Фариза Налекова | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Павлодарлық диқандар мол өнім алудың сырымен бөлісті

Дереккөз: www.24.kz

a0877326beb8a29bf923e31e2ef1021c_l

Өсімдік шаруашылығына қолданылатын озық технологиялар мол өнім алуға кепілдік береді.

Мәселен, Павлодар облысының Ақсу ауылдық аймағы үшін биылғы жыл жайсыз болды. Күннің салқындығы тұқым себу жұмыстарын кешеуілдетті. Алайда бұл көкөніс түсіміне айтарлықтай әсер етпеген. Шаруалар картоптан мол өнім аламыз деп отыр. Өйткені химияландыру, тұқымды жаңарту және суарудың жаңаша әдіс-тәсілдері қолданылған.

Баптай білсең – жер жомарт. Диқан қауымы мұны ешқашан естен шығарған емес. Бүгінде жер өңдеудің түрлі технологиялары бар. Ең маңыздысы – топырақ құнарлылығын арттыру. Мал азығы дақылдарын картоп салатын алқаптарда өсіре отырып, топырақты қалпына келтіруге болады екен. Әсіресе жоңышқа жердің құнарын жақсартып, пайдалы микроағзалармен және азотпен байытады. Бұл саланың басты жетістігі озық агротехнологияларда жатыр.

Ирина Аникина, университет профессоры:

– Озық агротехнологиялар, өнімділігі жоғары әрі сапалы сұрыптар. Химиялық заттарды тиімді пайдалану. Осының бәрі өсімдік шаруашылығын жоғары өнімділікке жеткізеді.

Биылғыдай қолайсыз ауа райының өзінде бұл шаруашылықтағы картоп пен сәбіздің түсімі жаман емес. Гектарына 350 центнер өнім алу межесі тұр. Қазір өсімдіктердің жайқалып өскен кезі. Егіс алқаптарында жаңбырлатып суару технологиясы қолданылады. Тыңайтқыштар сумен бірге себіледі. Биыл «Бергит» деп аталатын картоптың жаңа элиталық сұрпы егілген.

Ирина Аникина, университет профессоры:

– Жаңа сұрыптың өнімділігі жоғары. Ұзақ сақталады, сары түсті және дәмі ерекше. Басқа картоп түрлерімен салыстырғанда түсімі де жоғары. Мемлекеттік сұрып сынағынан сәтті өтті.

Бүгінде жаңбырлатып суару технологиясын тамшылатып суару әдісі алмастырды. Дегенмен де жаңа жүйе көлемі шағын алқаптарда қолданылады. Осы технологияны қолданған көрші шаруашылық 22 гектар жерге сәбіз егіпті. Өнім жинайтын күн де алыс емес.

Юрий Панихин, Евгеньевка ауылдық округінің әкімі:

– Біз Павлодар облысында аз шығынмен көп өнім алуға болатынына көз жеткіздік. Бұл ретте тамшылатып суару технологиясының маңызы жоғары.

Ақсу бағбандары суармалы егіс алқаптарын қалпына келтіру жұмыстарымен белсенді түрде айналысып жатыр. Жылдың соңына дейін қосымша мың гектар жерді қолданысқа енгізбек. Соңғы екі жылда олардың саны 12 мың гектарға жеткен.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Самат Оспанов, Алексей Омельницкий

Қызылорда облысында озық технология сор басқан жерді жасыл желекке бөледі

Дереккөз: www.24.kz

9a8a6151d68c149186e15edbaa4db9ac_l

Құм ортасындағы алма бағы. Жалағаш ауданындағы шаруашылықтың бірі қолданған «жасыл» технология сортаңданған жерді де жайқалған жасыл желекке айналдыруға болатынын дәлелдеді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен жүзеге асқан жобаның ерекшелігі мен нәтижесі.

Күн сәулесі және жел массаларын электр энергиясына айналдыратын қос құрылғы айтулы жобаның негізгі бөлігі. Шаруашылықта барлығы 9 «жасыл» технология топтастырылған. Негізгі мақсат – сортаңданған жерді ауыл шаруашылығына тиімді пайдалану.

