Тұрақты органикалық ластағыштарды (ТОЛ), оның ішінде жаңа ТОЛ-ды түгендеу – тұрақты Органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясының тараптары ретінде Қазақстан Республикасының маңызды міндеті болып табылады.
2003-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің / БҰҰДБ / ҒЭҚ «ТОЛ бойынша Стокгольм конвенциясына сәйкес міндеттемелерді орындау бойынша Қазақстан Республикасына алғашқы көмек көрсету» жобасы шеңберінде Қазақстандағы алғашқы он екі ТОЛ алдын ала түгендеу жүргізілді.
«Ұлттық жаңарту жоспарларын орындау, Қазақстанның денсаулық сақтау қалдықтарды басқарудың ұлттық жоспарлау және басқару процесінде органикалық ластағыштардың басқару интеграциялау» ҚР / БҰҰДБ / ҒЭҚ жобасы шеңберінде жыл 2015-2016 жылы ТОЛ түгендеу Үкіметі жалғастырылды. Жобаны жүзеге асыру барысында, 2009 жылы Стокгольм конвенциясына кірген жаңа индустриялық ТОЛ (ПБДЭ оңай және ПФОС) алдын ала түгендеу, ТОЛ пестицидтерді түгендеу туралы ақпарат жаңартылған және сондай-ақ 2015 жылы байқаусыз өндірілетін ТОЛ шығарындыларын бағалау жүргізілді.
Байқаусыз құрылған ТОЛ шығарындыларын түгендеу (БҚ ТОЛ) 2013 жылы Диоксин және Фуран эмиссиясы және басқа да байқаусыз жасалған ТОЛ анықтау және сандық бағалау бойынша ЮНЕП басшылығына сәйкес жүзеге асырылды. Инвентаризация екі деңгейде жүргізілді:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің 2015 жылға арналған өнім көлемі бойынша жылдық есебінің негізінде ресми статистикаға сәйкес.
2) өнеркəсіптік кəсіпорындардың түгендеуге арналған арнайы сауалнама шеңберінде ұсынған деректері бойынша.
Жаңа Өнеркәсіптік ТОЛ (ПБДЭ және ПФОС) түгендеу барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетімен жарияланған ресми статистикалық жинақтар пайдаланылды. Инвентаризация 2015-2016 жылдары өткізілгендіктен, есептеулер осы уақыт аралығында қол жетімді деректерді 2014 жылға дейін қоса алғанда қолданылды.
ТОЛ бойынша пестицидтерді түгендеу шеңберінде, қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 143 бұйрығымен бекітілген 2013-2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтер (у химикаттар) тізіміне енгізілген дәрілік заттар ғана анықталды. Бұл тізімде ТОЛ бойынша пестицидтер жоқ. Алайда, ТОЛ қасиеттері бар ескірген пестицидтердің қоры Қазақстанның аумағында қалады.
Дереккөз: www.24.kz
ЕХРО – өз жобаңды күллі әлем назарына ұсына алатын үлкен алаң.
Германияның жас стартапшылары осы мүмкіндікті тиімді пайдаланып отыр. Олар халықаралық мамандандырылған көрмеде электромобильді қуаттандыратын «ақылды» жүйені таныстырды. Компания жетекшісі Никлас Ширмердің айтуынша, бұл инновациялық жоба шараға келушілерді, энергетика саласындағы мамандарды да ерекше қызықтырып отыр. Енді ЕХРО арқылы немістің өнертапқыштары жаңа әріптестерін іздестіріп жатыр.
Никлас Ширмер, «Ubitricity» компаниясының жетекшісі:
– Біздің компания электромобильді қуаттандыратын қолайлы жүйені ойлап тапты. Жүйе шоғырсым тартылған кез келген желіні энергия көзі ретінде қолдана алады. Арнайы розетканы шам бағанасына орнатсаңыз да жетіп жатыр. Жобамызды ЕХРО халықаралық көрмесінде ұсынғанымызға қуаныштымыз. Германия павильонында жаңа технологиямызды таныстыруға толық мүмкіндік жасалып отыр. Білуімізше, Астанада әзірше электромобильдер аз. Бірақ болашақта бас шаһардың заманауи қалаға айналатынын ескерсек, бұл өнертабыс күнделікті өмірде үлкен сұранысқа ие болуы мүмкін.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Өскемен ЖЭО» ЖШС, ҚР ЭМ «Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК «Байкал» филиалы, «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша экология департаменті» РММ, «Экосфера» ҮЕҰ мекемесі.
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
Дәріс оқығандар:
Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті директорының орынбасары;
Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Абилова Ляйа Толегеновна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;
Балабаева Алтын Ибрагимовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК ҚОҚҰБДжәнеЭАТ басқармасының басшысы;
Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті директоры;
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.
ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2017 жылғы тамыздың 16-нан 18-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Өскемен ЖЭО» ЖШС, ҚР ЭМ «Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК «Байкал» филиалы, «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша экология департаменті» РММ, «Экосфера» ҮЕҰ мекемесі.
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
Дәріс оқығандар:
Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті директорының орынбасары;
Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Абилова Ляйа Толегеновна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;
Балабаева Алтын Ибрагимовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК ҚОҚҰБДжәнеЭАТ басқармасының басшысы;
Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті директоры;
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.
Дереккөз: www.24.kz
Бүгінде құрылғанына 85 жыл толып отырған Алматыдағы әйгілі ботаникалық бақта заманауи әдістер қолданылып, қайта түлейді. Бұл туралы Алатау баурайында өткен шетелдік ғалымдардың басқосуында айтылды. Конференция барысында қазақстандық ботаникалық бақ өкілдері жаңа келісімдерге де қол жеткізді.
Тек Алматыда ғана емес, бүкіл Қазақстандағы жасыл желекті дамытуда үлесі зор ботаникалық бақтың қорында қазір 258 мың өсімдік түрі бар. Оның елу бес мыңын бақ аумағынан көруге болады. Олардың арасында 3 мың жыл бұрын жер бетінен жойылып кете жаздаған Гинкго билоба өсімдігі де бар. Ми қызметінің жақсы жұмыс істеуіне таптырмас ем саналатын ағашты мамандар ботаникалық бақтан тыс жерге жерсіндеру жолдарын қарастырып жатыр.
Эльмира Саметова, Ботаника және фитоинтродукция институтының ғылыми қызметкері:
– Қазақстан бойынша сирек кездесетін, жоғалып кеткен өсімдіктер осы бақта сақталып, өсіп жатыр. Бүкіл Қазақстаннан жиналған, басқа мемлекеттен АҚШ, Мексикадан әкелінген өсімдіктердің бәрі осы жерде өсіп жатыр.
Енді Алматы ботаникалық бағын қайта жаңғырту жұмыстары қолға алынбақ. Оған Нью-Йорк пен Лондонның жасыл желекті дамытудағы тәжірибесі қолданылатын болады. Бұл жұмыстарды жүзеге асыру үшін арнайы құрылған қор қазір тың жобаларды талқылап, қаржы көздерін қарастырып жатыр. Қазір бақтың арық жүйелері, жүргінші жолдары жаңартылып, көше шамдарын әсемдеу қолға алынды.
Арна Әкімбаева, Бас ботаникалық дамыту қорының атқарушы директоры:
– Әзірге қанша жоба жүзеге асырылатынын айта алмаймын. Біздің мақсат – ботаникалық бақты Нью-Йорк немесе Лондондағы ботаникалық бақтар сияқты халықаралық талапқа сай ету.
Ботаникалық бақтың 85 жылдығына арнайы шақырылған 14 елдің өкілдері Алматының мақтанышымен танысып, халықаралық конференцияда өз ойларымен бөлісті. Жиын барысында Венгрия мен Алматы ботаникалық бақ өкілдері жасыл желекті жерсіндіріп, дамытуда тәжірибе алмасу жөнінде келісті.
Авторлары: Аршын Кемелжан, Эдуард Кон
Дереккөз: www.24.kz
Болашақ энергиясы тіркесі сіз үшін қандай мағына береді? Бұл сала турасында қаншалықты ақпараттандырылғансыз? Бағдарламаның осы санында осы бағытта жұмыс істеп жатқан білікті сарапшылардың нақты шешімдері мен ұсыныстарымен бөлісеміз.
Дереккөз: www.24.kz
Атыраулық бағбандар алма өсіріп жатыр.
Осыған дейін мұнайлы өңірде өндірістік бағыттағы бірде-бір алма бағы болмаған еді. Мемлекеттік бағдарламалардың қолдауымен үш жыл бұрын алма өсіруді қолға алған жергілікті шаруашылық биыл айтарлықтай өнім жинады. Ауа райының қолайсыздығы, топырақ құрамының тұздылығына қарамастан, бағбандар осы маусымда әр түп алма ағашынан 40 келіден астам өнім алды.
Бастапқы да төрт гектар алқапқа алма ағаштарын отырғызған шаруашылықтың алма бағы бүгінде 150 гектарға жетті. Отандық ғылыми-зерттеу институттарындағы кәсіби мамандардың кеңесі мен үш жылғы тәжірибе арқасында жүзеге асқан жоба біртіндеп жемісін бере бастады.
Елдос Бегәлиев, агроном:
– Біз ағаштарды тамшылатып суару әдісімен суарып жатырмыз. Оның алмаға пайдасы мол. Ол ылғалды жақсы ұстайды. Тамыр бойына жақсы таратылады. Оның тағы бір пайдасы, бізде су қымбат тұрады. Оңтүстік өңірлерде судың бағасы 30 тиын болса, Атырау облысында судың бағасы 14 теңге тұрады.
Ал жылда мол табысқа кенелудің өзіндік қыр-сыры бар. Ол – мамандардың маңдай тері мен күні-түнгі еңбегінің нәтижесі. Жергілікті ауыл тұрғындары біртіндеп үйреніп, қазір нағыз бағбанға айналды. Қазір шаруашылықтың бағында алманың 32 түрі өсіріледі.
Сембей Мұхамбетов, бағбан:
– Мен осы жердің жергілікті тұрғынымын – Сарайшық ауылынан. Осы алма бағында көп жылдан жұмыс істеп жатырмыз. Алма өнімі жақсы. Бір түп алмадан 40 келідей алма аламыз.
Биыл көктемнің кеш келіп, ал жаздың күрт ысып кетуіне қарамастан, жергілікті бағбандардың бұл маусымға өкпесі жоқ. Олар 150 га бақтан 300 тоннадан астам өнім жинады. Алғашқы белестен сүрінбей өткен шаруалар келер жылдан бастап жүзім, құлпынай секілді жеміс-жидектерді де өсірмек ниетте.
Авторлары: Бекен Әлирахым, Амантай Мәтенов
Дереккөз: www.24.kz
Қазір диқандар өзге елдерден әкелінген өсімдіктерді де жер сіңдіріп жатыр. Шығыс Қазақстандағы Зайсан ауданының шаруалары майлы дақыл өсіруді қолға алған. Қазір 20 мың гектар алқаптың 60 пайызына аталған өнім түрі егіліпті. Осы арқылы майлы дақылдың отандық үлесін арттыру көзделіп отыр.
Топырағы құнарлы Зайсан ауданында мақсары өсіріле бастады. Дәурен Айтмұхаметов негізгі отаны Эфиопия мен Ауғанстан саналатын майлы дақылдың 1,5 тоннасын Жамбыл облысынан сатып алған. Бұл тәжірибе агрономдар тарапынан да қолдау тауып отыр. Себебі өнімнің пайдасы орасан әрі қалдықсыз екен.
Дәурен Айтмұхаметов, кооператив жетекшісі:
– Мақсары деген өсімдікті 50 гектарға әкеліп, егіп отырмыз. Алдағы уақытта 200-180 гектарға көбейтсек деген ой да бар. Майдың сапасы жоғары, мөлдір болады. Гүлі де пайдалы.
Зайсандық шаруалар сояның да берекелі дақыл екенін айтады. Болатбек Мизамхан 13 жылдан бері жер шаруашылығымен айналысады. Иелігінде үш жүз гектар алқабы бар. Оның 200 гектарына соя егіпті. Енді сатқан өнімдері үшін мемлекеттен субсидия алмақ.
Болатбек Мизамхан, шаруа қожалығының жетекшісі:
– Диқан үшін үш түрлі ерекшелігі бар. Жерін тыңайтып береді, малының шөбін тауып береді, қалтасындағы ақшасын тауып береді. Бұдан не зиян?
Биыл ауданда 21 мың гектар егіс алқабы игерілген. Тағы 7 мыңы резервте тұр. Ал жергілікті билік шаруалардың жер, су мәселелерін шешіп беруге мүдделі.
Темірбек Қасымжанов, Зайсан ауданының әкімі:
– Биыл 2 млрд. 200 млн. теңгеге «Үйдене» су қоймасын жөндеу жұмыстары егін аяғы біткенше басталады. Келесі жылдары осы егінді ары қарай да ұлғайтып, біздің ауданда суармалы егіннің 28 мың гектары бар, соны толығымен игеруге мүмкіншілігіміз болады.
Алдағы уақытта Зайсанда майлы дақылдарды өңдеу кластері құрылмақ. Бұл отандық өнімнің үлесін арттыруға мол мүмкіндік бермек. Ал шаруалар болса, тың технологияны меңгеріп, жерлестеріне жаңа жұмыс орындарын ұсынбақ.
Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Аслан Төлепов
Дереккөз: www.24.kz
Беларусь ғалымдары болашақтың көлігін ойлап тапты.
Жер бетінде қалықтап жүретін фуникулер бір құрлықтан екіншісіне қатынай алады. Бұл өнертабыспен белорустар Астанада өткен көрмеде таныстырды. Мұнда 70-тен астам кәсіпкер машина жасау, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технология, жеңіл өнеркәсіп сияқты сан саладағы тауарларын көрсетті.
Бұл – инновациялық көлік жүйесі. SkyWay – елді мекен ішінде, қаладан қалаға, тіпті құрлықтан құрлыққа қатынай алатын бірегей көлік. Фуникулердің сағатына 500 шақырымды еңсеретін қауқары бар. Бүгінде Беларусь ғалымдары ойлап тапқан өнертабысқа 200-дей мемлекет қызығып отыр. Олардың қатарында Қазақстан да бар.
Игорь Черный, «БелТРАНСНЕТ» компаниясының басқарушысы:
– Бұл көлік көп ұзамай әлемді жаулап алады. Қазір оны Қазақстанда да іске қосу мүмкіншіліктері қаралып жатыр. SkyWay тау бөктері арқылы Алматыдан Қырғызстанның Ыстықкөліне дейін қатынамақ.
Көрмеге Беларусьтан 70-тен астам тауар өндіруші келіп, қазақ тұтынушыларына өндірістік һәм азық-түлік өнімдерін көрсетті. Ал отандық кәсіпкерлерге ынтымақтастық әлеуетімен таныстырып, әріптестік аясын кеңейтуді ұсынды. Осы шараның аясында қос мемлекеттің бизнесмендерінің қатысуымен бизнес-форум өтіп, оған екі елдің үкімет басшылары қатысты.
Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:
– Екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін қос мемлекеттің де әлеуеті зор. Сауда-саттық көлемін ұлғайту, инвестициялық қарым-қатынас пен көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту секілді негізгі үш бағыт бойынша байланысты нығайтуға болады. Біз мұның бәрін жүзеге асыруға дайынбыз.
Белорустар өзара тиімді келісімге келіп, жаңа байланыстар орнатуға ниетті. Айта кету керек, екі ел арасындағы сауда-саттық жиырма жылда 10 есе өскен.
Андрей Кобяков, Беларусь Республикасының Премьер-министрі:
– Қазақстанның сан саладағы экономикалық әлеуеті зор. Мұнда заманауи өндіріс нысандары мен білікті мамандар жетерлік. Жергілікті халық өмірге үлкен сеніммен қарайды. Ал бұл өз кезегінде арамыздағы ынтымақтастықты бекемдеуге септігін тигізеді.
Ал Беларусь тауарларының көрмесі тамыздың 15-іне дейін жалғасады.
Авторлары: Ж.Біркенов, Д.Үмбеталиев
Дереккөз:: www.24.kz
Қостанай облысының Жангелдин ауданында соңғы жылдары егіс алқабы үш есе ұлғайған.
Өңір диқандары Торғайдың бос қалған танаптарын қайта игере бастады. Мемлекеттік бағдарламаның арқасында кәсіпкерлер техникаларын да жаңартып жатыр.
Қазір тіршілік қыз-қыз қайнаған бұл мекен, үш жыл бұрын құлазыған қу медиен болатын. Бидай тазалайтын қырман мен астық сақтайтын орынның құрылысы таяуда аяқталмақ. Мемлекеттің қолдауына сүйенген кәсіпкер Қайрат Райысов қиындықтан тайсалған жоқ. Ол ең алдымен лизинг арқылы техника паркін жаңалауға мән берді. Қуатты көліктермен бірге еңбек өнімділігі жоғарылады.
Қайрат Райысов, шаруашылық басшысы:
– Ескі комбайндармен шабатын жерімізді мына комбайндар үш есе артық орады. Ол – жап-жақсы өнімділік. Ескі техниканы сатып жіберіп жатырмыз. Комбайндарды жаңартып болып қалдық.
Кеңес кезінде Жангелдин ауданында 100 мың гектарге дейін бидай себілетін. Тоқсаныншы жылдары ол 7 мың гектарға дейін төмендесе, биыл 22 мың гектарға жетті. Тиісінше аудан көлемінде алынған жаңа техникалар саны да артқан.
Руслан Құлетов, Жангелдин аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы:
– Агроөнеркәсіп кешені бағдарламасы бойынша шаруа қожалықтары ауылшаруашылық техникаларын алған жағдайда 50% қайтарып береді шығынын. Соңғы үш жылдың өзінде ауданда жаңа техниканың саны елуге тарта болып отыр.
Торғай – табиғаты қуаң аймақ. Мұнда егін егуге екінің бірінің жүрегі дауаламайды. Десе де «күтімін тапсаң, мол өнім алуға болады», – дейді Қайрат Райысов. Мемлекет көмегіне сүйеніп, егістік алқабын 500-ден 8000 гектарға дейін кеңейткен ол былтыр гектарынан 12-14 центнерден астық жинады.
Қайрат Райысов, шаруашылық басшысы:
– Жермен жұмыс істеу керек. Жылда қалдыратын парың бар, оны сақтау керек. Сүдігер жырту керек. Жермен жұмыс істесең, ол өнім береді.
Болат Сералин, агроном:
– Біздің бір бетке ұстар жеріміз – бидайымыздың сапасы. Бірінші клас есебінде кетеді. Қамырлылығы 30-дан төмен болмайды. Брендіміз осы – сапа.
Егіс жұмыстарын уақытылы өткізген торғайлық диқандар орақ науқанына дайындық үстінде. Бірер күнде арпа ору басталмақ. Ал келер аптада егін жинауға кіреседі.
Авторлары: Абылай Мауданов, Ермек Мұхамедьяров