Дереккөз: www.energo.gov.kz
2018 жылдың 20 тамызында «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының» мәселелерін талқылау бойынша отырыс өткізілді.
Аталған отырыста келесі сұрақтар талқыланды:
1. «Үздік тәжірибелер аймағы» павильонында «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығын» орналастыру;
2. Халықаралық «жасыл» технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының жұмыс істеуі үшін 2018 жылға және 2019-2021 жылдарға қаржыландыру;
3. Орталықтың жұмыс істеуі бойынша қолданыстағы заңнамаға толықтырулар мен өзгертулер енгізу.
Осы отырысқа Ұлттық экономика және қаржы министрліктерінің, «ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ және Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының және ҚР Энергетика министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.
Дереккөз: www.24.kz
тандық ғалымдар Солтүстік Қазақстан облысында жаздық бидайдың тағы бір түрін егіп, мол өнімге қол жеткізді.
Биыл Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының қызметкерлері мен жергілікті диқандар бірінші рет 500 гектар жерге дәнді-дақыл тұқымын сеуіп, өндірістік тәжірибесін жүргізді. Нәтижесінде гектарынан 40 центнер астық шықты. Бұл – жоғары көрсеткіш. Сонымен қатар шаруалар егістік алқабына азотты тыңайтқыштар сеуіп, бидайдың өнімділігін арттырудың тиімді тәсілін тапты. Басты мақсат өсімдік шаруашылығын әртараптандырып, сапалы тұқым шығару болып табылады. Бұл өз кезегінде Елбасы жолдауында айтылған: «агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін кем дегенде 2 жарым есеге арттыруға мүмкіндік береді», –дейді ғалымдар.
Кенже Абдуллаев, А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының директоры:
– Бұрындары біз кішкентай ғана жерлерде тәжірибе жүргізсек, бүгінде өндірістік тәжірибеге көшіп отырмыз. Ең жақсы көрсеткіштерді 20-30 мамыр аралығында егілген орташа тұқымдар көрсетіп отыр. Диқандардың алға қойған мақсаты мен міндеттері ауқымды. Бүгінгі күнге дейін олар гектарына 25 центнерден өнім алып отырса, біздің орталықтың берген ұсыныстарын орындай келе гектарынан 40 центнер өнім жинайды.
Дереккөз: www.24.kz
Ордабасыдағы тауарлы сүт фермасы роботтық технологияны өндіріске енгізді.
Бастапқыда сауыншыны құлтемір алмастырған, енді сиырлардың жем-шөбін де робот реттейді. Ферма алғашында швециялық құрылғымен сүт өндіріп келсе, бүгінде Нидерланд елінен әкелінген робот-сауыншылармен жабдықталып жатыр. Өз өнімдерін өңдеуге көшкен өндірістің сүт зауыты тағы бар.
Фермадағы Мажарстаннан әкелінген Голштин тұқымды сүтті сиырлар тәулігіне 10 мың тонна сүт береді. Қазір қорадағы мал басы өскен. 900-ден астам ірі қараның 400 басы сауылады. Бір құлтемір-сауыншы тәулігіне 60 сиырды үш реттен сауады. Зеңгі баба тұқымы көбейгеннен соң, фермада сиыр тұратын кешеннің де саны артқан. Жаңа қораларға Голландиядан әкелінген роботтар қойылыпты. Мұнда барлығы автоматтандырылған. Бұл, бір жағынан, сиырлардан сүтті көбірек алуға жағдай жасайды.
Абылай Әбішев, серіктестік директорының орынбасары:
– Бұл роботтардың айырмашылығы, қазіргімен салыстырғанда біршама арзан. Алдыңғы роботтар бір сиырды 7-8 минут сауса, бұл 5 минутта сауады. Бір роботқа 60 емес, 70 сиырдан келіп отыр. Енді 4-қораға осы екі роботты қойдық. Қазір іске қосып жатырмыз. Алдағы уақытта көңілден шықса, жылдан-жылға сиыр басы көбейгендіктен 5-6-қора саламыз деп жоспарлап отырмыз.
Бұрындары қорада бұл жұмысты әр сағат сайын бір маман атқаратын. Ал қазір жұмысшының еңбегін робот алмастырған. «Малшы» деп аталатын бұл құрылғы, яғни сиырдың жем-шөбін жинайды, тазалайды. Сондай-ақ дұрыс тамақтануын қадағалайды.
