Дереккөз: www.24.kz
Шығыс Қазақстан облысының жер еміп отырған шаруалары жаңбырлатып суару әдісіне ден қоя бастады.
Мәселен, Көкпекті ауданында өткен жылы екі бірдей ірі шаруа қожалығы дәл осындай құрылғы сатып алып, биыл шалғынды алқаптарын сонымен суаруды бастап кетті. Өйткені диқандардың айтуынша, жердің ылғалдылығы төмен. Сол себепті қолдан ылғал беруге көшкен абзал дейді олар. Аудандағы «Теректі» шаруа қожалығы өз қарамағындағы канал суын үнемдеу мақсатында 130 гектар жоҢышқалы жерге жаңбырлап суару машинасын қолданады. Құрылғы бір айналғанда 15 гектардан астам аумақты қамтиды. Былтыр гектарына 20 центнер шөп жиналса, биылғы көрсеткіш бұдан екі есе артық. Болашақта 60 центнер алу мақсаты тұр. Қожалық мүшелері «25 миллион теңге тұратын қондырғы көп ұзамай, өз құнын ақтайды» деген сенімде.
Әділет Әлкенов, оператор:
– Бір апта бұрын жоңышқа жиналды енді мынау екінші суғарым кетіп жатыр бізде қазір, осы суғарымнан соң одан да жақсы алармыз деген үміт бар. Бәрі автоматты бір кнопканы басасыз, бәрі тоқпен өзі іске аса береді.
Дереккөз: www.24.kz
Дереккөз: www.24.kz
Алматыда Орталық Азия аймағындағы трансшекаралық өзен-көлдер жөніндегі көкейкесті мәселелер талқыланған жиын өтті.
Аймақтық кеңеске ТМД елдерімен қатар Ауғанстан, Моңғолия, Қытай мен Иран елдерінің экологтары мен сарапшылары қатысты. Олар су ресурстарын ысырап қылмай дұрыс пайдалану, суғармалы жерлердегі суару жүйесінің озық технологиялар тиімділігін арттыру жөнінде тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар ауылшаруашылығы мен өндіріс саласында суды игеруде экологиялық зардаптардың алдын алу мәселелерін көтерді. «Жалпы соңғы 30 жылда Орталық Азия аймағының барлық елдерінде тұшы судың жетіспеушілігі анық байқалады. Сондықтан ортақ мәселені кеңесіп, келісіп шешу үшін осындай халықаралық бас қосудың маңызы зор» дейді сарапшылар
Мұрат Бейсенов, ҚР Ауылшаруашылығы министрлгі Су pесурстары комитетінің басқарма басшысы:
– Су ресурстарын бөлу, пайдалану жөніндегі біздің арамыздағы қарым-қатынас жылдан жылға нағайып келе жатыр. Соның нәтижесі ретінде су мәселесіндегі өзекті проблемалар өзінің шешімдерін тауып келе жатыр.
Дереккөз: www.inform.kz
Елордада қатты тұрмыстық қалдықтарды екіге бөліп жинауды ұйымдастыру жобасы іске асырыла бастайды. Жобаны елорда әкімдігі мен «Оператор РОП» ЖШС бірлесіп әзірледі. Бірінші кезеңде әзірлеушілер тұрғындарға қоқысты бөліп жинаудың ережелері мен басымдықтарын түсіндіретін болады.
Ал шілдеде алаңдарда сары түсті 6276 контейнерді орнату жұмыстары басталмақ. Бұл контейнерлер металл, пластик, қағаз, шыны сияқты құрғақ қалдықтарға арналған.
Жасыл түсті мырышталған контейнерлерге азық-түлік қалдықтарын, өңделмейтін органикалық қоқысты тастау керек.
Қалдықтарды бөліп жинаудың қаншалықты пайдалы екендігін АҚШ-та, Түркияда, Қытайда, Швейцарияда, Испанияда, Бельгияда, басқа да елдерде тұратын отандастарымыз айтып отыр.
Дереккөз: www.24.kz
Семей қаласының Балалар биологиялық орталығы Қызыл кітапқа енген жануарлармен толықты.
Орталыққа Алматы зообағынан Ява макакасы мен екі үнді жайраны жеткізілген. Қазір жануарлар жаңа орынға бейімделіп жатыр. Женя есімді макакаға жаздық алаң берілді, ал жайрандар борсықтармен көршілес орналасты. Бүгінгі таңда биоорталықта 100-ден астам жануардың түрі бар, соның ішінде 14-і Қызыл кітапқа енген.
Ләззат Жүнісова, ұйымдастыру бөлімінің әдіскері:
– Бүгінгі таңда біздің жануарлар, яғни үнді жайраны мен Ява макалалары жақсы бейімделіп жатыр. Басында қорқыныш болғанымен, қазіргі кезде олар өздерін жақсы сезінеді. Оны біз оқушылармен, өзіміздің жас натуралистермен фенологиялық бақылау кезінде байқадық. Валергиялар еркін түрде шығады. Тамақтануы бойынша да олар еркін түрде тамақтана алады.
Дереккөз: www.energo.gov.kz
Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-де – Шымкент мұнай өңдеу зауытында жаңадан салынған RFCC каталитикалық крекинг қондырғысына шикізат қабылданды. Осы уақыттан бастап «Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және реконструкциялау» стратегиялық жобасы аясында іске қосу-реттеу жұмыстарын аяқтау кезеңі – технологиялық қондырғыларды кешенді сынау жұмыстары басталады.
Шикізатты қабылдауға дейін келесідей үлкен дайындық жұмыстары жүргізілді:
– су дайындау қондырғысы, БӨА сығылған ауа қондырғысы, азот өндіру, бу өндіру қондырғысы және т.с.с. жалпы зауыт шаруашылығы нысандарында іске қосу-реттеу жұмыстары аяқталды;
– технологиялық қондырғыларда жеке сынау жұмыстары, энергоресурстарды қабылдау, реакторлы-регенераторлы және реакторлы блоктарды құрғату жұмыстары аяқталды және барлық тораптарды, блоктарды және жалпы технологиялық жүйені мұқият тексеріп шыққаннан кейін негізгі RFCC каталитикалық крекинг қондырғысына шикізат қабылдау және Merox, Prime G+, Claus, PSA-2 қондырғыларын қосу туралы жалпы шешім қабылданды.
Қуаты жылына 2 млн. тонна шикізат өңдейтін RFCC каталитикалық крекинг қондырғысы UOP компаиясының (АҚШ) технологиясы бойынша жобаланып, салынды және ол осы кешеннің «жүрегі» болып табылады. Қондырғы ауыр мұнай қалдықтарын өңдеп, сұйытылған газ, бензин және жеңіл газойл сияқты жоғары сапалы бағалы өнімдерді алу үшін арналған.
Жалпы айтқанда, Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасының екінші кезеңі аясында:
– RFCC каталитикалық крекинг қондырғысы;
– Merox көмірсутекті газдарды тазалау қондырғысы;
– Prime G+ бензинді гидротазалау қондырғысы;
– Claus күкірт өндіру қондырғысы;
– PSA-2 сутекті тазалау қондырғысы сияқты технологиялық қондырғылар салынды.
Аталған қондырғыларды іске қосу зауытта шикізат өңдеу тереңдігін жоғарылатуға және сапасы жағынан К4 және К5 экологиялық класына сәйкес келетін автомобиль отындарын – бензин мен дизельді өндіру көлемін айтарлықтай көбейтуге мүмкіндік береді.
Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасын аяқтау 2018 жылдың қыркүйек айына жоспарлануда.
«ПҚОП» ЖШС Баспасөз қызметі
Дереккөз: www.24.kz
Дереккөз: www.energo.gov.kz
2018 жылғы 26-29 маусым аралығындағы мерзімде Ақмола облысының Бурабай кентінде Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі (АЭХА) сарапшыларымен және мүдделі ұйымдардың өкілдерімен ынтымақтаса отырып, «Қаржылық тәуекелдерді үлестіру және ядролық-энергетикалық бағдарламалардағы экономикалық мәселелер» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар жұмысына ҚР Энергетика министрлігінің, ҚР Қаржы және Ұлттық экономика министрліктерінің, «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК-ның, «Ядролық физика институты» РМК-ның, «Геофизикалық зерттеулер институты» РМК-ның, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның және «Қазақстан атом электр станциялары» АҚ-ның өкілдері қатысты.
Сарапшылар жаңа атом электр станцияларының жобаларын қаржыландырумен байланысты тәуекелдерді басқару жөнінде, АЭС құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесінің рөлі мен сипаттамасы туралы өзекті ақпаратты ұсынды. АЭХА сарапшылары қатысушыларды ядролық бағдарламаны қолдау мен ядролық-отын циклінің соңғы кезеңіндегі міндеттемелерді қаржыландыру бойынша Ұлыбритания мысалында халықаралық тәжірибемен таныстырды.
Топтық тәжірибелік сабақтар кезінде қатысушылар АЭС салу жобасы бойынша қаржылық модельдердің түрлерін өз беттерінше қалыптастырды, негізгі жобалық тәуекелдерді анықтады, сондай-ақ АЭС жобасын іске асыруды бастаумен байланысты олқылықтарды және оларды шешу жолдарын анықтады.
Топтық оқулар нәтижесі бойынша халықаралық сарапшылар оң бағасын беріп, орындалған жобаларға ұсынымдар, кеңестер мен ескертулерін ұсынды.
Семинар шеңберінде қатысушылар алған білімдер мен дағдыларын атом саласын дамытудың қазақстандық бағдарламасын іске асыру кезінде пайдаланатын болады.
ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы маусымның 27-нен 29-на дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Ақтөбе қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Батыс су арнасы» ЖШС; «Актюбинская Региональная Экспертиза» ЖШС; «Бетон-Пресс» ЖШС; «Тау-Кен» ЖШС; «Лигабуе Орта Азия» ЖШС; «Вест Моторс Сервис» ЖШС; «Central Asian School Of Petroleum Engineering» (CASPE)» ЖШС; «Конденсат» АҚ; «Байтау Партнерс» ЖШС; «Арал Петролеум Кэпитал» ЖШС Ақтөбе филиалы.
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
Дәріс оқығандар:
Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы.
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Батыс су арнасы» ЖШС; «Актюбинская Региональная Экспертиза» ЖШС; «Бетон-Пресс» ЖШС; «Тау-Кен» ЖШС; «Лигабуе Орта Азия» ЖШС; «Вест Моторс Сервис» ЖШС; «Central Asian School Of Petroleum Engineering» (CASPE)» ЖШС; «Конденсат» АҚ; «Байтау Партнерс» ЖШС; «Арал Петролеум Кэпитал» ЖШС Ақтөбе филиалы.
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
Дәріс оқығандар:
Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы.
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.