Жобаның нәтижесінде шамамен 8 гектар жер қалпына келтірілді. Оның 3 гектарына алма бағы, ал қалған бөлігіне көкөніс дақылдары егілді.

Нұрлан Жақыпбеков, тілші:

– Баламалы энергияны тереңдігі 330 метрлік ұңғымадан су шығару үшін де пайдаланады. Тіршілік нәрі мына 90 текше метрлік бассейінге жиналады. Оны арнайы құрылғымен тазартқаннан кейін шаруашылықтың игілігіне жаратады. Яғни егін суарып, малға су беріп қана қоймай, ауыз су қажеттілігін де өтеп отыр.

Егін алқаптары түгелдей тамшылатып суарылады. Ең бастысы көкөністің шығымы жақсы. Ал алманың «жартылай ергежейлі» тұқымы келесі жылдан бастап жемісін береді.

Сәкен Шағыртаев. шаруа қожалықтың төрағасы:

– Польша елінен әкелінген алма талы. Негізі шығымдылығы гектарына 3 тонна. Күн және жел энергиясынан бұл жерге алынатын 40 КВт энергия алынады. Күн аз түскен жағдайда дизельді генератор бар қосымша, сол арқылы тоқ беріп тұрады.

Мамандар ауылшаруашылығы бизнесін осындай оазистік суару сынды жаңа технологиялар негізінде дамыту арқылы су және энергияға жұмсалатын шығындарды 29 миллион теңгеге дейін үнемдеуге болатынын айтады. Одан бөлек ауаға бөлінетін зиянды заттардың көлемін жылына 300 тоннаға дейін азайтып отыр.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Әлхайдар Тұрлыханов

ЖЭК аукциондық сауда механизмін енгізу жөніндегі семинарға шақыру

Дереккөз: www.energo.gov.kz

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасымен (БҰҰДБ)  бірлесіп жаңартылатын энергия көздері (бұдан әрі – ЖЭК) жобаларын іріктеу бойынша күзгі аукциондық сауда өткізуге дайындық мақсатында жергілікті атқарушы орган, өңірлік электр желілік компаниялар, «KEGOC» АҚ (жүйелік оператор), «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АҚ (аукциондық сауда ұйымдастырушы), ҚЕАО «ЖЭК электр энергиясын біріңғай сатып алушы» және басқада мүдделі ұйымдар өкілдерінің қатысуымен әлеуетті инвесторлар үшін ЖЭК аукциондық сауда өткізу ережесі мен тәртібін түсіндіру үшін бірқатар семинарлар өткізеді.

Семинарлар кестесі: осы жылдың 1 тамызында – Астана қ., 8 тамызында – Көкшетау қ., 14 тамызында – Шымкент қ., 15 тамызында – Алматы қ., 16 тамызында – Талдықорған қ.,  22 тамызында – Ақтау қ..

Семинардың тақырыбы: ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда механизмін енгізу.

Қызығушылық танытқан жағдайда, өткізілетін семинарға дейін 2 күн бұрын өз кандидатураларыңызды (екі адамнан артық емес) l.omarkhanova@energo.gov.kz және r.bulekbayeva@energo.gov.kz электронды мекенжайларына жолдау арқылы мақұлдауларыңызды сұраймыз.

Барлық туындаған мәселелеріңіз бойынша келесі телефон нөмірлеріне жүгінулеріңізді сұраймыз: 8 (7172) 74 14 74 және 74 08 38, 74 08 98.

Өңірлік семинарлар бағдарламасының жобасы

Өткізу күні: а.ж. 1, 8, 14-16, және 22 тамызы

Өткізу орны: 1 тамыз – Астана  (Достык 2  көшесі Astana Marriott Hotel) қ., 8 тамыз – Көкшетау к.  Ауельбекова, 117 ( «Нұр Отан»), 14 тамыз – Шымкент қ.,15 тамызда – Алматы (к. Тимирязева 2 Holiday Inn Almaty)., 16 тамыз – Талдықорған қ., 22 тамыз – Ақтау қ.

Қатысушыларды тіркеу 9.30 – 10.00

10.00 – 10.10 ҚР Энергетика министрлігі атынан алғашқы сөз
10.10 – 10.30 ҚР-да ЖЭК жобаларын іріктеуге бағытталған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізудің заңнамалық негізі (ҚР ЭМ, акимат, РЭК и АО «KEGOC»)

– энергия жүйесінің жалпы сипаттамасы

– ЖЭК-ң ресурстық әлеуеті

– ЖЭК секторы дамуының стратегиялық мақсаттары

– аукциондық сауда-саттықты еңгізудегі заңнамалық бастамалар

– аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесі

10.30 – 10.50 ЖЭК жобаларын іріктеуге бағытталған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру («ЭЭмҚРҚО» АҚ)

– өтініш берушілерді біліктілік іріктеу

– тіркеу және аукциондық сауда-саттықтың қатысушысы мәртебесін алу

– қатысуға қаржылық қамтамасыз ету

10.50 – 11.10 Аукциондық сауда-саттықты өткізу (ТОО «ЖЭК бойыншы ҚЕАО»)

– сауда-саттық күнінің схемасы

– өтінім берудің ерекшеліктері

– баға белгілеу ерекшеліктері

– аукциондық сауда-саттық нәтижелерін жариялау

11.10 – 11.25 Қазақстандағы ЖЭК жобаларын іске асыру бойынша инвесторларға арналған нұсқаулық (USAID «Болашақ энергиясы»)
11.25 – 12.20 Сұрақ-жауаптар сессиясы
12.20 – 13.00 Мүмкін инвесторлармен екіжақты кездесулер

Маңғыстауда 16 мыңнан астам ірі қараға чип салынған

Дереккөз: www.24.kz

c58a4c48b249c787067c49117082d962_l

Маңғыстаулық шаруа қожалығы жетекшілері 16 мыңнан астам ірі қараға электрондық чип салды.

Төрт түлік иелерінің инновациялық әдіске жаппай көшуіне мал ұрлығының тыйылмауы түрткі болған. Мәселен, өткен 6 айда 30 қылмыстық дерек тіркелді. Тері астына енгізілетін цифрлық құрылғы мұндай заңбұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ мал иесін тез табуға да септігін тигізеді. Өңірде соңғы 3 жылда қараусыз жүрген түліктің кесірінен 14 жол апаты болған.  Соның салдарынан 12 адам қаза тауып, 42 жолаушы түрлі дене жарақатын алған.

Әйгерім Ибатуллаева, облыстық ІІД баспасөз қызметі жетекшісінің міндетін атқарушы:

– Полицейлер қараусыз жүрген түлік иесін іздеуге көп уақыт жұмсайды. Электрондық чип түлік иесін тез анықтап, жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді. Тағы бір артықшылығы, мал ұрлығымен тиімді күресуге жол ашады. Өңірде, әсіресе, жылқы ұрлығы азаймай отыр. Бүгінде облыс бойынша 75 мыңға жуық жылқы бар. Олардың 15 мыңнан астамына электронды чип салынған.

ШҚО-дағы туризмді дамытудың жаңа жоспары құрылды

Дереккөз: www.24.kz

31893a2c6b937d50432697406e360a32_l

Қойнауы құт, табиғаты көркем Шығыс Қазақстан облысының туризм саласын дамыту қажет. Онда арнайы сапармен барған кәсіпкерлер осылай деп отыр.

Олар тек аймақты аралап қана қоймай, туризмді жетілдірудің жаңа жоспарын құрып келген көрінеді. Еліміздің шығысын туристік тұрғыда қалай тартымды етуге болады?

Андрей Щетинин – автотурист. Ол еліміздің тұмса табиғатын тамашалау үшін бүкіл Шығыс-Қазақстан облысын аралап шыққан. Аймақтың туристтік қабілеті тек қазақстандықтар үшін емес, шетелдіктерді таңдай қақтырарлық екені құпия емес. Тек өңірде сырттан қонақ қабылдауға барлық жағдай жасалмаса керекті.

Андрей Щетинин, автотурист:

– Шығыс Қазақстан – бұл еліміздің ең бірегей мекені. Бізде аспанмен таласқан биік таулар, қарлы шыңдар, үлкен өзен-көлдер, су қоймалары, жағажайлар бар. Тіпті таңертең су қоймасының етегіндегі құмды жағада суға шомылып, түстен кейін қарлы шыңмен жүріп өтуге болады. Бірақ малдымен инфрақұрылымды дамыту қажет. Мысалға Ресейдің Алтайымен салыстырыңызшы. Онда 100 метр сайын түрлі дәмханалар, жанармай бекетін кездестіріуге болады. Қонақүйлер де толып тұр.

Инфрақұрылымның көңілден шықпайтынын өзге де қазақстандықтар жарыса жазып жатқаны белгілі. «Демалушыларға қажетті талаптардың барлығы ескерілсе, біз шетел аспай ішкі туризмді дамытар едік», – дейді олар.

Руслан Погорелов:

– Шығыс Қазақстан облысында болған достарымнан табиғаттың тамаша екенін естідім. Тек инфрақұрылымның тұралап қалғаны қынжылтады. Ішкі туризмді дамыту жайлы бұрыннан айтылып келеді. Ең болмаса неге жолдарды жөндемеске?

Тамыз айында мен Шығыс Қазақстанға баруды жоспарлап отырмын. Тек қызмет көрсету сапасына сеніңкіремей тұрғаным. Ринат Дүйсембаев – Шығыс Қазақстан облысы елдің ішкі және халықаралық туризмі үшін маңызды аймақ. Онда ең алдымен әуежай және жоғары деңгейлі инфрақұрылым қажет.

Өткен жылы үкімет елдің туристік әлеуетін дамытуға бағытталған концепцияны бекіткен еді. Арнайы жоба құрылып, мемлекеттік бағдарлама да әзірленіп жатыр. Десе де, елдің сұлу табиғатын әлемге паш ету жолында әлі нақты қадамдар жасалмады.

Рахым Ошақбаев, экономист, қолданбалы зерттеулер орталығының директоры:

– Қазақстанның тұмса табиғаты өз отандастарымыз үшін де, шетелдіктер үшін де қолжетімсіз. Себебі инфрақұрылым жоқ. Алдымен кәдімгі қатынайтын жолдың күйі анау. Қауіпсіз деп айтуға ауыз бармайды. Ешқандай қауіпсіздік нормасына сай келмейтін көлікке арналған көпірлерден өттік. Тас құлап кетуі мүмкін. Бірде-бір қоршау қойылмаған. Бір сөзбен айтқанда, жағдай күрделі.

Шығыс Қазақстан облысына жасаған сапарынан кейін Рахым Ошақбаев және оның әріптестері туризмді дамытудың жаңа жоспарын құрған. «Бастысы – инфрақұрылымды жаңартып, білікті әрі білімді мамандарды даярлау»,-  дейді олар. Одан соң шипажай демалысын қолға алып, әуебилеттер құнын қолжетімді ету қажет.

Рахым Ошақбаев, экономист, қолданбалы зерттеулер орталығының директоры:

– Бізге инфрақұрылым мен туризмнің қауіпсіз болуы үшін көптеп инвестиция салу керек. Бұл ретте жеке инвестицияларды тарту маңызды. Бұл қолжетімді, бәсекеге қабілетті, сапалы қызмет көрсету үшін таптырмас дүние. Баға түсіп, сапа көтерілуі үшін қонақүйлер мен турфирмалар өзара бәсекелесуге мүмкіндік алуы тиіс.

Бұл мәселені шешу жолымен айналысып жатқан Мәдениет және спорт министрлгі әрбір қазақстандықты осы түйіткілдің түйінін бірге тарқатуға  шақырып отыр. Мекеме кез келген тұрғынның арнайы ұсынысын тыңдап, тіпті жұмыс топтарына қабылдауға дайын. Енді жылдың соңына дейін егжей-тегжейлі ойластырылған бағдарлама әзірленуі тиіс.

Авторлары: Жансұлу Дүйсенәлі, Анжела Гарипова, Руслан Шакабаев

Реттеушілік әсерді талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылау

Дереккөз: www.energo.gov.kz

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 19-бабы 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 20 мамырдағы № 214 бұйрығымен бекітілген «Электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін, сондай-ақ оларды айқындау қағидаларын бекіту туралы» өзгерістер енгізу жобасы шеңберінде электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндерінің азайтуына байланысты реттеушілік әсеріне талдау жүргізді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығымен бекітілген «Реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларының» 7-тармағы 2-тармақшасына сәйкес реттеушілік әсерді талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылау жүргізу туралы 2018 жылы 23 тамызда Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 10, 703 кабинет мекен-жайы бойынша дөңгелек үстел өткізіледі.

Аталған дөңгелек үстелге қатысу үшін a.kairgalieva@energo.gov.kz электронды мекен-жайына Т.А.Ж. жолдау қажет.

Қарағанды облысының шаруалары астық сапасын арттырудың жолын тапты

Дереккөз: www.24.kz

fa80916fd308d2c5a1ae80156af8cd7d_l

Отандық фермерлер өнім мен астық сапасын арттыру үшін австриялық бактерияларды қолдануда.

Осы орайда  Қазақстанда пайдалы микроағзаларды өсіретін 2 шағын зауыт ашылды. Бұл микроағзалар егін шаруашылығын тиімді дамытуға септігін тигізеді. Алғашқы кәсіпорын Қарағанды облысында орын тепті. Қазір жаңа мекеме халықаралық сертификациялаудан өтіп жатыр.

Орталық Қазақстандағы ірі егін шаруашылығымен айналысатын қожалықтардың бірі  экологиялық таза өнім өндіруге бет бұрды. Олар енді егіннің органикалық түрін отырғызумен айналысады. Экоөнімді өндіру үшін шаруашылық  3 гектер жер бөліп, қазір жаңа технологияның әдіс тәсілдерін баптап жатыр. Халықаралық деңгейдегі технологияның арқасында қатты бидай сұрыбын өндірмек.

Павел Лущак, шаруа қожалығының басшысы:

– Биоөнімнің дәмі де ерекше болады. Үйде баптап өсірілген егін сынды. Ол үшін технологияны жіті ұстану керек. Ата-бабамыздан қалған егін дәстүріне көшуіміз керек. Жерді жиірек өңдеп, ешқандай тыңайтқыш қосылмағаны абзал. Тек сонда ғана біз экологиялық таза өнім ала аламыз.

Қазір шаруа қожалығы австриялық технологияны пайдаланып, қажетті бактерияларды көбейтетін шағын зауыт салды. Онда микроағзалар өсірілмек. Осының арқасында  топырақты химиялық препараттармен уландыру тыйылад. Нәтижесінде табиғи таза өнім аламыз дейді мамандар.

Йозф Штайнер, препаратты әзірлеуші:

– Былтыр Қарағанды мен Солтүстік Қазақстанда біз биопрепараттарды сынап көрдік, нәтижесі керемет. Астық пен оның сапасы 15-20 пайызға артты. Біз қолданатын барлық заттар табиғаттан алынған экологиялық таза.

Фермерлер үшін органикалық егін шаруашылығының артықтышылығы мол. Олар өз өнімдерін жоғары бағаға сата алады. Қазір елімізде өндірілетін биотүсім сұранысқа ие болып, экспортқа шығарылып отыр.

Авторлары: Айнұр Абдиева, Сайлау Игликов, Аслан Демесбаев

ҚР СІМ мен KAZENERGY қауымдастығы Қазақстан Республикасындағы шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге арналған «Инвестициялық мүмкіндіктер: тұрақты дамуға арналған жаңа шешімдер» атты брифинг өткізді

Дереккөз: www.energo.gov.kz

Ағымдағы жылғы 26 шілде күні Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен KAZENERGY қауымдастығы «Инвестициялық мүмкіндіктер: тұрақты дамуға арналған жаңа шешімдер» атты бірлескен брифинг өткізді.

Іс-шараға ҚР Сыртқы істер министрлігі Сыртқы экономикалық саясат департаментінің директоры Олжас Исабеков, KAZENERGY қауымдастығының бас директоры Әсет Мағауов, KAZENERGY төрағасының кеңесшісі Арман Сәтімов және KAZENERGY қауымдастығының Халықаралық ынтымақтастығы бойынша ақтарушы директоры Талғат Қарашев, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы 60-тан астам шетелдік  өкілдіктерден өкілдер қатысты.

Кездесуде Қазақстан Республикасындағы мұнай-газ бен энергетика саласындағы ағымдағы ахуалы, KAZENERGY қауымдастығының қызметі, халықаралық ұйымдар қызметіне қатысу, сонымен қатар халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру, оның ішінде: KAZENERGY Еуразиялық XII форумы және Дүниежүзілік Мұнай кеңесі отырысы (1-3 қазан, 2018 ж.) талқыланды. Өз сөзінде Әсет Мағауов жаңа инвестициялар тартуда икемді әрі ең бастысы тартымды жағдай құрудың маңыздылығын атап өтті. Ол жер қойнауын пайдаланушыларына заңнамалық базаны оңтайландыру бойынша жүргізілген жұмыс жайында және соның нәтижесінде Жер қойнауын пайдалану туралы жаңа кодекс пен жаңа Салық кодексі құрылғанын айтты.

Сонымен қатар ары қарайғы талқылауда Әсет Мағауов алдағы уақытта жаңа Экологиялық кодексті әзірлеуді қамтитын маңызды бастамалар және мұнай өнімдері нарығын ынталандыру бойыша шаралар туралы сөз қозғады.

KAZENERGY қауымдастығының халықаралық ұйымдар жұмысына қатысуы және халықаралық іс-шараларды өткізу туралы баяндаманы Қауымдастықтың атқарушы директоры Талғат Қарашев жасады. Ол 1-3 ҚАЗАН АРАЛЫҒЫНДА АСТАНА ҚАЛАСЫНДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰНАЙ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТЕТІНІН, оған Дүниежүзілік мұнай кеңесіне мүше мемлекеттердің ұлттық комитеттері делегацияларының басшылары қатысатынын хабарлады. Оған қоса барлық қатысушылар «Инвестициялық мүмкіндіктер: Тұрақты дамуға арналған жаңа сын-тегеуріндер» тақырыбында өтетін конференция жұмысына шақырылды. Аталмыш шара Дүниежүзілік мұнай кеңесі аясында 2 қазан күні өтеді. Бұл конференция ҚР Энергетика министрлігі мен KAZENERGY қауымдастығымен ұйымдастырылады. Қарашевтың айтуынша, халықаралық конференция халықаралық қоғамдастықтың назарын аударуға және Қазақстанның мұнай-газ және энергетикалық салаларының инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған.

KAZENERGY төрағасының кеңесшісі Арман Сәтімов өз кезегінде Қауымдастық мүшелері мен елшіліктердің сауда, коммерциялық департаменттері және халықаралық ұйымдар корпустарымен ынтымақтастықты KAZENERGY Ғылыми-техникалық Кеңесі базасында дамытуды ұсынды. Ол бұл жұмыстың мемлекеттер арасындағы тауар айналымды арттырғанын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар сұрақтар қойды, мемлекеттер арасында өзара тиімді әріптестікті дамыту жайы талқыланды.

 

KAZENERGY баспасөз қызметі

(7172) 790181; 790173

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика