұл төбені сақтап қалуымыз керек. Қоршауымыз керек» деп келеді. Бұл Шұбайқызыл шоқысы – қазіргі таңда 60 гектарды аумақты алып жатқан жайылым. Осылай жайылым ретінде қала берсе, тозып кетеді. Содан осында өсетін грейг тұқымды қызғалдақтың бұл маңнан қаша беретіні де сөзсіз. Осыны ескерген облыс басшысы мұнда жыл сайын «Ақсу-Жабағылы алауы, Шұбайқызыл жалауы» атауымен қызғалдақ фестивалін өткізуді қолға алды. Келер жылдан бастап бұл шараның ауқымы кеңеймек.

Олжас Шынтаев, облыстық туризм және сыртқы байланыстар басқармасы басшысының м.а.:

– Шұбайқызыл алаңында жалпы халықтық фестиваль өткізу жоспарлануда. Оны Жамбыл облысы, Түркістан облысы және Шымкент қаласы үш өңір қосылып, үлкен шара жасамақшымыз. Зерттеушілер, ғалымдар, арнайы суретшілер келіп алдын ала дайындалып, грейг қызғалдағының ашылғанын күтіп, сонда фотосессиялар ұйымдастырылады. Түлкібас ауданының табиғаты экотуризмді, спорттық, экстрималдық, танымдық туризмді дамытуға өте қолайлы. Осыдан болар, аймаққа биылдың өзінде 13903 турист келген. Оның 673-і шетел азаматы. Түркібасы жерінен Ұлы Жібек жолын жалғап жатқан Батыс Еуропа-Батыс Қытай көлік магистралі өтеді.

Бұл да туристік әлеуетті жоғарылатуға мүмкіндік береді. Қазір жергілікті билік этнотуризмді қолға алу үшін бірнеше жобаны ойластырып қойыпты.

Асхат Жабағы, Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары:

– Этнотуризмді дамыту бағытында жасылынып отырған дүние. Бұл жерде 5 киіз үй бар. Бұл бұрынғы салт-дәстүрімізді «Рухани жаңғыру» аясында заманауи қалыпқа келтіріліп, қысы-жазы жылыту жүйесі жүргізілген. Қасында 35 орынға арналған қонақ үй салынған.

Түлкібаста қызғалдақтың маңыздылығы ескеріліп, үлкен көшелерге ол жарықшам әрі сән ретінде қойылған. Тіпті Ақсу-Жабағылы қорығы эмблемасының негізі қызғалдақтан алынған. Ал Шымкент қаласындағы субұрқақ пен қызғалдақтың ең үлкен шыны мүсінінің орнатылуы да бұл өсімдікке деген оңтүстіктің сүйіспеншілік белгісі.

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Бекмұратов

Жетісудағы ауданда интенсивті алма бақтарының көлемі 2500 гектарға дейін ұлғайтылмақ

Дереккөз: www.24.kz

Алатаудың баурайы алма бағын салып, жеміс-жидектер егуге өте қолайлы жер.

Президент өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «Қазақстан қазір де әлемдегі алма атаулының арғы атасы Сиверс алмасының отаны саналады» деген болатын. Осы танымал жемістің терең тарихының символы ретінде еліміздің оңтүстігіндегі ең әсем қаланың бірі Алматы деп аталғанын айтты. Бүгінде Іле Алатауын жағалай бақ салып нәсібін тауып отырған шаруашылықтардың саны күн санап артып келеді.

Бұл – Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылының тұрғыны Ринат Әшімовтың алма бағы. Аталған кәсіппен 2000 жылдан бері айналысып келеді. Күзгі-жиын терімді ойдағыдай аяқтаған бағбан аздап тыныққан соң келесі маусымға дайындықты бастайтынын айтады. Алма ағаштарын бұтап, техника ағымдағы жөндеуден өтеді.

Ринат Әшімов, шаруа қожалығының өкілі:

– Алғашында жоңышқа егетінбіз. Кейін отбасымызбен ақылдаса келе алма өсіруге көштік. Қазір 28 гектар бағымыз бар. Ерінбеген адамға Жер-Ана жақсы жемісін береді. Біздің шаруашылықта тұрақты түрде 8 адам жұмыс істейді. Ал маусым кезінде 35 адамға дейін жұмысқа аламыз.

Кәсіптің қыр-сырына қаныққан Ринат Әшімов тоңазытқыш қойма салады. Онсыз еңбегіміз еш кетеді дейді. Күзгі науқан кезінде баға арзан болады. Сондықтан тоңазытқышта сақтап, кейінірек сатқан анағұрлым тиімді. Бұған қоса қазақстандықтар да көктемге дейін отандық экологиялық таза өнімді пайдаланатын болады.

Ринат Әшімов, шаруа қожалығының өкілі:

– Біздің алмаларға ешқандай биологиялық қоспалар қосылмайды. Шетелден келетін өніммен салыстырғанда сапасы жақсы, ал дәмі тіл үйіреді. Жалпы Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарының тауға жақын жерлері алмаға өте қолайлы. Іле Алатауының баурайында өскен алманы ұлттық брендке айналдыруға болады.

Бәйдібек би ауылымен көршілес Қазақстан ауылдық округінің де негізгі кәсібі – алма өсіру. Қазір мұнда 1500 тонналық алма сақтайтын қойма бар. Жергілікті фермерлердің айтуынша, мемлекет тарапынан алма көшеттеріне, тыңайтқыштар мен суға субсидия беріледі. Ал кәсібін жолға қойған шаруашылықтар болса ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартуға атсалысып отыр.

Медет Жанәбіл, Қазақстан ауылдық округі әкімінің орынбасары:

– Бізде қазіргі таңда алманың көп сұрыптары отырғызылған. 600-ге жуық гектар алма бар. 800-ге жуық гектар жүзімдік бар. Соның ішінде қазіргі таңда мемлекеттің қолдауымен көптеген жаңа технологиялар бойынша алмалар отырғызылды. Мысалға, биыл Қазақстанға 94 гектарға жаңа технология бойынша алма отырғызылған.

2027 жылға дейін Еңбекшіқазақ ауданындағы интенсивті алма бақтарының көлемін 2500 гектарға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Тек келесі жылдың өзінде ауданда инвестициялық құны 3,5 миллиард теңге болатын 400 гектар интенсивті бақ отырғызылады. «Осындай қарқынмен жүре берсек, болашақта жыл он екі ай отандық алма қазақстандықтардың дастарханынан үзілмейтін болады», – дейді бағбандар.

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Эдуард Кон

Ақтөбеде Қоршаған ортаға ластауыш заттар мен сынап шығарындыларының және ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін ендірудің өзекті мәселелері талқыланды

Ақтөбеде Қоршаған ортаға ластауыш заттар мен сынап шығарындыларының және ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін (ЛШТТ) ендірудің өзекті мәселелері талқыланды. 2018 жылдың 15-16 қарашасында «Қоршаған ортаға ластауыш заттар мен сынаптың эмиссиялары: анықтау әдістері, түгендеу және Қазақстан Республикасының Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркеліміне қосу» семинары шеңберінде болып өтті.

Семинар «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығымен, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасымен және «Орнықты дамуға ықпал ету» орталығымен ұйымдастырылды.

Семинардың басты мақсаты – ЛШТТ мәселесі бойынша мамандардың әлеуетін арттыру және Қазақстандағы ЛШТТ енгізуді әдістемелік қамтамасыз етудің әзірлемесі үшін ұсыныстарды қалыптастыру болып табылады.

Семинарға 40-тан астам адам қатысты. Семинарға қатысушылардың қатарында үкіметтік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, өнеркәсіп кәсіпорындарының, Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығының,   Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының «Орнықты дамуға ықпал ету» орталығының өкілдері болды.

Семинар барысында ластауыш заттар шығарындыларын бақылау жүйесін дамыту бойынша ұсыныстар талқыланды. Қатысушылар Қазақстандағы ЛШТТ-ның негізгі маңызды аспектілері туралы ұсыныстарын жасады.

Семинар шеңберінде «Орнықты дамуға ықпал ету» орталығының қызметкерлерімен қоршаған ортаға  сынап және басқа да ауыр металдардың эмиссиялары, қоршаған ортаға жойылуы қиын органикалық ластауыштардың шығарындылар бағасы бойынша ЮНЕП және ЕМЕП-пен әзірленген эмиссияларды бағалаудың халықаралық әдістемелерін қарастырылды. Аталған әдістемелер семинарға қатысушыларға таныстырылды және талқылауға ұсынылды. БҰҰДБ ұлттық сарапшысы Қазақстандағы сынаптың ластануының қазіргі жағдайы туралы, атап айтқанда сынап бойынша Минамат конвенциясына қосылудың оң және теріс аспектілері туралы баяндама жасады.

«ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК маманымен топтарда тәжірибелік сабақ өткізілді, онда семинар қатысушылары (негізінен, өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдері) ЛШТТ бойынша онлайн-есептіліктің нұсқаларын толтырды.

Тыңдаушылар ЛШТТ бойынша есептілік жүйесін жетілдіру жолдарын және жүйеге барынша қол жеткізу мүмкіндігін қарастырды. Талқылау барысында қатысушылар ЛШТТ электрондық порталының құрылымы мен мазмұнын жетілдіру бойынша өз ұсынымдары мен ұсыныстарын жасады.

Семинар шеңберінде айтылған барлық ұсыныстар семинар Хаттамасында көрініс табады және болашақта Жобаны жүзеге асыруда және Қазақстанда ЛШТТ-ды ендіруді жүзеге асыруда қолданылатын болады.

«Требования законодательства РК по ведению государственного регистра выбросов и переноса загрязнителей»  баяндамасын жүктеу

«Обучающие видео-модули ЮНИТАР» баяндамасын жүктеу

«Предлагаемые изменения в системе РВПЗ в Казахстане»  баяндамасын жүктеу

«Методы оценки эмиссий загрязняющих веществ в окружающую среду. Национальные руководства по методам оценки для ключевых и приоритетных секторов»  баяндамасын жүктеу

«Программное обеспечение по предоставлению онлайн-отчетности в рамках РВПЗ»  баяндамасын жүктеу

«Стойкие органические загрязнители (СОЗ): свойства и особенности регулирования»  баяндамасын жүктеу

«Методология по оценке переноса СОЗ в воздух, сточные воды и почву (на основе Руководства ЮНЕП)»  баяндамасын жүктеу

«Опасное воздействие ртути и меры профилактики ртутной интоксикации: рекомендации Всемирной организации здравоохранения»  баяндамасын жүктеу

«Обращение с ртутью в рамках ТС Таможенные регламенты. Анализ импорта и экспорта ртути в Республике Казахстан»  баяндамасын жүктеу

«Минаматская конвенция о ртути Основные положения и рекомендации по присоединению Республики Казахстан к Конвенции»  баяндамасын жүктеу

«Методология определения и количественной оценки поступлений ртути в окружающую среду»  баяндамасын жүктеу  баяндамасын жүктеу

«Методология ЕМЕП по оценке выбросов тяжелых металлов в окружающую среду»  баяндамасын жүктеу

«Свинец в масляных красках для бытового применения в г.Астане»  баяндамасын жүктеу

«Практическое задание: расчет эмиссий СОЗ в воздух, сточные воды и почву»  жүктеу

«Практическое задание»  жүктеу

«Қоршаған ортаға әдейі босатуды реттеу және генетикалық өзгертілген организмдерді (ГӨО) нарықта орналастыру мәселелері бойынша Қазақстан заңнамасын реформалау» тақырыбында дөңгелек үстелі

2018 жылы 20 қарашада Астана қаласында ГӨО саласындағы мамандардың қатысуымен  «Қоршаған ортаға әдейі босатуды реттеу және генетикалық өзгертілген организмдерді нарықта орналастыру мәселелері бойынша Қазақстан заңнамасын реформалау» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел ҚР Энергетика министрлігі мен «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» РМК бірлесіп, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалары офисінің қолдауымен өткізілді.

Дөңгелек үстелде мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, ЖОО-ның өкілдері, сондай-ақ ГӨО саласындағы ұлттық және халықаралық сарапшылар қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – ҚР Экологиялық кодексінің жаңа редакциясында өзгерістер мен толықтыруларды ГӨО туралы түзету бөлігінде талқылау.