«Малшы» аталып кеткен бұл робот 20 минут жұмыс жасап, 40 минут қуат көзінен нәр алады. Салмағы 600 келіге жететін құрылғы әзір елімізде осы фермада ғана бар. Кәсіпорын қазір өз өнімдерін өздері өңдеуге көшкен. Мұнда айран, қаймақ, құрт, тіпті ірімшікке дейін дайындалады. Зауыт тәулігіне 50 тонна сүт өндіруге қауқарлы. Ең бастысы, дайын өнімдер таза әрі ешбір қоспасыз. Бұларды 7-15 күн аралығында салқын жерде сақталады. Сүт зауытқа жеткізілгеннен бастап зертхана бақылауында болады.
Нұрсұлтан Жолжанов, сүт зауытының сапаны қадағалау бөлімінің басшысы:
– Жоспарымыз – зауыт көлемін ұлғайту. Біздің бөлімнен микробиологиялық бөлім ашу. Ол біздің жұмысымызды жеңілдете түседі және өзіміздің ұйытқыларды өндірсек деп жатырмыз. Ол тауарымыздың сапасын ұлғайтып, өзіндік бағасын біршама түсірер еді.
Серіктестік алдағы уақытта бұқтырылған сиыр етін дайындайтын зауыт салуды жоспарлап отыр. «Ал түпкі мақсат – сан емес, сапаға мән беру», – дейді кәсіпорын жетекшілері.
Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Мұсатов, Нұрмахан Бекмұратов
Дереккөз: www.24.kz
Дереккөз: www.24.kz
Құмарық ауылында зейнет жасына жетсе де, қарап отырмай кәсіп ашқан Шәкен Жапаралиев есімді қария тұрады.
Ақсақал қазаққа таңсық кәсіп, қоян өсіруді қолға алған. Қазір қорасында 200-ге жуық ұзынқұлақ бар. Олардың санын қысқа дейін мыңға жеткізбек. Көктем шыға қоянның «фландр», «великан» тұқымдарын сатып алған қарт кәсіпкердің айтуынша, қоян етіне қазірдің өзінде сұраныс жоғары. Алматы, Астана қалаларындағы бірнеше мейрамхана иелерімен келісімге де келіпті. Ал келешекте ұзынқұлақтың санын 5 мыңға жеткізіп, етін сатып, терісін кәдеге жаратуды көздеп отыр. Ол үшін күзде Қытайға барып, тері өңдеу технологиясымен танысып, керекті заттарды алып қайтпақ.
Шәкен Жапаралиев, зейнеткер:
– Қазан, қараша айларында Қытай жаққа барып, загранпаспорт алып қойдым, сол жаққа барып, жаңағы мына қоянның терісін өңдейтін бояуларын, дәрі-дәрмектерін алып келіп, сол жерден білетіндерден технологиясын үйреніп келейін деп отырмын.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Алматы электр станциялары» АҚ; «OPTIMUM» жобалау институты» ЖШС; «Асфальтобетон 1» ЖШС; «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС; ҚР БҒМ Ғылым комитетінің жобаларды басқару тобы; «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ; «Чабан В.В.» ЖК ; «Экосфера» ҮЕҰ мекемесі.
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
Дәріс оқығандар:
Каратаева Динара Ахметовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті директорының м.а;
Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;
Балабаева Алтын Ибрагимовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚ департаменті директоры;
Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Абдрахманова Жанара Беркутовна – ҚР ЭМ бас сарапшысы;
Букенова Саида Бекбулатовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің Қалдықтар кадастры басқармасының басшысы.
Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті директоры.
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.
ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы тамыздың 15-нен 17-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы экологиялық нормалау және жобалау» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Алматы электр станциялары» АҚ; ТОО «OPTIMUM» жобалау институты» ЖШС; «Асфальтобетон 1» ЖШС; «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС; ҚР БҒМ Ғылым комитетінің жобаларды басқару тобы; «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ; «Чабан В.В.» ЖК ;
«Экосфера» ҮЕҰ мекемесі.
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
Дәріс оқығандар:
Каратаева Динара Ахметовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті директорының м.а;
Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;
Балабаева Алтын Ибрагимовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚ департаменті директоры;
Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Абдрахманова Жанара Беркутовна – ҚР ЭМ бас сарапшысы;
Букенова Саида Бекбулатовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің Қалдықтар кадастры басқармасының басшысы.
Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті директоры.
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.
Дереккөз: www.energo.gov.kz
2018 жылғы 15 тамыз
«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС
2018 жылғы 2 тамызда сағат 23.58-де «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-де негізгі технологиялық операция орындалды, яғни «Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және реконструкциялау» жобасы бойынша RFCC каталитикалық крекинг реакторына шикізат қабылданды.
R-1001 реакторында тікелей айдалған мазутты сұйытылған газ, автомобиль бензині компоненттеріне бөлу үшін катализатордың жалған сұйытылған қабатында термокаталитикалық конверсия реакциялары басталды.
– сұйтылған газ Merox қондырғысына тазалау үшін жіберіледі;
– автомобиль бензині Prime G+ қондырғысына гидротазалау үшін жіберіледі;
осыдан кейін күкірт өндіретін Claus қондырғысы, сутекті тазалайтын PSA-2 қондырғысы рет-ретімен қосылатын болады.
Бүгін 15 тамызда белгіленген сападағы жоғары сапалы өнім шығару басталды.
Қуаты жылына 2 млн. тонна шикізат өңдейтін RFCC каталитикалық крекинг қондырғысы UOP компаниясының (АҚШ) технологиясы бойынша жобаланып, құрастырылды. Тікелей айдалған мазутты қабылдағанға дейін отындық газ, электр энергиясы, салқындататын су, БӨА ауасы, азот және су буы сияқты энергоресурстарды тұрақты қабылдау қамтамасыз етілді, энергетика жабдықтары, БӨА дала аспаптары іске қосылды, технологиялық процесті және апатқа қарсы қорғанысты, мазуттың циркуляциясын басқаратын үлестірілген жүйесі іске қосылды.
RFCC каталитикалық крекинг кешенін іске қосу зауытта шикізатты өңдеу тереңдігін жоғарылатуға, сапасы бойынша К-4 және К-5 экологиялық кластарына сәйкес келетін автомобиль отындарын (бензин, дизель) шығаруға мүмкіндік береді.
Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасыны 2018 жылдың қыркүйек айында қол жеткізу жоспарлануда.
«ПҚОП» ЖШС Баспасөз қызметі
Дереккөз: www.24.kz
Мұнда баламалы энергия көздерін тиімді пайдаланып, жылу мен электр қуатын үнемдеуді үйрететін алаң ашылды.
Ғимараттың өзі күн батареялары мен жел генераторынан қуат алады. Заманауи орталық жүйесіне көршілес көп қабатты үйлерді қосу жоспарда бар.
Жылудың берілуін реттейтін қондырғы орнатқан үйдің тұрғындары біраз қаржы үнемдеп отырғандарын айтады. Бұрын 2 бөлмелі пәтерге 5000-6000 теңге төлейтін болса, қазір 2500 теңге шығады. Қаланы жылумен қамтып отырған мекеме «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты жаңғырту» бағдарламасы бойынша жеңілдік жасап, 400-ге жуық үй ортақ есептегіш орнатқан болатын. Кейін, бұл жоба өңірлерді дамыту бағдарламасымен іске аса бастады.
Айқын Ұнбаева, ПИК төрайымы:
– Қондырғыны үйдің жертөлесіне орнаттық. Тұрғындар бірауыздан қолдап, осындай шешім қабылдадық. Жылу температурасын күннің райына қарай реттеп отырамыз. Бұл өте тиімді.
Ал жақында ашылған энергия тиімділігі орталығында мамандар баламалы энергия көздерін пайдалану әдістерін үйретеді. ЭКСПО-2017 көрмесінен кейін қолға алынған жобаның құны 900 млн теңге.
Ақсәуле Байменшина, тілші:
– Міне мынау нағыз болашақтың энергиясы. ЭКСПО ғимаратының шатырында күн батареяларының 3 түрі орналасқан. Ғимаратқа қажетті қуаттың 30 пайызға жуыығн осы қондырғылар беріп отыр. Бұл үлгі ретінде жасалған жоба.
Ғимараттың шатырындағы күн батареяларынан алынатын қуат салқын суды ысытуға жұмсалады. Яғни орталық су құбырынан келетін салқын су 65 градусқа дейін ысиды. Күн бұлттанса, қондырғы автоматты түрде табиғи газ көзіне қосылады.
Диас Жақсылықов, мердігер компания өкілі:
– Салқын суды күн сәулесі арқылы жылытып, біздің ғимаратқа көлемі 1 шаршы метр, 1 тонна суды қолдануға бере аламыз. Әдейі өзінің қондырғылары бар. Бізде 10 пластинка, осы ғимаратқа есептелген. Шамамен 200 адам қолдана алады. Асхана, әжетхана бәріне қолданады. 65 градус ыстық су шығып жатыр.
Энергия тиімділігі орталығында жедел басқару бекеті ашылады. Яғни «Нұр Ақтөбе» шағын ауданындағы жаңа үйлер орталықпен байланыстырылып, барлық коммуналдық қызметтер автоматты түрде басқарылады. Үйлерге ортақ есептегіштер орнатылып, жылу үнемдеу шаралары қолға алынады.
Авторлары: Ақсәуле Байменшина, Болат Молдағалиев
Дереккөз: www.24.kz
Каспий теңіз бе, көл ме деген сұраққа жауап табылды. Ақтау саммитінде мемлекет басшылары қол қойған конвенцияда осы мәселеге түпкілікті нүкте қойылды.
Енді алып су қойнауын игеру тұрғысында тек халықаралық теңіз нормалары қолданылады. Ал үстіңгі бөлігінде көлге қатысты құқықтық ережелер ескеріледі. Конвенцияда көзделген бұл талап қазақстандық ұстанымдарға толықтай сәйкес келеді.
Каспийді енді әлемде теңдесі жоқ теңіз деп те, көл деп те атауға болады. Су алабында екеуіне де қатысты халықаралық нормалар қолданылады. Себебі құрлықтың қақ ортасында орын тепкен және бір де бір өзен келіп құймайды. Алайда суы ащы әрі аумағы үлкен. Құжаттың тағы бір тиімділігі оны жағалай жатқан 5 ел теңізден ырзық-несібесін көруді жалғастыра береді.
Жұмабек Сарабеков, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жанындағы институттың сарапшысы:
– Теңіз түбін қалай бөлісу деген сұрақ. Бұл ретте өте оңтайлы қағида ұсынады. Яғни Каспий теңізін бөлу көршілес жатқан мемлекеттердің үлесінде. Екі жақты, үш жақты келісімдер арқылы жүзеге асыру. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері жасасқан келісімдерге заңдық күш береді. Бекітеді. Кодификациялайды.
Конвенцияда теңіздің жануарлар және өсімдіктер әлемін қорғау мәселесі шешімін тапты. Енді әр мемлекет жағалауынан 15 миль аумаққа дейінгі бөлікті қажетті мақсатына пайдаланады. Одан әрі 10 мильдік бөлікті балық аулау үшін қолдана алады. Ал айдынның қақ ортасында 5 мемлекет кемелері еркін жүзеді. Себебі бұл аумақ ашық теңіз деп танылды. Бұған қоса Каспийдің ерекше мәртебесі арқылы оның табанында ірі экономикалық жобалар жүзеге асады.
Арыспай Қабдығалиев, стратегиялық зерттеулер және болжау қызметінің жетекші ғылыми қызметкері:
– Газ құбырын салу құрылысының жобасы қазір әзірлену үстінде. Оны жүргізудің үш түрлі әдісі бар. Бірақ барлығы құқықтық мәртебесі жоқ болғандықтан тоқтап тұрды. Оның үстіне, халықаралық жағдай қиын болды. Енді осы мәселе шешімін табады.
Айта кетейік, Каспий жалпы саны 240 миллион халқы бар 5 мемлекетке тиесілі. Еліміз үшін оның құқықтық мәртебесі Еуропа пен Азия арасында алтын көпір болуға мүмкіндік береді. Себебі «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы Қытайдың «Бір жол, бір белдеуімен» байланысады. Сол арқылы арадағы жүк тасымалы артып, Қазақстан тоғыз жолдың торабында тұрған алып мемлекетке айналмақ.
Авторлары: Рауан Мыңбаев, Ержан Қанапияұлы, Айдос Меделбеков, Руслан Жәкеев