Фариза Налекова | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Ақтөбелік диқандарға субсидия төленіп жатыр

Дереккөз: www.24.kz

88469983fbc004806cdf0e6cf3ce3c59_l

Ақтөбелік диқандарға субсидия төлеу басталды.

Минералды тыңайтқыштарға, тұқым мен гербицидтерді субсидиялауға 1 млрд 200 млн теңге бөлінген. Биыл 642 мың гектар жерге дәнді-дақылдар егілсе, оның 382 гектары – бидай. Бұл өткен жылғыдан 13 пайызға артық. Ауыл шаруашылығы мамандары қазір алқаптарды аралап, егіннің жай-күйін қарап жүр.

Владимир Евстратовтың шаруашылығы биыл егіс алқабын ұлғайтқан. Бидайдан бөлек 530 гектар жерге күнбағыс, 350 гектар алқапқа бұршақ егіпті. Құрылғанына 3 жыл болған серіктестік су жаңа техникалар алып үлгерген. Тұқым себетін 2 канадалық машина мен 3 комбайнды несиеге алса, оның 25 пайызын мемлекет субсидиялаған.

Владимир Евстратов, шаруа қожалығы жетекшісінің орынбасары:

– Биыл бірінші рет егіс алқаптарын фунгицидпен өңдеп жатырмыз. Бұл – өте қымбат тұратын химиялық зат. Сонымен бірге гербицидтерді де пайдаланамыз. Оның 50 пайызы субсидияланады. Өткен жылы несиеге алған техникамыздың субсидиясы төленді. Бұл – үлкен қолдау. Жеңілдетілген бағамен жанар-жағармай да берілді.

Шаруашылық 40 мың гектар алқапқа мал азығы дақылдарын еккен. Қарғалы ауданының жері егіншілікке қолайлы болғандықтан, мол өнімнен үміттері бар. Тұқымның сапасына да көп көңіл бөлген. Жалпы биыл өңірде себілген тұқымның 23 пайызы элиталы тұқымға жатады. Тұқым шаруашылығын субсидиялауға өткен жылы 84 млн теңге бөлінсе, биыл 280 млн теңге жұмсалған. Минералды тыңайтқыштар көлемі де екі есеге артқан.

Асылхан Әптиев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

– Мал азығы дақылдарына біз бір гектарға әрбір шаруашылыққа 8 мың теңгеден береміз, ал сүрлемге 10 мың теңгеден субсидия қарастырылып отыр. Орташа айтқанда, қазір қолайлы ауа райы болып тұрса да, мамандардың қарауымен орташа 7-8 центнерден болатын шығар деп күтіп отырмыз. Бірақ күн райы әлі де үлесін қосуы мүмкін, жоспардан артық немесе төмен болуы да мүмкін.

Өсімдік шаруашылығын субсидиялауға бөлінген 1 млрд 200 млн теңгенің 300 млн-ы төленіп болған. Тағы 400 млн теңге мал азығы дақылдарын еккен қожалықтарға беріледі. Қазір егін жинау науқанына дайындық басталды. Биыл жеңілдетілген бағамен 9 мың тонна жанар-жағармай беріледі.

Авторлары: Ақсәуле Байменшина, Айбек Дәуітов

«Жасыл ел» жастар жасағы жұмысшыларының жалақысы көтерілді

Дереккөз: www.24.kz

fcd08e371e62e7e6b341992d0c89956a_l

Қазақстанда соңғы жаңалықтар Жасыл ел жұмысшылар жастар жасағы «Жасыл ел» жастар жасағы жұмысшыларының жалақысы көтерілді.

Енді олардың айлығына тағы 35 мың теңге қосылады. Сондықтан жазғы уақытта табыс табамын деушілердің қатары артып отыр. Мәселен, биыл

Солтүстік Қазақстан облысында 665 адам еңбекпен қамтылды.

«Жасылелдіктерге» тағы бір жауапты жұмыс жүктелді. Бүгін олар осы орманда арамшөптерді жұлып жатыр. Бұл шыршалардың өсуіне септігін тигізеді.

«Жасыл ел» жастар жасақтары үшін жаңа еңбек маусымы басталды. Жазда демалудың орнына, жұмыс істеп жүргендердің бірі – Сәния Жүкенова.

3-курс студенті осылайша ата-анасына көмектесіп, керек-жарағын өз ақшасына сатып алады. Сәния Жүкенова, Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

– Мен «Жасыл елде» үшінші жыл қатарынан жұмыс істеп жатырмын. Бостан-босқа жатқанша одан да жұмыс істеп, қосымша айлықты осылай табамын.

Солтүстік Қазақстан облысында «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 665-тей адам еңбекпен қамтылды.Биыл олардың жалақысы көтерілді.

Асқар Баймұқанов, «Жасыл ел» еңбек жасағы облыстық штабының жетекшісі:

– Биыл жұмысшылар орташа есеппен 40 мың теңгеден табыс табады. Айта кетерлігі, республикалық штабтан олардың жалақысы 2 есеге өсіп отыр. Яғни айлықтарына 35 мың теңгеден қосылады.

Биыл «жасылелдіктер» ормандарға ғана емес, елді мекендерде де еңбек етеді. 350-дей адам ауыл-аймақтарда абаттандыру жұмыстарын жүргізеді.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов, Руслан Әлиев

Жамбыл облысында қойдың жаңа тұқымы өсіріле бастады

Дереккөз: www.24.kz

2bccc478933ab6fb229a5899a7e4eea6_l

55 градусқа дейінгі аптапта өрісте жайыла алатын аша тұяқтының еті де мол.

Қойдың бұл түрі долан деп аталады. Түрі де, дене бітімі де ерекше. Ыстыққа өте төзімді келеді. Жануар үлкен құлақтары арқылы салқындалады екен. Ал жүні жартылай биязы. Шаруа бастапқыда Еділбай қойымен будандастырып көрген. Нәтижесін өзі айтып берді.

Жалал Худайбердиев, шаруа қожалығының төрағасы:

– Өткенде 8 айлық бір қошқарымыз 48 келі ет берді. Демек біздің қожалықта болашақ бар.

Қойдың тұратын қорасы да ерекше. Ағашпен еденделген. Қи қуыстан төмен түсіп кетеді. Жұмысшылар көң ойып, астын тазалап әуреленбейді. Ал жыл соңында жиналған қиды тыңайтқыш шығаратын кәсіпорындарға келісін 100 теңгеден саудалайды.

Бауыржан Жолыбаев, жұмысшы:

– Жұмысымыз осы. Шұңқыр жасадық. Жылына бір рет тазалаймыз. Одан кейін 450 бас қойдың өзін 3-ақ адам қарап отырмыз.

Меркі ауданындағы кешенді шаруақожалық негізінен ет өндіру бағытында жұмыс істейді. Мұнда төрт түліктің басым бөлігі асылтұқымды. Жақында маңайдағы 20 шаруа бірігіп кооперация құрды. Мал сою алаңын салып, мемлекеттен тиісті қолдау көріп отыр.

Жалал Худайбердиев, шаруа қожалығының төрағасы:

– Әрбір бұқаны сойғанда 20 мың теңгеден Үкімет көмектесіп жатыр. Ол 20 мың теңгеге жеміміз бар, шөбіміз бар. 102 бас болғанда, 6 айда 2 миллион 40 мың теңге алып жатырмыз. Жылына екі рет ауыстырып жатырмыз.

Жалпы, аймақта ет бағыты бойынша өсім байқалады. Бүгінгі күнге дейін Иранға 28 тонна мұздатылған ет экспортқа шығарылған. Сондай-ақ жуырда осы елге тағы 24 тонна қой тірідей жөнелтілді.

Кәрім Көкірекбаев, облыс әкімі:

– Жамбыл облысында үш ет комбинаты соғылып отыр. Оның ең үлкені – 2,5 млрд теңгеге Тараз қаласының жанындағы халал ет комбинаты. Бұл комбинат қазір Кувейт, Араб Әмірліктері, Иранмен келісімшартқа қол қойып, етті қоямыз деп отырмыз.

Айта кету керек, өңірде бүгінде 390 мың бас ірі қара, 105 мың бас жылқы, үш миллионнан астам қой мен ешкі бар. Мал басын одан әрі көбейтіп, өнімді тиімді пайдалану үшін кооперацияға бірігу ісі қарқын алған. Қазір облыста 120 кооперация жұмыс істеп тұр.