Кездесу барысында Орхус конвенциясына ГӨО туралы түзетуді ратификациялаудың қазіргі жағдайы және ГӨО өңдеу саласындағы шешімдер қабылдаудың негізгі талаптары, Қазақстан Республикасының ГӨО мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамаларына шолу, «ГӨО-дан бос Қазақстан үшін» қоғамдық науқанының тәжірибесі туралы мәселелер, ГӨО мен жумыс жасау саласындағы құқықтық базаны реформалау бойынша ұсыныстар талқыланды.

Дөңгелек үстел, мемлекеттік органдардың өкілдерімен және жұртшылықтың ГӨО саласындағы сарапшылармен белсенді өзара қарым-қатынас үшін жақсы алаң болды.

Дөңгелек үстелдің нәтижесінде Экологиялық кодекстің жаңа редакциясына Орхус конвенциясына ГӨО туралы түзету қағидаларын жүзеге асыру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін ұсыныстар берілді.

Маңғыстаулықтар ЕХРО жобаларының игілігін көре бастады

Дереккөз: www.24.kz

«ЕХРО 2017» көрмесі елімізде баламалы қуат көзін өндіретін инновациялық жобалардың көптеп жүзеге асуына жол ашты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Маңғыстау облысында 2020 жылға дейін жалпы қуаты 255 МВТ болатын күн және жел электр станцияларының оны іске қосылады. Бұл тұтас бір қала мен 5 ауылды тоқпен қамтуға мүмкіндік бермек. Ең бастысы электр энергиясының тапшылығы жойылып, тариф арзандайды.

ЕХРО-ның аймақтағы алғашқы жобасы алты ай бұрын іске қосылды. Батыр ауылындағы күн электр станциясы қазір 400 отбасыны тоқпен қамтамасыз етіп отыр. Бұл – еліміздегі баламалы қуат көзін өндіретін ең алғашқы отандық электр станциясы. Себебі құрылысқа тұңғыш рет Қазақстанда жасалған күн панельдері қолданылды. Инвестициялық жобаға 1 миллиард 200 миллион теңге жұмсалған.

Марат Үкібаев, мердігер мекеме өкілі:

– Нысан 27 гектар жерді алып тұр. Толық 8550 панель орналасқан. Қуаты – 2 МВТ. Күніне 10 мың, 11 мың КВТ тоқ береді.

Жазы аптап ыстық, ал қысы жылы аймақта күннің радиациясы жоғары. Сондай-ақ желдің жылдамдығы секундына 5-7 метрден асады. Бұл Маңғыстауда жыл бойы күн мен желден қуат алып, электр энергиясын үздіксіз өндіруге мүмкіндік береді. Табиғаттың сыйын тиімді пайдалану мақсатында Түпқараған ауданында үш бірдей жел электр станциясы салынып жатыр. Оның бірі биыл, ал екеуі келер жылы іске қосылады.

Бердібек Қартбаев, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының бөлім басшысы:

– Оның екеуі де инвестордың жеке қаражаты есебінен іске асырылуда. Бірінші жоба 43,6 МВт-тық ЖЭС. Бұлар монтаждық жұмыстарын толық аяқтайды. 1 қыркүйектен бастап тағы 42 мвт ЖЭС салынуда. Бұл жоба да келер жылдың жартыжылдығында аяқталады. Екі жоба іске асқан жағдайда Форт-Шевченко қаласын түгелдей электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Одан бөлек, қалған мұнай компанияларына тасымалдауға жеткізуге мүмкіндік болады.

Облыс басшылары арзан әрі адамзатқа зиянсыз және түгесілмейтін баламалы қуат көздерін дамытуға ниетті. 2019 жылы жалпы қуаты 153 МВТ болатын 6 бірдей электр станциясының құрылысы басталмақ. Бейнеу мен Жетібай ауылдарында жел, ал Шетпе, Жармыш және Оңды ауылдарында күн электр станциялары бой көтереді. Аталған жобалар электр энергиясының тапшылығын жойып, тарифтің арзандауына мүмкіндік бермек. Экологиялық қауіп-қатердің алдын алу үшін де жаңартылған энергияны дамытудың маңызы зор.

Авторлары: Гүлмира Әбішева, Ренат Досалиев Осы категория бойынша: « Қызметкерлеріне артық жұмыс істетіп, ақы төлемеген басшылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады Алматы облысында 220 учаскелік пункт салынады »

Трансшекаралық Жайық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі Қазақстан-Ресей комиссиясының бірінші отырысы

Дереккөз: www.energo.gov.kz

15-16 қарашада Мәскеу қаласында (РФ) Қазақстан Республикасының Энергетика Вице-министрі Сәбит Нұрлыбайдың және Ресей Федерациясы Табиғи ресурстар және экология Министрдің орынбасары Керимов Мурад Керимұлының төрағалығымен Трансшекаралық Жайық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі қазақстан-ресей комиссиясының бірінші отырысы өтті.

Отырыс ашық және сенімді атмосферада өтті.

Бұл отырыс 2016 жылғы 5 қазанда Астана қаласында Өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастық форумы шеңберінде қол қойылған «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы трансшекаралық Жайық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі Келісімді» іске асыру аясында өткізілді.

Отырыста екі елдің мүдделі Министрліктердің, мекемелердің және қоғамдық өкілдері, сонымен қатар ғалымдар мен депутатар қатысты.

Тараптар, Жайық өзені бассейнінің экожүйесінің қазіргі және бұдан әрі жай-күйінің жетілдіру перспективаларын талқылады, сонымен бірге талқыланып жатқан Жайық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау мәселесі Қазақстан мен Ресей үшін ғана емес, сондай-ақ барлық Еуразиялық аймаққа да маңыздылығы бойынша ортақ пікірге келді.

Отырыс нәтижелері бойынша Хаттамаға қол қойылып, сонымен қатар бірлескен Комиссия туралы Мәлімдемесі және «Жайық өзені бассейнінің экожүйесін жақсарту және трансшекаралық ластануын болдырмау жөніндегі» іс-шаралар жоспары қабылданды.

Қабылданған Іс-шаралар жоспары 11 тармақтан және Азия мен Еуропаның кеңістігін байланыстыратын және биоалуантүрлілігі мен тарихи-мәдени мұрасы бар бірегей табиғи-экологиялық кешенді құрайтын Жайық өзені бассейнінің экожүйесін жақсартуына бағытталған.

Сонымен қатар, тараптар Комиссиясының келесі отырысын 2019 жылы Қазақстан Республикасында өткізуге келісті.

 

15-16 қарашада Мәскеу қаласында (РФ) Қазақстан Республикасының Энергетика Вице-министрі Сәбит Нұрлыбайдың және Ресей Федерациясы Табиғи ресурстар және экология Министрдің орынбасары Керимов Мурад Керимұлының төрағалығымен Трансшекаралық Жайық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі қазақстан-ресей комиссиясының бірінші отырысы өтті.

Отырыс ашық және сенімді атмосферада өтті.

Бұл отырыс 2016 жылғы 5 қазанда Астана қаласында Өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастық форумы шеңберінде қол қойылған «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы трансшекаралық Жайық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі Келісімді» іске асыру аясында өткізілді.

Отырыста екі елдің мүдделі Министрліктердің, мекемелердің және қоғамдық өкілдері, сонымен қатар ғалымдар мен депутатар қатысты.

Тараптар, Жайық өзені бассейнінің экожүйесінің қазіргі және бұдан әрі жай-күйінің жетілдіру перспективаларын талқылады, сонымен бірге талқыланып жатқан Жайық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау мәселесі Қазақстан мен Ресей үшін ғана емес, сондай-ақ барлық Еуразиялық аймаққа да маңыздылығы бойынша ортақ пікірге келді.

Отырыс нәтижелері бойынша Хаттамаға қол қойылып, сонымен қатар бірлескен Комиссия туралы Мәлімдемесі және «Жайық өзені бассейнінің экожүйесін жақсарту және трансшекаралық ластануын болдырмау жөніндегі» іс-шаралар жоспары қабылданды.

Қабылданған Іс-шаралар жоспары 11 тармақтан және Азия мен Еуропаның кеңістігін байланыстыратын және биоалуантүрлілігі мен тарихи-мәдени мұрасы бар бірегей табиғи-экологиялық кешенді құрайтын Жайық өзені бассейнінің экожүйесін жақсартуына бағытталған.

Сонымен қатар, тараптар Комиссиясының келесі отырысын 2019 жылы Қазақстан Республикасында өткізуге келісті.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика