Фариза Налекова | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Қарағанды облысының егіс алқаптарына алғаш рет жаңа технология қолданылды

Дереккөз: www.24.kz

Биыл Қарағанды облысының егістік алқаптарына алғаш рет егін егудің жаңа технологиясы қолданылды, деп хабарлайды «Хабар24».

«Ауыл шаруашылығын цифрландыру» бағдарламасын әзірге Нұра және Осакаров аудандарының диқандары жүзеге асырып отыр. Ол үшін отандық және еуропалық ғылыми институттардың көмегіне жүгінген. Нәтижесінде сынақ түрінде егілген алқаптардан өнім әр гектарына 40-60 центнерден жиналды.

Нұра ауданының Шахтер ауылындағы шаруа қожалығы биыл 37 мың гектар алқапқа дәнді және майлы дақылдар еккен. Биыл мұнда бірінші рет жаңа технология қолданысқа енгізілді. «Ауыл шаруашылығын цифрландыру» бағдарламасы бойынша сынақ түрінде 500 гектар алқапқа дән сіңірілген. Нәтижесі жаман емес. Өнім 40-45 центнерден айналып жатыр.

Георгий Прокоп, шаруа қожалығының жетекшісі:

– Алдымен алқаптың электронды картасын жасадық. Тәжірибе ретінде 500 гектар жерден топырақ сынамалары алынып, сандық технология көмегімен құрамындағы фосфор, калий, азоттың мөлшерін анықтадық. Бұған қоса, түбегейлі тексеру үшін Еуропадағы зертханаға жібердік. Сөйтіп, көктемде ылғалды алқапқа егін салынды. Өнімділік 30-35 пайызға дейін жақсарды.

Сандық технология шаруашылықтағы картоп алқабына да енгізілді. Ылғалы мен тыңайтқышы келісті танаптардан мол өнім жиналуда. Өткен жылмен салыстырғанда, 30 пайызға жоғары. Оның үстіне биыл Германиядан 20-дан астам жаңа техника жеткізілген.

Дидар Ақышев, механизатор:

– Картопты үшінші жыл егіп жатырмыз. 2017 жылы 220 гектар болған. Биыл 450 гектарға салдық. Бір гектардан 40 тоннадан алып жатырмыз.

Еліміз бойынша егістік алқаптарға сандық технологияны енгізген 9 шаруашылық болса, соның екеуі Қарағанды облысында. Бұл алқаптарда тіпті жердің температурасы мен ылғалдылығын көрсететін метеостанциялар да орнатылыпты. Жалпы биыл өңірде 826 мың гектардан дәнді-дақыл, 9 мың гектардан картоп және 1442 гектар жерден көкөніс жинау көзделген.

Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Василий Савкин, Әсет Асайынов

Баспасөз хабарламасы ҚР Энергетика министрлігінде ҚР Энергетика вице-министрі С. Нұрлыбай РФ ғылыми-зерттеу институтының директоры Д.О. Скобелевпен кездесті

Дереккөз: www.energo.gov.kz

2018 жылы 3 қазанда ҚР Энергетика министрлігінде Энергетика  вице-министрі С. Нұрлыбайдың төрағалығымен Ресей Федерациясының ең озық қолжетімді технологиялар (ОҚТ) Бюросының басшысы, «Экологиялық өнеркәсіптік саясат орталығы» ғылыми-зерттеу институтының директоры Д.О. Скобелевпен кездесу өтті.

Кездесуге ҚР Парламенті Мәжілісінің, Ауыл шаруашылығы, Инвестициялар және даму министрліктерінің, Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастықтарының, тау-кен өндіруші және тау – кен металлургия кәсіпорындарының, тұрақты даму үшін табиғат пайдаланушылардың, «Атамекен» сауда-өнеркәсіп палатасының, Америкалық сауда палатасының және т. б. өкілдері қатысты.

 «Мемлекет басшысы Энергетика министрлігіне экологиялық кодексті өзектендіру бойынша міндет қойды. Осыған байланысты, өндіріс үдерісіндегі ОҚТ қағидаларын енгізу бойынша басқа елдің тәжірибесі бізге өте қызықты. Ресей Федерациясы осы бағытта пост-кеңестік кеңістіктегі алғашқы елдердің бірі болды, ол кәсіпорындарға ең озық қолжетімді технологияларды пайдалануға және кешенді экологиялық рұқсаттарға ауысуды ұсынуға шешім қабылдағандығын» вице-министр С. Нұрлыбай кездесу барысында атап өтті.

Өз кезегінде Д. Скобелев ресейлік ең озық қолжетімді технологияларды енгізу тәжібиесінің презентациясын ұсынды. Д. Скобелев кіріспе сөзінде барлық мүдделі тараптардың мүдделерін ескере отырып, қоршаған ортаны қорғауға теңгерімді көзқарастарды әзірлеу маңыздылығын атап өтті.

Өткізілген кездесудің қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Республикасындағы ОҚТ негізделген реттеу жүйесіне өту шеңберінде консультацияларды жалғастыру және тәжірибе алмасу туралы шешім қабылдады.

ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі

KIOGE 2018 конференциясы: мұнай-газ саласының өсу қозғаушысы, цифрландыру және заңнамадағы өзгерістер.KIOGE 2018 конференциясы: мұнай-газ саласының өсу қозғаушысы, цифрландыру және заңнамадағы өзгерістер

Дереккөз:  www.energo.gov.kz

2018 жылдың 26-27 қыркүйегі аралығында Алматы қаласындағы Intercontinental-да Қазақстанның және бүкіл Каспий аймағының мұнай-газ өнеркәсібі саласындағы бірегей іс-шарасы – 26-шы Қазақстан халықаралық мұнай және газ конференциясы – KIOGE 2018 өтеді. Іс-шарада Қазақстанның және бүкіл Каспий аймағының мұнай және газ нарығының үрдістерін талқылау және талдау үшін мұнай-газ саласының 1000-нан астам кәсіпқойлары кездеседі. KIOGE 2018 конференциясының Бас ақпараттық серіктесі – «Хабар» агенттігі.

KIOGE 2018 конференциясы жұмысына Қазақстанның Энергетика министрлігі, саланың жетекші компаниялары, сондай-ақ қазақстандық және халықаралық салалық ассоциациялар қатысады.

Жыл сайын KIOGE 2018 конференциясы алаңы енгізілуі Республиканың мұнай және газ өнеркәсібін одан әрі дамытуға бағытталған ғылыми-техникалық әзірлемелер, жаңа тәсілдер мен шешімдерді талқылау орталығына айналады. Ірі нарық қатысушылары мен мемлекеттік органдардың өкілдері 26 қыркүйек күні сағат 12:00 «Инновациялар мен халықаралық ынтымақтастық тұрақты дамудың негізгі факторлары ретінде» атты сессияда көтерілген мәселелерді талқылау үшін кездеседі. Джон Робертс, Энергетикалық қауіпсіздік маманы, БҰҰ Комиссиясы Еуропалық Одақтың мүшесі және Atlantic Council, Washington DC аға ғылыми қызметкері модератор болады.

Саланың ең көп талқыланатын мәселелерінің бірі – Қазақстан Республикасының заңнамасындағы жаңа өзгерістер. Оның мемлекет, жер қойнауын пайдаланушылар және инвесторлар үшін барлық артықшылықтары мен кемшіліктері туралы «KAZENERGY» қауымдастығы, Мұнай-газ саласындағы заңгерлердің қазақстандық қауымдастығы және Eni компаниясының мамандары талқылайды. 26 қыркүйек күні сағат 14:00 «Жаңа заңнама ҚР өндіруші секторы және Инвесторларға қалай әсер етеді» тақырыбында пікірталастық панель өтеді.

Мұнай және газ кен орындарын цифрландыру жаһандық үрдісіне байланысты бүгінгі күні енгізілетін технологиялардың экономикалық тиімділігі, мамандарды дайындау және техникалық қайта жарақтандыруға қатысты мәселелер  өзектіге айналуда. KIOGE 2018 конференциясы алаңы қазірдің өзінде цифрлық жобаларды ойдағыдай іске асырып жатқандар компаниялар, сондай-ақ инновацияларды енгізу жайлы ойланып жүргендер үшін де кездесу орталығы болмақ.

26 қыркүйек күні сағат 15:30 «Мұнай-газ саласын дамыту үшін жаңа шешімдер» сессиясы өтеді, оған «Ембімұнайгаз» АҚ, BitfuryKazakhstan, SIEMENS, BHGE, SAP, Шлюмберже Лоджелко Инк, «Узнефтепродукт» АҚ басшылары баяндамашы ретінде қатысады.

27 қыркүйекте, Конференцияның екінші күні шеңберінде сарапшылар «Мұнай және газды тасымалдау – даму перспективасына жаңа көзқарас» және «Мұнай сервисі Қазақстан индустриясының перспективалы бағыттарының бірі ретінде» мәселелерін талдайды. Сессияларға ILFConsultingEngineers, РоземГруп, ТМК және DOW және «NADLoC» жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ топ-менеджерлері қатысады.

Түстен кейін мұнай-газ саласының PR-мамандарының кездесуі және Теңізшевройл компаниясының «ТШО цифрландыруын дамыту» тақырыбындағы семинары өтеді. Мұнай-газ индустриясы саласындағы цифрландырудың қорытынды тақырыбы «Цифрлық түрлендіру дәуірінде адами фактор» болады. Сессия пікірталастық панель форматында өтеді, оған «Самрұқ-Қазына» АҚ, «KAZENERGY қауымдастығы», «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ, SAP секілді ірі ұлттық, мұнай және технологиялық компаниялардың  HR-директорлары мен башылары, сондай-ақ батыс компанияларының сарапшы-кеңесшілері қатысады.

KIOGE 2018 ұлттық компаниялар мен ABB, McKinsey&Company және Лукойл секілді нарықтың ірі мұнай қатысушыларының ресми делегацияларын қабылдайды. Мамандар KIOGE конференциясының пленарлық сессиялары, пікірталастық панельдеріне, сондай-ақ мұнай-газ саласының ірі ойыншыларымен іскерлік кездесулерге қатысады.

Осы жылдың маңызды оқиғасы «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ және «ITECA» қазақстандық көрме компаниясы арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою болғанын еске саламыз. Осы құжат аясында, 2018 жылдан бастап KIOGE жұп санды жылдары, ал KAZENERGY Форумы тақ санды жылдары өтеді.  Келесі KIOGE 2020 жылдың қазан айында өтеді.

KIOGE дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ, «KazService» Қазақстанның сервистік компаниялар одағы, Қазақстан мұнайшы-геологтар қоғамы және қатысушы елдердің дипломатиялық миссияларының ресми қолдауымен өтеді.

KIOGE 2018 Алтын Серіктесті – «Теңізшевройл» ЖШС, «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» АҚ, «Каспий Құбыр Консорциумы», Dow Chemical. Күміс серіктестері – «Ембімұнайгаз» АҚ, Control Seal, «Комплект Арматура» ЖШС және «Ресей экспорттық орталығы» АҚ. Қола серіктестері – Baker Hughes, a GE company, Fluor Kazakhstan Inc., Wabag, ILF, HMS Group машина жасау және инженерлік холдингі.

KIOGE 2018 ұйымдастырушылары Iteca қазақстандық көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі ITE Group Plc (Ұлыбритания) болып табылады.

Көрме жайлы толығырақ ақпаратты, конференция бағдарламасы және семинарлар туралы kioge.kz –веб сайтынан ала аласыз.

Қазақстан мен Өзбекстанның қоршаған ортаны қорғау және Сырдария өзені бассейні суының сапасы жөніндегі бірлескен жұмыс тобының бірінші отырысының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Дереккөз: www.energo.gov.kz

2018 жылғы 27 қыркүйек – 28 қыркүйек аралығында Ташкент қаласында (Өзбекстан Республикасы) Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.М. Мирзиёевтың Қазақстан Республикасына жасаған сапары аясында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы 2017-2019 жылдарға арналған Экономикалық ынтымақтастық стратегиясына сәйкес және 1997 жылғы 2 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы қоршаған ортаны қорғау және табиғатты тиімді пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес, қоршаған ортаны қорғау және Сырдария өзені бассейні суының сапасы жөніндегі Қазақстан мен Өзбекстанның бірлескен жұмыс тобының (комиссиясының) бірінші отырысы өтті.

Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі С. Нұрлыбай бастады.

Отырыста екі республиканың мемлекеттік экологиялық бақылауы, қоршаған ортаның мемлекеттік мониторингі, Сырдария трансшекаралық өзенінің экологиялық жағдайы туралы мәселелер талқыланды. Өзбекстан үшін Қазақстан су сапасы мәселелері бойынша екі жақты жұмыс органын құрған алғашқы ел.

Отырыс қорытындысы бойынша Жұмыс тобы туралы ереже қабылданды, оның құрамы мен 2018-2020 жылдарға арналған Жұмыс жоспары бекітілді.

Жұмыс тобы мынадай міндеттерді іске асыруды қарастырады:

– мониторинг саласындағы әлеуетті талдау және үйлестіруді қамтамасыз етуге арналған ресурстық талаптарды айқындауды қоса алғанда, ұлттық әдіснамалар үйлесімділігін зерттеу;

– ұлттық стандарттарды ескере отырып және сапаны қамтамасыз етудің бірыңғай және салыстырмалы жүйесін қоса отырып, жер үсті суларының сапасына бірлескен мониторинг жүргізу бойынша нұсқаулықтарды әзірлеу;

– жер үсті суларының сапасын бақылау бағдарламаларын іске асыру үшін әлеуетті арттыру бойынша ұсынымдар беру;

– су сапасына жүйелі мониторинг жүргізу және ақпарат алмасу;

– қоршаған ортаны қорғау саласындағы әрбір Тараптың нормативтік-құқықтық және техникалық құжаттарымен алмасу;

– трансшекаралық өзендердің ластануының алдын алуға және олардың ластануына  жауап қату бойынша бірлескен шараларды әзірлеу;

– судың жай-күйіне теріс әсер ететін көздер тізімін анықтау, олардың алдын-алу және ақпарат алмасу бойынша шаралар қолдану;

– ластану фактілері бойынша ерте хабарлау механизмін әзірлеу;

– халықаралық сарапшылар, қаржылық және донорлық институттарды тартумен бірлескен жобаларды бастамалау;

– Сырдария өзені бассейнінің жоғары жағында орналасқан елдерді су сапасының мәселелері бойынша өзара ынтымақтастыққа тарту  бойынша бірлескен ұсыныстарды дайындау.

ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Ядролық медицина: Қазақстандағы қазіргі жағдай

Дереккөз: www. energo.gov.kz

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ядролық медицинаны қолдану жаңа терапевтік әдістерге байланысты және ерте диагностикалаудың арқасында қатерлі ісік және басқа аурулардан болатын өлім-жітімді азайтады.

Радиофармацевтикалық дәрілік заттар (РФДЗ) ядролық медицинада көптеген ауруларды, ең алдымен онкологиялықауруларды диагностикалау және емдеу үшін қолданылатын дәрі-дәрмектер. Минималды инвазивті, тиімді диагностика және ауруларды емдеудің арқасында ядролық медицина әртүрлі әлеуметтік маңызды аурулармен күресуде танымал болып келеді.

Бұл қалай жұмыс істейді.

РФДЗ құрамында радиоизотоптар деп аталатын радиоактивті заттар бар. РФДЗ түріне қарай олар әртүрлі органдарда және органның түрлі бөліктерінде, соның ішінде қатерлі ісік клеткаларын жұқтырған бөліктерінде жиналады.

РФДЗ бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін ыдырайды. Бұл жағдайда денеде радиоактивті заттардың мөлшері іс жүзінде нөлге дейін төмендейді және денеден зиян келтірмей толықтай жойылады.

 

Радионуклид диагностикасы (РНД)

РНД кезінде пациенттің тамырына РФДЗ енгізіледі, ол органдар мен тіндерге таралып, патологиялық ошаққа да түседі. Одан соң адамды ағзадағы зардап шеккен жерлердің суретін алуға мүмкіндік беретін арнайы сканерлеу құрылғысына орналастырады. РНД қатерлі ісік клеткаларының белсенділігі деңгейін және таралу процесін анықтайды, таңдалған емдеу тәсілінің дұрыстығын бағалауға және аурудың ықтимал қайталануын уақтылы анықтауға көмектеседі. РНД-ның арқасында жаңадан пайда болған қатерлі ісіктің дамуының бастапқы сатысында анықтау мүмкін болып отыр. Бұл қатерлі ісіктен болатын өлім-жітімді төмендетеді және науқастарда аурудың қайталануы санын айтарлықтай азайтады.

Басқа диагностика әдістерінің қасында РНД-ның бірқатар артықшылықтары бар:

– тексеру амбулаториялық жағдайда жүргізіледі,

– қарсы көрсетілімдер, жанама әсерлер және жас шектеулері жоқ

– инвазивті емес,

– науқас үшін қауіп-қатерсіз бірнеше рет қайталануы мүмкін,

– бір реттік жүктеме рентгендік зерттеуден 10 есе аз.

РНД-ның екі бәсекелес технологиясы бар – позитрон- эмиссионды томография (ПЭT) және бір фотонды эмиссиялы компьютерлік томография (БФЭКТ). ПЭТ-тің БФЭКТ алдындағы негізгі техникалық артықшылығы – радиоактивтік ыдырауды анықтаудың жоғары сезімталдығы, жоғары кеңістіктегі ажыратымдылығы, қатерсіз және қатерлі ісіктердің айырудың жоғары дәлдігі, радиациялың дозасының төмендігі.

Өз кезегінде, БФЭКТ технологиясы ПЭТ-ке қарағанда құнының төмендігі және диагностика мен РФДЗ-ның қолжетімділігі себепті онкологиядағы басымдықты технология болып санала бере алады. Қазақстанда бір БФЭКТ диагностикасының бағасы шамамен 5000 теңге, ал ПЭТ-сканерлеу пациентке 175 мың теңге тұрады. Шетелде бұл процедуралардың бағасы әлдеқайда жоғары: АҚШ-та 3000 доллардан, Еуропада 2000 еуродан жоғары.

ПЭТ үшін жартылай ыдырау уақыты 1-2 сағатқа дейінгі қысқа мерзімді изотоптар пайдаланылады, сондықтан ол үшін РФДЗ өндіру орталықта циклотронның болуын көздейді. 18F-ФДГ (фтор-дезоксиглюкоза) – бұл ПЭТ үшін кеңінен қолданылатын ең танымал РФДЗ.

Бүкіл әлем бойынша БФЭКТ үшін технеция-99m негізіндегі РФДЗ-лер кеңінен қолданылады, бұл оңтайлы ядролық-физикалық қасиеттермен және осы изотоптың қол жетімділігімен түсіндіріледі. Технеция диагностика қажеттіліктерінің  75-80%-н қамтиды.

Қазақстанда РФДЗ өндіретін негізгі кәсіпорын – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Ядролық физика институты» РМК (ЯФИ РМК). Оның базасында 2016 жылы радиофармацевтикалық препараттар өндірісінің корпусы мен радиациялық стерилизация корпусынан тұратын Ядролық медицина және биофизика орталығы пайдалануға берілді.

ҚР ЭМ ЯФИ РМК екі РФДЗ-ны – натрий пертехнетатын (99mTc) және натрий йодидін (131I) сериялық түрде өндіреді және оларды еліміздің РНД филиалдарына жеткізеді.

Қазақстанда жалпы радионуклидтік диагностиканың 6 бөлімшесі жұмыс істейді: ҚР ЖПБ Медициналық орталығының ауруханасы және Астанада «UniversityMedicalCenter» корпоративтік қоры, «Сұңқар» онкология орталығы, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, Алматы Онкология және радиология ҒЗИ, сондай-ақ Семей қаласының Өңірлік онкологиялық диспансері.

Елімізде радионуклидті терапия (РНТ) жоқ. Бұл процедурада, сондай-ақ диагностика кезінде ағзаға РФДЗ енгізіледі. Аурудың түріне және басқа факторларға байланысты РФДЗ ауыз арқылы, тамырға, тіндерге немесе қуысқа салу жолдары арқылы жүзеге асырылады. РФДЗ-ның патологиялық ошақта іріктеліп жиналуының арқасында ағзада қоршаған тіндері сақталып, қатерлі ісік клеткалары бұзылады. Бұл процедураны пациенттер жақсы көтереді және госпитализациялау аз уақытты алады.

 

                                                                    ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы қыркүйектің 26-нан 28-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Қостанай қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинарын өткізді

Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Тазалық-2012» ЖШС; «Стройпромгрупп-2030» ЖШС; «Н Оперейтинг Компани» ЖШС;  «Қостанай» халықаралық әуежайы» АҚ; «Рудненский водоканал» ЖШС; «Варваринское» АҚ; «Комаровское тау-кен кәсіпорны» ЖШС; «Altyntau Kokshetau» АҚ; «Интергаз Орталық Азия» АО «Қостанай» Магистральды Газ Құбырлары Басқармасы» Филиалы.

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

  • Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік экологиялық бақылау және есеп беру талаптары;
  • Аналитикалық мемлекеттік экологиялық бақылау саласындағы заңнамалық талаптарды орындау бойынша тәжірибелік ұсыныстар;
  • Қоршаған ортаға әсерді бағалау ерекшеліктері. Өндірістегі экологиялық бақылау, қалдықтарды басқару бағдарламасы, жобалардағы экологиялық іс-шаралар жоспары. Стратегиялық экологиялық бағалау;
  • І, ІІ, ІІІ, ІV санаттардағы объектілер үшін кешенді ведомстводан тыс сараптама шеңберінде мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу ережелері мен тәртібі;
  • Кәсіпорындағы экологиялық менеджмент. Тренинг;
  • Қалдықтарды шығаратын кәсіпорындардың экологиялық реттеуі. Қалдықтарға рұқсат алу қажеттілігі;
  • Табиғат қорғауды жобалау және нормалау жұмыстарын жүргізуге лицензия алу тәртібі.

Дәріс оқығандар:

Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы.

Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.

2018 жылғы қыркүйектің 26-нан 28-не дейінгі мерзім аралығында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинар туралы хабарлама

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы    қыркүйектің 26-нан 28-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Қостанай қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану»   тақырыбына оқыту семинарын өткізді.

 Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Тазалық-2012» ЖШС; «Стройпромгрупп-2030» ЖШС; «Н Оперейтинг Компани» ЖШС;  «Қостанай» халықаралық әуежайы» АҚ; «Рудненский водоканал» ЖШС; «Варваринское» АҚ; «Комаровское тау-кен кәсіпорны» ЖШС; «Altyntau Kokshetau» АҚ; «Интергаз Орталық Азия» АО «Қостанай» Магистральды Газ Құбырлары Басқармасы» Филиалы.

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

  • Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік экологиялық бақылау және есеп беру талаптары;
  • Аналитикалық мемлекеттік экологиялық бақылау саласындағы заңнамалық талаптарды орындау бойынша тәжірибелік ұсыныстар;
  • Қоршаған ортаға әсерді бағалау ерекшеліктері. Өндірістегі экологиялық бақылау, қалдықтарды басқару бағдарламасы, жобалардағы экологиялық іс-шаралар жоспары. Стратегиялық экологиялық бағалау;
  • І, ІІ, ІІІ, ІV санаттардағы объектілер үшін кешенді ведомстводан тыс сараптама шеңберінде мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу ережелері мен тәртібі;
  • Кәсіпорындағы экологиялық менеджмент. Тренинг;
  • Қалдықтарды шығаратын кәсіпорындардың экологиялық реттеуі. Қалдықтарға рұқсат алу қажеттілігі;
  • Табиғат қорғауды жобалау және нормалау жұмыстарын жүргізуге лицензия алу тәртібі.

Дәріс оқығандар:

Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы.

Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.

Астанада Қазақстан-Румыния үкіметаралық комиссиясының 14-ші отырысы өтті

Дереккөз: www.energo.gov.kz

2018 жылғы 24 қыркүйекте Астанада сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Румыния үкіметаралық комиссиясының 14-ші отырысы өтіп, оған екі елдің мемлекеттік органдарының және компанияларының өкілдері қатысты.
Қазақстандық тарапты ҚР энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев басқарды.
Румыния жағын Румынияның іскерлік орта, сауда және кәсіпкерлік министрлігінің мемлекеттік хатшысы Габриела Михаэла Войциль бастады.
Кездесу барысында екі тарап сауда және экономика, энергетика, көлік, кеме жасау, ғылым, білім және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Отырыс қорытындысы бойынша Тараптар тиісті хаттамаға қол қойды.
2018 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан-Румыния бизнес-форумы өтті, онда екі елдің іскер топтары өкілдерінің серіктестігі үшін жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар айқындалды.
Форум соңында Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы мен Бухарест қаласының Сауда Өнеркәсіптік палатасы арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Румын делегациясының Астанаға сапары аясында Энергетика министрі Қ.Бозымбаевпен, Инвестициялар және даму министрі Ж.Қасымбекпен пен Ұлттық экономика вице-министрі Р.Дәленовпен екіжақты кездесулер өтті.
Бұдан басқа, 26 қыркүйекте румыниялық делегация Алматыға барып, «Мұнай және Газ – KIOGE-2018» Қазақстандық халықаралық көрмесі мен конференциясына қатысты, сондай-ақ Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.Мәдиевпен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының директоры Т.Бағдатпен, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Басқарма Төрағасының орынбасары Д.Әбілқайыровпен кездесті.
Румыния Қазақстан Республикасының Еуропалық Одақтағы басымдықты әріптестерінің бірі болып табылады.
Біздің елдеріміз арасындағы сауда айналымы 2017 жылы 992,3 млн. АҚШ долларын құрады. Оның негізгі бөлігі мұнай мен мұнай өнімдеріне тиесілі.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика