Дереккөз: www.energo.gov.kz
2018 жылғы 16 қазанда Қазақстанның оңтүстік аймағы үшін жиынтық қуаты 100 МВт жел электр станцияларының жобаларын іріктеу бойынша он сегізінші аукцион өткізілді.
Аукциондық сауда-саттық барысында жобалардың бірлік қуаты 50-ден 100 МВт-қа дейін 3 компаниядан 3 өтінім берілді. Өтінімдердің жалпы көлемі 250 МВт құрады. Аукциондағы бастапқы баға – 22,67 теңге/кВт*cағ. 3 сағаттық сессияның қорытындысы бойынша қатысушылардың өтінімдерінде ұсынылған баға диапазоны 20,9 теңге/кВт*cағ. 22,67 теңге/кВт*cағ. дейін артты.
Қатысушылар саны екеуден артық және сатып алынатын қуат мөлшері 130% жоғары болғандықтан, «Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына» сәйкес аукцион өткізілді деп саналды.
Аукционға бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, үкіметтік емес сектордың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Бақылаушылар аукционды ұйымдастырушы – «Электр энергиясы мен қуаты нарығының Қазақстандық операторы» АҚ-ның электрондық сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.
Электронды сауда-саттық қорытындысы бойынша келесі қатысушылар жеңімпаз болып анықталды:
Анықтама ретiнде:
ҚР ЭМ 22.02.2018 ж. №65 бұйрығымен бекітілген 2018 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу графигіне сәйкес ағымдағы жылдың 23 мамырынан 7 маусымына дейін және 3-18 қазан аралығында Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің жобаларын іріктеу бойынша алғашқы халықаралық аукциондық сауда-саттық өткізіледі.
Аукциондық сауда-саттық, жаңартылатын энергия көздерін жоспарлы дамыту кезеңдерінің бірі бола отырып, ең тиімді жобаларды іріктеуге және жаңартылатын энергия көздері арқылы өндірілетін электр энергиясына нарықтағы бәсекелес бағаларды қалыптастыруға бағытталған.
ҚР Энергетика министрлігімен бекітілген 2018 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу графигіне сәйкес, ағымдағы жылда белгіленген қуаты 1 000 МВт көлемінде аукциондық сауда-саттықтың өткізуі мынадай электр станцияларының түрлері бойынша жоспарлануда:
– күн электр станциялары – 290 МВт;
– жел электр станциялары – 620 МВт;
– гидроэлектр станциялары – 75 МВт;
– биоэлектр станциялары – 15 МВт.
«Электр энергиясы мен қуаты нарығының Қазақстандық операторы» АҚ аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушысы болып анықталды.
ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі
Дереккөз: www.energo.gov.kz
2018 жылы 23 қазанда Алматыдағы «Атакент» ҚІСО Орталық Азиядағы энергетика саласындағы ең негізгі іскерлік оқиғалардың бірі – «Энергетика, Электротехника және Энергетикалық машина құрылысы» – Powerexpo Almaty 2018 17-ші Халықаралық Қазақстандық көрмесі өз жұмысын бастайды.
Үш күн ішінде көрмеде мамандардың назарына кабельдік-өткізу өнімдері, электротехникалық, жарық техникалық, конденсаторлық жабдықтар, бақылау-өлшеу аспаптары, монтаждау құралдары, гидроэнергетикадағы және заманауи энергетикалық кешендер құрылысындағы заманауи технологиялар, сонымен қатар энергетикалық салаға арналған қызметтердің түрлері ұсынылады.
Жыл сайын Powerexpo Almaty экспоненттердің санының тұрақты өсуі мен шетелдік компаниялар тарапынан қызығушылықтың артуын көрсетеді. 2018 жылы көрмедегі тауарлар мен қызметтерді Австрия, Әзірбайджан, Беларусь, Германия, Италия, Қазақстан, Қытай, Ресей, Түркия, Украина, Өзбекстан, Чехия сияқты 12 елден келген 80 астам компания ұсынады. 20 астам кәсіпорын Германия мен Қытай ұлттық стендтерін ұсынбақ.
Powerexpo Almaty көрмесінің 30% астам қатысушыларын Alageum Electric, Savoir Faire, VALSA, Астана электротехникалық зауыты, Бреслер СҮ, КЭМОНТ, Өскемен конденсатор зауыты, Силумин-Восток, Электросервис ӨФ, ЭНСТО Қазақстан және тағы басқа жетекші қазақстандық компаниялар құрайды.
Baku Cable Goknur (Азербайджан), Lampar SRL (Италия), KMB Systems (Чехия), Omicron Electronics GmbH (Австрия), Sieyuan Electric co., LTD (Қытай), Tyco Electronics Raychem GmbH (Германия), Untel Kablolari Sanayi ve Ticaret AS (Түркия), МИР ҒӨБ, Свердлов ток трансформаторы зауыты (Ресей) және т.б. шетелдік тәжірибелерімен бөлісетін болады. Чуваш Республикасының ұжымдық стенді өз өңірінің кәсіпорынын ұсынбақ.
Осы жылғы көрменің дебютанттары – Cyber Power Systems, Kabel Tech Energy, KMB Systems, NTE, UGS, Untel Kablolari Sanayi ve Ticaret AS, Volta Macchine, Ай-Тор, Джистар, Қазақ техникалық даму институты, Кисан, Пермспецкабель ӨКФ, Сумгаит технологиялық паркі.
Бүгінде Қазақстан Астанда өткен ЭКСПО-2017 ұсынылған энергия үнемдеу технологиясын енгізу жолымен, отын-энергетикалық ресурстарды тұтынуды оңтайландырып, табиғатты қорғау қызметінің тиімділігін арттырып және «жасыл» инфрақұрылым жасай отырып, біртіндеп «жасыл экономикаға» өтуді іске асыруда.
Республикадағы жел және күн бойынша едәуір ресурстық әлеуеттің болу факторын, ұдайы техникалық прогрестің және жасыл энергетикадағы жабдық құнының төмендеуін ескере отырып, Powerexpo Almaty 2018 көрмесі өзекті проблемаларды кеңінен талқылау, жаңа технологиялардың тұсаукесерлері мен тәжірибе алмасудың арқасында энергетика саласындағы отандық өндіруші компаниялардың және шаруашылық етуші субъектілерінің әлеуетін ашады және күшейтеді.
Көрменің кәсіби дайындығы мамандарға энергия үнемдеу саласындағы заманауи үрдістермен, энергия тиімділігін арттыруға арналған жаңа құралдармен танысуға, энергия тұтыну мәдени саласындағы біліммен және зерттемелермен алмасуға және тұрғындар мен бизнес үшін энергия ресурстарының ұтымды баға саясатын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Powerexpo Almaty 2018 іскерлік бағдарламасы тақырыптық дөңгелек үстелдерді, іскерлік кездесулерді және семинарларды қамтиды, мәселен, 23 қазанда семинарды ЛАПП Қазақстан және Alageum Electric компаниялары өткізеді, 24 қазанда іскерлік бағдарламаны Электроприбор компаниясы мен МИР ҒӨБ жалғастырады, ал Қазақстандық Энергоаудиторлар Қауымдастығы энергоаудит мәселесі бойынша кезекті білім беру семинарын өткізеді.
17 жыл бойы көрмені Iteca көрме компаниясы ITE Компаниялар тобымен (Ұлыбритания) өткізіп келе жатқандығын атап өту керек. Power Kazakhstan (қазіргі уақытта Powerexpo Almaty) көрмесі Дүниежүзілік көрме индустриясы қауымдастығының (UFI) «UFI Approved Event» белгісімен атап өтілген. Көптеген отандық және шетелдік жабдық жеткізушілер үшін Powerexpo Almaty көрмесіне қатысу бизнесті дамытудың стратегиялық перспективаларымен тікелей байланысты.
Жылы көрме «Самрұқ-Энерго» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ; жетекші халықаралық және жергілікті энергетикалық компаниялардың және электр жабдықтары мен технологияларын өндіруші компаниялардың; ӨЭК, ЖЭС, ГЭС, МАЭС; өнеркәсіптік тұтынушы кәсіпорындар энергетиктерінің және саладық мамандарының, ғылыми-зерттеу және жобалау институттарының, энергетика одақтарының және қауымдастықтарының қатысуымен өтетін болады.
Көрме өз жұмысын 23 қазанда бастап, 25 қазанға дейін жалғастырады.
сілтмесін басып, көрмеге тегін билет ала аласыз.
Дереккөз: www.energo.gov.kz
2017 жылдың 10 – 11 қазан аралығындаДушанбе қаласында (Тәжікстан Республикасы) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық экологиялық кеңесінің IV отырысы өткізілді.
Аталған отырыстың шеңберінде ТМД қатысушы мемлекеттердің қоршаған ортаны қорғау саласында ынтымақтастықты нығайту бойынша проблемалық сұрақтар талқыланды, даму бағыттары бойынша пікір-таластармен алмасуы өтті.
ТМД қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық экологиялық кеңесінің IV отырысында қоршаған ортаны қорғау ведомстволарының басшылары өз елдерінің биологиялық әртүрлігін, атмосфералық ауаны, жер қойнауын қорғау шеңберінде озат тәжірибелері туралы айтты. ҚР Энергетика вице-министрі С. Нұрлыбай ТМД елдерінің қоршаған ортаны қорғау саласындағы екіжақты ынтымақтастықтары туралы өзекті мәселелері, соның ішінде Жайық-Орал трансшекаралық өзенінің экожүйесін қорғау жөніндегі қазақстан-ресей комиссиясының жұмысы туралы айтып өтті.
Сонымен бірге, Мемлекетаралық экологиялық кеңесінің мүшелері «Мемлекетаралық экологиялық кеңесінің III отырысының шешімдерін және іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы», «Экология және қоршаған ортаны қорғау туралы кейбір сұрақтары құзырларына кіретін ТМД органдарымен әрекетті ұйымдастыру туралы» шешімдерді қабылдады. ҚР Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары З. Жолдасовтың «Қазақстан Республикасында жаңа Экологиялық колекстін жобасын дайындау жөніндегі өткізіліп жатқан жұмыс туралы» баяндамасы тыңдалды.
Кеңестің практикалық жұмысы ретінде, тәжік тарапының су ресурстарын реттеу тәжірибесімен танысу үшін 11 қазанда қатысушылар Нурек ГЭС-на барып шықты. ТМД қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық экологиялық кеңесінің регламентіне сәйкес кеңес мүшелері кеңестің төрағалығын Ресей Федерациясынан Тәжікстан Республикасына ауысу туралы шешім қабылдады. ТМД қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық экологиялық кеңесінің төрағалығына Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы Қоршаған ортаны қорғау комитетінің төрағасы Ибодзода Хайрулло сайланды.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Экотерра» ЖШС; «Фирма Ада Ойл» ЖШС; «ӨзенМұнайСервис» ЖШС; «BNG LTD» (БиЭнДжи Лтд) ЖШС; «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ; «AB Petroleum Capital» ЖШС.
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
Дәріс оқығандар:
Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;
Букенова Саида Бекбулатовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің Қалдықтар кадастры басқармасының басшысы;
Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті директоры;
Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті директорының орынбасары;
Абдрахманова Жанара Беркутовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Каратаева Динара Ахметовна – ҚР ЭМ бас сарапшысы.
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.
ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы қазанның 10-нан 12-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Экотерра» ЖШС; «Фирма Ада Ойл» ЖШС; «ӨзенМұнайСервис» ЖШС; «BNG LTD» (БиЭнДжи Лтд) ЖШС; «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ; «AB Petroleum Capital» ЖШС.
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
Дәріс оқығандар:
Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;
Букенова Саида Бекбулатовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің Қалдықтар кадастры басқармасының басшысы;
Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті директоры;
Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті директорының орынбасары;
Абдрахманова Жанара Беркутовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Каратаева Динара Ахметовна – ҚР ЭМ бас сарапшысы.
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.
Дереккөз: www.24.kz
Дереккөз: www.24.kz
Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ұйытқы болуымен салада жүрген ірі компаниялар Ордабасы ауданының белді фермерлерін жинап, техникалар мен мақтаның жаңа сұрыптарын көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Басқосуда әлемнің 60-тан астам елін ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз етіп отырған компания өкілдері диқандарға жаңа көліктерге қол жеткізудің жолдарын түсіндірді. Ордабасы ауданындағы ірі шаруашылық жаңа техникамен толық қамтылған. Қазір мұндағы комбайндар шаруашылыққа тиесілі 500 гектар алқаптағы мақта дақылын орып жатыр. Сонымен қатар жиын барысында диқандардың назарына мақтаның жаңа сұрпы ұсынылды. Шетелден әкелінген тұқымдардың артықшылығы мен ерекшелігі жайында шаруаларға мол мағлұмат берілді.
Алмат Нұрекеев, техникамен қамтамасыз ететін компанияның агроном-кеңесшісі:
– Біз алдымен олардың жерін тексереміз. Қатты ма, жұмсақ па? Соған орай өзіміздің техникаларымызды ұсынамыз. Егер шаруа техниканы алатын болса, 14 пайыздың онын мемлекет төлеп береді, 4 пайыз жеңілдікпен шаруа техниканы алуға мүмкіндігі бар.
Бауыржан Жарқынбекұлы, тұқыммен қамту компаниясының өкілі:
– Мысалы, Түркияда 60 центнерден алады, 50 алса аз екенін айтады, Израильде де, АҚШ-та да сондай. Түркиядан «лотос» деген ұрық алдық, 50 гектарға егіп, тексеріп көрдік. 140 күнде пісті, бірақ шанақтың саны көп. Гектарына 40 центнерден өнім берді. Одан кейін АҚШ-тан 3 сорт әкелдік. Біздің климатқа қайсысы жақсы келеді, сонымен жұмыс істей береміз.
Дереккөз: www.energo.gov.kz
Алматы облысы бойынша экология департаменті қоршаған ортаға эмиссияны азайту бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізуде.
Сондай – ақ облыстың ірі қала құраушы кәсіпорындарының бірі болып өзінің техникасы мен технологиясын үнемі жетілдіріп, қоршаған ортаны сауықтыруға белсене қатысатын «Қайнар АКБ» ЖШС кәсіпорыны болып саналады.
Осылайша «Қайнар АКБ» ЖШС 2015 жылдан бастап Алматы өңірінде алғаш рет жазғы кезеңде көмірдегі қазандықты тоқтатумен, шаруашылық тұрмыстық учаскелерді және асхананы ыстық сумен қамтамасыз ету үшін гелиоқондырғыларды енгізе бастады. Бұл атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын 30% – ға төмендетуге алып келді.
“Зенит ТВК” ЖШС-мен газдандырудың инженерлік жүйелерін жобалау және салу үшін өндірістік базаны жылытуға және өндірістік қажеттіліктерге шарт жасады. Жобаның жалпы құны 119 млн. теңгені құрады, оның 44 млн. теңгесі төленді.
Бүгінгі таңда жобалық құжаттамалар сараптамадан және келісуден өтті.
Желтоқсан көшесінен бастап Медеу көшесінен «Қайнар-АКБ» ЖШС дейінгі ұзындығы 1,1 км жол салынды.
Зауыт ішінде газ құбырының ішке тарату желілерінің құрылысы жүргізілуде.
Кәсіпорын қолданыстағы энергия көздерін табиғи газға көшіруді жоспарлап отыр: балқыту құрылысы, тазарту, негізгі өндірістік құрал-жабдықтар, асхана, күзгі-қысқы кезеңде қазандықты жылыту.
Болашақта негізгі өндірістің өндірістік үй-жайларын, механикаландырылған кесу учаскесін, моноблоктардың корпусын, құрал-сайман учаскесін табиғи газбен жылытатын болады.
Газдандыру объектілерін пайдалануға беру атмосфераға зиянды заттардың жалпы шығарындысының шамамен 25-35% – ға төмендеуіне әкеледі.
«Ақпараттық Қазақстан-2020 мемлекеттік бағдарламасы туралы» ҚР Президентінің 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 464 Жарлығын орындау мақсатында «Қайнар АКБ» ЖШС алғашқылардың бірі болып нақты уақыт режимінде өндірістік экологиялық мониторингтің автоматтандырылған станцияларын орнату бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды (онлайн).
ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі
Дереккөз: www.24.kz
Ақтөбелік шаруалар асылтұқымды малдың толайым табыс көзі екенін түсінді.
Мысалы, бір ғана «Сыбаға» бағдарламасы арқылы өңірде ірі қара саны еселеп көбейген. Жаңартылған бағдарлама бойынша жақында 75 бас «герефорд» асылтұқымды сиыры әкелінді. Шалғайдағы ағайын ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы мал басын әлі де молайтпақ.
Ресейдің Пермь аймағынан етті бағыттағы асылтұқымды ірі қара әкелінді. Екі елдің климаты ұқсас болғандықтан, ерекше күтімді қажет етпейді. Шаруа қожалығының иесі Ринат Ерғалиев 2016 жылы қордан алғаш рет «Игілік» бағдарламасы арқылы 6 млн теңге жеңілдетілген несие алған.
Ринат Ерғалиев, «Қызылшоқы» шаруа қожалығының жетекшісі:
– Сол 6 млн теңгеге біз 30 бас аналық сатып алдық. Бірінші алған несиеміз өте ыңғайлы болды. Біріншіден, проценті аз, мерзімі бізге қолайлы болды.
Несие алғаннан кейін, шаруаның ісі оңға басқан. Үлкен база салып, жайылым жерін кеңейткен. Малдың жем-шөбін де өздері дайындайды. Жас мал бордақылау алаңдарына тапсырылып, еті экспортқа шығарылады.
Ринат Ерғалиев, «Қызылшоқы» шаруа қожалығының жетекшісі:
– Биыл 2018 жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 40 млн теңге алдық. Қазір бүкіл мал карантиннен өтіп, өз жерімізде бағылып жатыр.
Елбасы биылғы Жолдауында экспорттың әлеуетін арттыруды тапсырған еді. Осы орайда, алдағы 5 жылда еңбек өнімділігі мен экспорт көлемін 2,5 есеге дейін өсіру жоспарда.
Гүлжанат Ерғазина, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АОФ директоры:
– «Сыбаға» бағдарламасы бойынша бізде 37 шаруа қожалығы шет мемлекеттен 2000-ға жуық мал басын әкелуге несие алып отыр.
Жеңілдетілген талаптармен 15 жыл мерзімге 70 млн теңгеге дейін несие алуға болады. Тек мал емес, қажетті техника сатып алуға да мүмкіндік бар.
Бағдарлама бойынша үстеме пайыз субсидиялау жолымен 4 пайызға дейін төмендетілді.
Авторлары: Ақсәуле Байменшина Болат Молдағалиев
Дереккөз: www.24.kz
Атырау облысындағы Қиғаш және Жайық өзендерінің түбін тереңдету жұмыстары ауқымды түрде жүргізіліп жатыр.
Соңғы рет бұл өзендерде мұндай жұмыстар өткен ғасырдың 80 жылдары жүргізілген болатын. Жайық және Қиғаш өзендерінің түбін тереңдетудегі көзделген мақсат – балық жүретін арналарда олардың жойылып бара жатқан бағалы тұқымдарының өсімін ұлғайту, уылдырық шашуына еркін өтуін қамтамасыз ету.
40 жыл ішінде тоғандардағы су апатты жағдайға дейін төмендегенімен қоймай, Жайық өзені шамадан тыс ластанды. Кейбір тұстарында су деңгейі небәрі 40-50 см болып қалған. Арнаның ені 40 метр, қазір соның 25 метрі 2,5-3 метр тереңдікте қазылып жатыр.
Мақсат Сәдуақасов, «Павлодар өзен порты» АҚ төрағасының орынбасары:
– Біз тамыз айынан бері Қиғаш өзенінің Шарон-Шортанбай тармағында 3 шақырым тереңдікте, теңізге дейін 1 мың метр көлемінде қазу жұмыстарын жүргіздік. Сондай-ақ өзендерді қоқыстан тазарттық. Қиғашта біз 480 мың текше метр жерді қазуымыз керек, осы жоспарды жыл аяғына дейін орындаймыз.
Бұл жұмыстар өзендердің экологиялық жүйесіне зиян келтірмейді. Керісінше өзен түбіндегі шөгінділер өсімдіктердің өсуіне ықпал етеді және балықтың өсуіне оң әсерін тигізеді дейді мамандар. Жергілікті тұрғындар қазу жұмыстары толық аяқталғаннан кейін аумақтың тазалығын тексеріп, қадағалап отыратын бір мекеме құрылса дейді.
Саясат Зұлқарнаев, Шортанбай ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы:
– Бұл өзек балық жүретін өзек. Осыдан енді 126 шақырымды өзінің уақытында бітірсе енді алға қарай осы елді-мекенімізде, ауылымызда, ауданымызда балық өнімі көбейеді деген ойдамыз.
Бұл жұмыстар өзендердің биологиялық алуан түрлілігі үшін қолайлы жағдайлар жасаумен мелиорация және өзен арналарын тереңдетуге бағытталып отыр. Өзендердің түбін тереңдету жұмыстары 2017-2020 жылдар аралығында төрт жылға созылады. Сондай-ақ осы жоба аясында қашықтығы 16,9 шақырым болатын жаңа өзен арнасы қазылады.
Авторлары: Бекен Әлирахым, Жандос Рахметуллин