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Тимур Сейілхан, Руслан Ахатіллә

Жамбыл облысында егін орау науқаны басталды

Дереккөз: www.24.kz

e5f50499722eaf1e0b12311922466c84_l

Биыл өңірде 254 мың 489 гектар жерге дақыл себілген. Қажетті жанар-жағар май мен техника алдын-ала дайындалғандықтан, науқан белгіленген мерзімде басталды.

Жергілікті диқандар өнімді дер кезінде жинап алу үшін барын салуда, жұмыс қызу жүріп жатыр. Өңірде биыл ауыл шаруашылығының егістік алқабы 620 мың гектарға жуықтады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 26,2 мың гектарға көп.

Сонымен қатар жаздық арпа 140 мың, күздік бидай 107,6 мың гектар жерге егілген. Өткен жылы ауа райы қолайлы болып, жергілікті диқандар орта есеппен 24,5 центнерге дейін өнім жинады. Тіпті кейбір шаруақожалықтар өнімділікті 40-45 центнерге дейін жеткізіп, 10 жылда болмаған көрсеткішке қол жеткізген болатын.

Биыл көктемнің кеш шығуына байланысты өнім былтырғыға қарағанда аздау. Дегенмен гектарынан 21,2 центнер алу жоспарланып отыр. Мамандар: «бұл жаман көрсеткіш емес», – дейді. Жалпы науқан басталғалы егістіктерде мыңдаған адам еңбекке тартылған. Қажетті техникалар мен қосалқы құрал-жабдықтардың басым бөлігі жаңартылған. Былтыр бұл бағытта 2 миллиардтан астам қаражат жұмсалып, 266 бірлік жаңа ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынса, биыл тағы әртүрлі бағыттағы 140 жаңа техника әкелінді. Бұл бірінші кезекте еңбек өнімділігін еселеп, өнімді қалдықсыз, шашпай-төкпей жинап алуға мүмкіндік береді.

Егіс алқабындағы жұмысты қадағалап, диқаншылармен кездесуге облыс әкімі де келді.

Биыл көктемгі, жазғы-күзгі дала жұмыстарына Үкімет тарапынан облысқа 30,5 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінген. Бұл өткен жылға қарағанда 10 пайызға артық. Ал бағасы нарықта 140 теңге болса, аталған бағытта еңбек ететін шаруақожалықтарға 125 теңгеден сатылады. Авторы: Руслан Бақытбекұлы

Жасыл экономика. Шідерті каналының қайта жаңғыруы

Дереккөз:  www.24.kz

90-шы жылдардың соңында КСРО министрлер кеңесінің Ертіс-Қарағанды каналын өнеркәсіптік пайдалануға қабылдау жөнінде алғашқы қаулы шыққан еді. Мемлекеттік тапсырысқа сәйкес, дәл сол уақыттан бастап көл табандап суаруға және табиғатты қорғау үшін Шідерті өзенінің арнасына су жіберу мақсаты алға қойылды.

Елбасы Астана қаласының көрікті орындарын аралады

Дереккөз: www.24.kz

114937b647534d9d49848cbdbb1f903d_l

Мемлекет басшысы елордамыздың символына айналған, қайта жөндеуден өткен «Бәйтерек» монументінде болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Күрделі жөндеуден соң ғимараттың ішкі кейпі өзгерген. Атап айтқанда, монументтің күмбезі мен бағанасына жылуды сақтауға әрі оған жұмсалатын шығынды азайтуға мүмкіндік беретін энергия үнемдегіш жаңа шыныпакеттер орнатылған. Монументтің холына үлкен LED-экран қойылды.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті «Нұржол» бульварында ашық аспан астында өтіп жатқан жыл сайынғы халықаралық ASTANA ART FEST мәдени фестиваліндегі экспозициялармен танысты.

Фестивальда Қазақстан, Ресей, Франция, Украина, Испания, АҚШ, Германия, Армения, Жапония және Өзбекстан елдерінен келген 60-тан астам автордың туындылары көпшілік назарына ұсынылады.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев Кенесары ханға арналған ескерткіштің жанында орналасқан «Арбат» жаяу жүргінші жолымен жүріп өтті.

Онда Мемлекет басшысы Қазақстан қолөнершілері теріден, киізден, саз балшықтан және ағаштан жасаған бірегей бұйымдарды көріп, көше музыканттарының өнерін тамашалады.

Осы жерде елордадағы «Сарыарқа» ауданының әкімі Мемлекет басшысын аудан инфрақұрылымын одан әрі дамыту жоспарымен таныстырды. Қазақстан Президенті елорда тұрғындарымен және қонақтарымен әңгімелесті, сондай-ақ барша жұртты келе жатқан Астана күнімен құттықтап, оларға зор денсаулық пен бақ-береке тіледі.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Есіл өзенінің жағасында лазерлік шоуды тамашалады.

Мемлекет басшысы «Россия 24» телеарнасына сұхбат берді

Дереккөз: www.24.kz

b734f7987b04691acbc97640aebe63b0_l

Елбасы «Россия 24» арнасына сұхбат берді. Әңгіме барысында Президент әлем көз тіккен Астана қаласының құрылысы жөнінде сөз қозғады. Бас қаламыз бүтіндей көкке оранғанын тілге тиек етіп, елорда маңындағы жасыл белдеу жайын сөз етті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Говорят если хочешь посадить дерево, то посади его раньше. Если ты не посадил дерево, то сделай это сегодня. Поэтому это никогда не поздно. Лес – это совсем другое дело. Лес вокруг города, внутри города – это забота. Это «легкие» города. Это очистка города. Это кислород для города. Правда, ЮНЕСКО посчитало, что казахстанские степи дают кислорода больше, чем лес огромный. Я сам не знал, что степные растения, степное многотравье дает колоссальное количество кислорода. Две трети кислорода Центральной Азии дают казахстанские степи. А лес – это украшение, красота. 

Сонымен қатар Елбасы Ресей арнасының тілшісіне еліміздің бітімгершілік бастамаларын айтып берді. Әлемдегі шиеленістерді реттеуде қазақ елінің қосқан үлесін сөз етті. Нұрсұлтан Назарбаев Ресей мен Украина арасындағы жағдайға да тоқталып өтті. Бауырлас екі елдің мәдениеті ортақ. Талай қиын-қыстау кезеңді бірігіп бастан өткізді. Осыған мән берген Президент кез-келген дау-дамайды бейбіт жолмен келіссөз арқылы шешуге болатынын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Украину я хорошо знаю. Мне кажется, я даже душу украинцев знаю. Я там учился, у меня много друзей до сих пор. И считаю, что это очень добрый, красивый народ, который много пострадал в своей истории и хочет жить в мире. И Россия такая же. Сколько мы знаем, это же почти один народ. Братские страны, общие культуры, общие беды. Воевали вместе, страдали вместе, голодали вместе. И это всем нам нужно было, постсоветскому пространству, и вдруг разразился такой скандал. Поэтому я предложил свои услуги, приехал в Киев, после Киева был в Берлине, с госпожой Меркель мы говорили на эту тему. Потом французский Президент приехал сюда, я попросил Владимира Владимировича встретиться, на его обратном пути в Москве они встретились. Потом я приехал в Москву, челнок я сделал. В результате этого получилась встреча в Минске. Эта встреча должна была состояться в Астане, все это согласовали. Поскольку в этот момент в Европе шли какие-то процессы, мне Меркель звонит: «Ты нормально воспримешь, если мы поблизости, в Минске?» Я говорю: «Ну, какие возражения? Суть важна, а не где это». Поэтому я туда приехал, и впервые тогда состоялась личная беседа Президента России и Президента Порошенко. Мне казалось, если сесть за стол переговоров, можно эти вопросы решить. Истоки откуда, почему это получилось? Я хорошо знаю. Но все равно любая война заканчивается миром, правда?

Елбасы «жасыл аймақты» дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты

Дереккөз: www.24.kz

8711be0e94c72e15980290064224f3b1_l

Мемлекет басшысының төрағалығымен Астананың «жасыл белдеуін» дамыту мәселелері жөніндегі кеңес өтті.

Қазақстан Президенті орман алқабының аумағын тікұшақпен аралап көріп, «Балқарағай» демалыс аймағында орналасқан этноауылда болды, сондай-ақ «жасыл аймақты» дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың барысы мен оны одан әрі көгалдандыру жоспарлары туралы хабардар болды.

Кеңесте Ауыл шаруашылығы вице-министрі Е.Нысанбаев есеп берді. Вице-министрдің мәліметіне сәйкес, бүгінде 1997 жылдан бастап отырғызылған орман алқабының көлемі 80 мыңға жуық гектарға жетті.

Е.Нысанбаев отырғызылған көшеттердің жағдайына ұдайы мониторинг жасап, республикамыздың кәсіби ұйымдарының қатысуымен ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу Астана қаласы маңында «жасыл желекті» қалыптастыруды қамтамасыз ететін негізгі шара болып саналатынын айтты.

Кеңеске Президент Әкімшілігінің Басшысы Ә.Жақсыбеков, Астана қаласының әкімі Ә.Исекешев, Ақмола облысының әкімі М.Мырзалин, Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов та қатысты.

***

Жасыл аймақты қалыптастыру туризм мен рекреацияны дамытуға септігін тигізеді. Бүгінде 10 орман пайдаланушыға «Жасыл Аймақ» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мемлекеттік орман қоры аумағынан мәдени-сауықтыру және рекреациялық мақсатпен орманды ұзақмерзімді пайдалануға учаскілер берілген. Сондай-ақ, Астана қаласының шетінде елорда тұрғындары мен қонақтарының демалуы үшін Қосшы мен Ильинка кенттері арасында велосипед жолы салынды. Бұл жаңа технологиялық стандарттарға сай салынған және ұзындығы 23 шақырымды құрайтын әрі орманды жерде орналасқан ел аумағындағы бірден-бір велосипед жолы саналады. Қала әкімшілігі Астана айналасындағы велосипед жолы желісін 258 шақырымға дейін ұзартуды жоспарлап отыр. Ақпарат көзі: Ақорданың баспасөз қызметі

Жасыл экономика. Туған жерді көркейту

Дереккөз: www.24.kz

Кез-келген тал-терек 1 тоннадай көмірқышқыл газын сіңіруге қауқарлы. Оларды неғұрлым көп отырғызған сайын көміртек мөлшерін азайтып отыруға болады. Өндіріс көлемінің ұлғаю мен орман алқаптарының отауы бүгінде парниктік газдың атмосферада шамадан тыс артуының басты себебі. Бұл ретте әлемді жасылдандыруға асық жандар қарасы да артып келеді. Елбасының “Туған жер” бағдарламасы аясында сары даланың көгалдануына барын салып жатқандар да аз емес.

EXPO 2017: Сомалидің ұлттық күні

Дереккөз: www.24.kz

757f9f296cd522669165ee79e03ddf2d_l

Бүгін EXPO көрмесінің өтіп жатқанына 21 күн болды.

Осы уақыт ішінде бірқатар мемлекет ұлттық күнін өткізіп, өздерінің баламалы энергияға қатысты жобаларымен таныстырып үлгерді. Сомали Республикасы да жасыл энергетиканы қолдайды. Бүгін – бұл елдің ұлттық күні.

Сомалидің ұлттық күні шарасы әдеттегідей екі елдің әнұрандарының орындалуымен басталды. Қос тараптың ресми өкілдері EXPO-ның маңыздылығын атап өтті.

Сомали – ән мен биді сүйетін өте көңілді халық. Сондықтан олардың танымал әншісі Никосова осы шарада жиналғандарға елдерінің дәстүрлі әуендеріне негізделген афро-поп әндерін орындады.

Жалпы Сомали – Шығыс Африкада орналасқан мемлекет. Ол Джибути, Кения, Эфиопия елдерімен шектеседі. Астанасы – Могадишо.

1960 жылдың 1 шілдесінде Сомалиленд мемлекетімен Сомали бірігіп, «Сомали» мемлекеті деп аталды. Қазір ол – федеративтік республика.

Мемлекет жиі құрғақшылыққа душар болғандықтан, баламалы энергияға аса мұқтаж ел. Олар осы жасыл энергетика саласында көшбасшы болып тұрған елдерден көбірек үйренсек, іс-тәжірибе алсақ дейді.

Сомали делегациясын бастап келген Абдоллахи Юсуф Мұхаммед мырза EXPO 2017 халықаралық көрмесінің ұйымдастырылуына аса жоғары бағасын берді. Олар павильонын «Жаңғыртылған энергия – байлықтың көзі» деп атаған.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика