Дереккөз – www.inform.kz
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Іле-Алатауы ұлттық паркінде орналасқан Аюсай тау шатқалында Алматы қаласының экологиялық қоғамдастық өкілдері Сиверс алма ағашының 100 көшетін отырғызды. Оны ғалымдар жер бетіндегі барлық алма ағашының ата тегі деп атайды.
Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Экология, геология және табиғис ресрустар министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Көшеттерді отырғызу акциясы Ұлттық парктерді қолдау қоғамдық қорының жетекшісі Сергей Спицынның бастамасымен ұйымдастырылды. Ол бұған дейін Іле-Алатау ұлттық паркінің түрлі шатқалдарында бірқатар жаяу жүргіншілер жолы, жаяу жүргіншілер көпірі және туристік инфрақұрылым нысандарын мемлекеттің қаражатынсыз орнатқан болатын.
Акцияға экологиялық қоғамдастықтың өкілдері қатысты. Олардың ішінде «Табиғат» Қазақстан қауымдастықтары мен кәсіпорындарының экологиялық одағының басшысы Мэлс Елеусізов, «Қазэкология» республикалық ғылыми-өндірістік және ақпараттық орталығының жетекшісі Амангелді Ыскақов секілді беделді экологтар, сонымен қатар табиғатқа бей-жай қарамайтын басқа да ел азаматтары бар.
Сиверс алма ағашы Іле Алатауында, Қазақстанның оңтүстігінде және шығысында бірнеше мың жылдан бері өседі, Қызыл кітапқа енген.
Экологтардың пікірінше, оны сирек кездесетін түр ретінде, еліміздің символы ретінде сақтау, одан әрі жандандыру және қорғау үшін көп жұмыс атқару қажет.
– Бүгінде көпшілігіміз ұлттық паркке баруды кәуап жейтін жер деп түсінетінімізді мойындауымыз қажет. Мұндай демалыстан кейін үнемі тау боп үйілген қоқыс пен кесілген ағаштар ғана қалатынына бәріміз куәміз. Ал ұлттық паркке барудың шетелдік тәжірибесі мүлде басқа. Бұл дегеніміз ең әуелі жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігі туралы танып-білу, сондай-ақ жауапты экологиялық туризм», – деді Мэлс Елеусізов.
Осы ретте, акция барысында атап өтілгендей, жақын уақытта Іле-Алатауы ұлттық паркіне келушілермен тәрбие жұмысы ұйымдастырылмақ. Жақында Аюсай шатқалында заманауи және экологиялық таза сапарлау орталығы пайда болып, онда келушілерге ұлттық саябақта қандай өсімдік өсетіні, қандай жануарлар мекендейтіні туралы ақпарат беру жұмысы басталады. Балаларға арналған қызықты сабақтар мен ересектерге экскурсиялар ұйымдастырылады.
Сондай-ақ, бұрыннан бар жақсы дәстүрлерді қайта жаңарту, соның ішінде айналма серуендеу жолын жасау жоспарлануда. Бұл жерде келушілерге маршруттың ұзындығы мен күрделілігі, навигациясы, демалу және көру алаңдары туралы барлық қажетті ақпарат ұсынылады. Сонымен қатар, барлық жол тегін болады. Сапарлау орталығына бару үшін қосымша ақы алынбайды.
– Біздің акциямыздың идеясы – жақын уақытта Ұлттық саябақтың сапарлау орталығының жанынан шатқалда Сиверс алма ағашы бағын өсіру. Келушілер осы жерде демалып, саябақ флорасымен таныса алар еді. Ал мектеп оқушыларына экологиялық білім беру сабағын өткізуге болады, – дейді Сергей Спицын.
Іле-Алатауы ұлттық паркінің питомнигіне отырғызу үшін көшеттер сатып алынды. Мұндағы ой – сирек кездесетін эндемикалық өсімдіктерді өсіру және қалпына келтіру.
Акция әл-Фараби атындағы Ұлттық университеттің қолдауымен өткізілді.
Дереккөз – www.gov.kz
Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев еліміздегі ұлттық парктерді дамыту жөніндегі ұлттық кеңес құру туралы бастама көтерді. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.
«Алматы жұртшылығы Іле-Алатауы ұлттық паркін абаттандыру мəселесі жөнінде алаңдаушылық білдіруде. Барлық туындаған мəселелерді шешу үшін біздің ведомство құрамына сарапшылар, министрлік өкілдері, жұртшылық, экобелсенділер кіретін Ұлттық парктерді дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес құру туралы бастама көтерді», – деп жазды М.Мырзағалиев.
Оның айтуынша, Кеңес «инвестордың міндеттемелерін орындауына, ұлттық парктерді дамыту жоспарын талқылауға қатысуға, қажет болған жағдайда, оның аспектілерін іске асыруға əсер етуге бақылау жасай алады».
Министр барлық мүдделі тұлғаларды Кеңеске қосылуға шақырды. «Тек біріккен кезде ғана біз табиғат байлығын сақтау мақсатына қол жеткізе аламыз», – деп атап өтті ол.
Экология министрлігінің басшысы министрліктің ұлттық парктерді «табиғатқа жүк түсірмей» дамытуды көздеп отырғанын еске салды.
«Қазірде оларды дамыту кезінде ауқымды ғимараттар салуды қойып, эко-туризмді дамытуға, жүргіншілер жолын салуға, тек жеңіл нысандар салуға назар аудару қажет. Яғни қоршаған ортаға орынсыз килігу болмауы тиіс», – деп атап өтті М. Мырзағалиев.
Дереккөз – www.24.kz
Маралды көлі тұзды суымен бірге табиғатта сирек кездесетін «артемия салина» шаяндарымен танымал. Медицина, фармацевтика саласында кеңінен қолданылатын, биохимиялық құндылығы бар су жәндіктері тұзды көлдерден заңсыз ауланып келгені рас.
Соңғы жылдары су қоймасын «Стройбиоресурс» компаниясы жалға алған болатын. Маралдыны курорттық аймаққа айналдырған да осы фирма. Алайда соттың шешімімен қыста арадағы келісім-шарт бұзылды. Ол кезде Маралды көлінде артемия салина цистасын аулауға квота болмаған еді. Енді Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану және су ресурстары басқармасы жаңадан байқау жариялап отыр. Онда артемия салина шаяндарын аулауға рұқсат берілген.
Жасұлан Жұмашев, қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын пайдалану басқармасының бөлім басшысы:
– Мамыр айының 27-сінде конверттері ашу болды. Бүгінгі таңда конкурстық комиссия өтініштерді қарап жатыр. Оның нәтижесін жер қойнауын пайдалану, табиғатты қорғау және су ресурстары сайтынан білуге болады.
Құрылыс қалдықтарымен ластанған Маралды көлінің тағдыры көпшілікті алаңдатып отыр. Бұл мәселе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің «Ertis – adaldyq alańy» жобалық кеңсесіне жетті.
Ризабек Исабеков, «Ertis – adaldyq alańy» жобалық офисінің жетекшісі:
– «Ertis – adaldyq alańy» жобалық офисі бұл жағдайды назардан тыс қалдырмайды. Мыңдаған облыс тұрғындарының сүйікті демалыс аймағына айналған Маралды көліне экологиялық апат төніп тұр. Біз оны қалпына келтіруге бар күшімізді саламыз және тиісті органдар қарап отырмайды деп ойлаймын.
Дереккөз – www.inform.kz
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы тауларында қар барысы видеотұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ерекше кадрларды Snow Leopard Foundation қорының басшысы Ержан Еркінбаев жариялады.
«Барыстар тек иіс арқылы қатынаспайды. Мына видеода қар барысы еркегінің күйлеген кезін түсіріп алдық», – деп жазады Ержан Еркінбаев.
Дереккөз – www.bbc.com
Жыл сайын әлем бойынша екі миллиард тоннадан астам қатты қалдықтар шығарылады.
Олардың көпшілігі полигондарда (ресми және риясыз) аяқталады. Қоқыстар мұхиттарды қоқысқа тастайды. Оның бір бөлігі күйіп кетеді, ал оның аз бөлігі ғана өңделеді.
Парагвайда қалдықтарды басқару әлі де кең таралған тәжірибеге айналған жоқ. Оның үстіне, елімізде табиғи қоқыстар саны артып, астаналық Асунсьон айналасы үлкен, бақыланбайтын полигонға айналуда.
Алайда, инженер Фавио Чавес қайта өңдеудің шығармашылық тәсілін ойлап тауып, аспаптардың бәрі қоқыстардан тұратын оркестр ұйымдастырды.
Дереккөз – www.inform.kz
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда күрделі жөндеуден өткен ботаникалық бақ бүгін – Халықаралық балаларды қорғау күні келушілерге есігін айқара ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Петропавлдағы ботаникалық бақ – өңірдегі негізгі туристік нысандардың бірі. Қызылжар өңірінің мақтанышы. Оранжереяны тамашалауға келген ересектер де, балалар да өзіне қызықты мағлұмат ала алады. Жаңа кейіпке енген ботаникалық бақ енді туристік орталыққа айналмақ.
«Күрделі жөндеу жұмысына астаналық мамандар тартылды. Кіреберіске қалықтап тұрған бақшаның әсерін беру үшін айна қойдық. Тоған, субұрқақ, қысқы бақ, кіреберіс арка жөнге келтірілді. Біздің компания үш жыл сервистік қызмет көрсетеді. Көңілден шықпай жатса, олқылықтар табылса, сөзсіз жөндейміз», – дейді елордалық құрылыс компаниясының өкілі Асылбек Бағанов.
Жөндеу жұмыстарының жалпы бюджеті – 200 млн теңге болса, тек абаттандыруға ғана 90 млн теңге жұмсалды.
«Күрделі жөндеуден кейін көпшіліктің сүйікті орны – ботаникалық бақ ашылды. Бірегей оранжереяға қала қонақтары ғана емес, тұрғындар да жиі демалуға келеді. Балаларды қорғау күніне орай арнайы ашып отырмыз. Осыдан бірер жыл бұрын оранжерея жабылады деген қауесет тарады. Мен бұл демалыс орны, керісінше, көркейе түседі деп айттым. Оның бірегейлігі – биыл құрылғанына 108 жыл толып отыр. Күрделі жөндеуге дейін оранжерея аумағы заманға сай келмеді, ескірген болды. Қазір батпақтың орнына сарқырама пайда болды, түрлі шағын сәулет нысандары қойылды. Енді осы баққа әкелетін жолды жөнге келтіру қажет», – деді облыс әкімі.
Ботаникалық бақ енді кешке де жұмыс істейді. Мамандардың айтуынша, әр өсімдік жарықтандырылды, нәтижесінде кешкі бақ ғажайып күйге енеді.
Жалпы бұл оранжерея – еліміздегі ең көне бақтардың бірі. Мұнда тропикалық ағаштар, пальма, лимон, агава, орхидея сияқты экзотикалық өсімдіктер өседі.
Дереккөз – www.gov.kz
Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев жұма күні Алматыда қоғам, БАҚ өкілдерімен, блогерлермен кездесіп, Қазақстандағы экологиялық туризмді дамыту жоспарлары туралы айтып, қызығушылық тудырған барлық сұрақтарға жауап берді.
Вице-министр БАҚ-қа берген сұхбатында қазіргі уақытта Қазақстанда экологиялық туризмді дамыту жөніндегі жаңа тұжырымдаманы іске асыруға кірісу жоспарланып отырғанын атап өтті. Жоспарды құру алдында халықаралық тәжірибені зерттеу жүргізілді.
«Мен ұлттық парктер аумағында туризмнің белсенді дамуына қарсылық білдіргендердің бірі болдым. Бірақ сапар барысында, тәжірибемен, атап айтқанда АҚШ-тың экотуризмді дамыту тәжірибесімен танысқан кезде, мен бұл мәселе бойынша алғашқы ұстанымдарымды қайта қарадым. Бүгін мен экологиялық туризмді дамыту қажет деп сеніммен айта аламын», – деді Е.Нысанбаев.
«АҚШ-та біз үш саябақты араладық. Олардың идеологиясындағы негізгі ұстаным – бұл табиғатқа салынған ауыртпалықтан арылу. Бұл АҚШ-та ұлттық парктер аумағында үлкен капиталды ғимараттар жоқ дегенді білдіреді. Негізінен олар тек маршруттар мен жолдарды белсенді дамытады», – деді ол. Салыстыру үшін көрнекі мысал ретінде ол Қазақстандағы ұлттық парктердің қазіргі жағдайына, атап айтқанда, кездесу өткен Іле-Алатау саябағының жағдайына назар аударды.
«Біз бүгін не көріп отырмыз? Біз көптеген мейрамханалар мен кәуәпханаларды көреміз, яғни адамдарды саябаққа барған кезде тамақтануға, демалуға, бір жерде түнеуге болатындығына сендіреміз», – деді Е.Нысанбаев.
Вице-министрдің пікірінше, жоғарыда айтылғандар екінші жоспарда болып, ал алдыңғы қатарда – адамның табиғатпен байланысы болуы тиіс.
«Ең бастысы – маршруттар мен жолдар! Яғни, адам табиғатпен байланысу үшін ұлттық парктің аумағына кіруі керек. Ұлттық саябақтың аумағына кіріп, картаны көріп, алдымен қысқа, ұзын, қонып қалу мүмкіндігі бар жолдарды көруі керек», – деді ол.
Осы мақсатта ұлттық парктердің инфрақұрылымын дамыту тәсілін өзгерту жоспарлануда. «Бүгінгі күнге дейін ұлттық парктердің инфрақұрылымын дамыту мәселесі жүйесіз болып келді. Міне, біз жалпы аумағы 200 га болатын 122 учаскені бизнес өкілдеріне тапсырдық. Егер 199 мыңдық ұлттық парктің аумағын алсақ, бұл бүкіл аумақтың 0,1% құрайды. Ал біз не көріп отырмыз? Қызметтің деңгейі мен сапасы әртүрлі», – деді ол.
Бүгінгі таңда бұл аймақ үлкен табыс әкелетінін және жергілікті халықты жұмыспен қамтамасыз ететіндігін ескере отырып, экологиялық туризмді дамыту тәсілін өзгертудің уақыты келгенін атап өтті Е.Нысанбаев.
«Бүгінде ұлттық саябақтарда кешенді жүйе болуы керек. Қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ететін бірыңғай туристік өнімді құру қажет. Бұл біздің басты міндетіміз», – деп түсіндірді вице-министр.
Іле Алатауы ұлттық паркі туралы айта келе, ол тендер рәсімдерінің нәтижесінде бас жоспарды орындау тапсырылған инвестор анықталғанын еске салды. Бұған дейін хабарланғандай, инвестор қоршаған ортаға зиян келтірмей, туристік соқпақтарды, кемпингтерді, қазіргі заманғы санитарлық кабиналарды және басқа да қажетті инфрақұрылымдармен жабдықтауды жоспарлап отыр.
«Барлық жаңа жобалар адам қызметінен түсетін ауыртпалықсыз табиғатпен үйлесімде жұмыс жасайды», – деп сендірді экология вице-министрі.
Дереккөз – www.inform.kz
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейдің маңында біз сирек кездесетін құс – мұртты титулды суретке түсірдік, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
Жергілікті фотограф Андрей Куряшкин қаладан 15 шақырым жерде Мұқыр өзенінің маңында ерекше суретке түскенін айтты.
«Бұл орнитологиялық табу! Бұл құстың Семейде екінші құжатталған кездесуі. Оны алғаш рет 1926 жылы қыста көрген және бұл факт біздің қаламызда өмір сүрген әйгілі ғалым Виктор Селевинмен жазылған. Жалпы, бұл құс бізбен бірге тұрмайды және ұшып кету де мүмкін емес », – деді А.Куряшкин.
Сонымен қатар, фотограф қалаға жақын жерде бален тұқымдары ұя салатындығын атап өтті.
«Менің ойымша, біздің қысымыз жылы болды, көктем ерте еді, ал енді мыстан жасалған титул мұнымен тоқтауға шешім қабылдады. Бұл жаһандық жылыну, бұл біздің аймаққа әсер етеді », – деп толықтырды фотограф.
Айтпақшы, А.Куряшкиннің коллекциясында Шығыс Қазақстанда мекендейтін құстардың көптеген ерекше фотосуреттері бар.
Дереккөз – www.inform.kz
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Экология, табиғи ресурстар геологиясы министрлігі Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде экологиялық туризмді дамытудың бас жоспарын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Министрлік республиканың ұлттық табиғи парктерінде экологиялық туризмді дамыту туристік индустрияны дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
«Бірқатар елдердің (АҚШ, Андорра, Австралия және т.б.) халықаралық тәжірибесі зерттелді, онда экологиялық туризмді дамытудың негізгі принциптері анықталды. Шет елдерде маңызды табиғи нысандарды сақтау кезінде кешенді тәсіл қолданылады. Бас жоспар халықаралық тәжірибеге негізделген. Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде экотуризмді дамытудың бас жоспары жүз жылдық тарихы бар және сәтті жұмыс істейтін ұлттық парктердің американдық үлгісіне негізделген », – деді министрлік.
Бүгінгі таңда Қазақстанның ұлттық парктерінде жабдықталған серуендеу жолдары, кемпингтер, заманауи сантехникалық кабиналар және басқа инфрақұрылым қажет.
Іле Алатауы саябағында осы бас жоспарды жүзеге асыру аясында маршруттар мен жолдарды жасақтау, заманауи бару орталықтарын, медициналық орталықтарды, глампингтерді, лагерьлерді, этно-ауылдарды және т.б. құру жоспарланған.
Жоғарыда аталған іс-шаралардың барлығын бақылауды ұлттық парк жүзеге асырады. Туристік нысандардың құрылысы ұлттық парктегі үйлестіру кеңесінің отырысында талқыланады.
«Бірінші кезеңде Аюсай шатқалында келушілер ұлттық парк туралы қажетті ақпарат ала алатын және өздері үшін жақсы демалу түрін таңдай алатын заманауи сапарлар орталығын салу жоспарлануда. Ұлттық паркте келушілердің жайлы тұруын қамтамасыз ету үшін таулы жолдарды, көрік алаңдарын, көпірлерді және көлік тұрақтарын ұйымдастыруды қоса алғанда, әлеуметтік сипаттағы нысандарды құру жоспарлануда », – деді Экология министрлігі.
Жалпы аумағы 35 га болатын Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Үлкен-Алматы, Моло-Алматы, Каменский, Талғар, Көкбастау және Түрген орман шаруашылығы шекараларындағы жер учаскелері инвесторға жалға берілді.
Кезең-кезеңмен инвестор 10 заманауи сапар орталықтарын салуды, 155 шақырымнан астам серуендеу маршруттарын жабдықтауды және тағы басқаларын жоспарлап отыр. Жоба байланысты салаларда жаңа жұмыс орындарын ашады, кәсіпкерліктің дамуын және туризм саласында жоғары білікті кадрлардың өсуін қамтамасыз етеді.
«Барлық жұмыстарды қоршаған ортаға зиян келтірместен инвестор жүзеге асырады, ал салынған құрылыстар қазіргі заманғы экологиялық материалдардан жасалады. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде экотуризмді дамыту бойынша осындай бас жоспарлар жасалуда », – деп толықтырды министрлік.
Айта кету керек, ұлттық саябақ бұдан әрі де кез-келген қазақстандықтар үшін қол жетімді орын болады. Туристік орталық пен жолдар ақысыз болады, саябақта болу ыңғайлы, қауіпсіз және заманауи талаптарға сай болады.
Іле Алатауы ұлттық паркі жерінің бір бөлігі жеке компанияның ұзақ мерзімді пайдалануға берілгенін ескеріңіз. Тендерлік комиссияның шешімімен №1 лот бойынша тендердің жеңімпазы «KULTAU & K» ЖШС жалғыз қатысушысы болып жарияланды.
Дереккөз – www.inform.kz
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Нұр-Сұлтан қаласында 6 миллионға жуық гүл, 30 мың ағаш отырғызылады. Жұмыстар барлық ауданда жүргізілетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
«Біздің кәсіпорын қызметкерлері өз ісіне деген зор ықыласпен күні-түні жұмыс істейді. Оларға алғысым шексіз. Бұл жұмыс әркімнің қолынан келмейді. Өйткені гүл отырғызу – зергерлік жұмыс секілді. Қаланы көгалдандыру мен гүл отырғызу үшін жан-тәнімізбен жұмыс істейміз. Мамандарымыз қала тұрғындарын қуантып, жақсы көңіл-күй сыйлау үшін еңбек етуде», – деді «Астана – Зеленстрой» ЖШС бас директорының орынбасары Бибігүл Бектемісова.
Күн сайын 130 маман жұмылдырылып, санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып жұмыс жасауда.
«Менің басты міндетім – суару және гүлдерді күту. Жұмыс қиын, үлкен шыдамдылықты қажет етеді», – деді «Астана – Зеленстрой» ЖШС қызметкері Айгүл Жайлаубаева.
«Биыл үйеңкі, жөке, емен, сондай-ақ мамыргүл, ақтал сынды бұта ағаштарға басымдық береміз. Мамық шашатын терек түрін отырғызбаймыз», – деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев.
Елорданы көгалдандыру және абаттандыру мақсатында биыл 30 мың ағаш отырғызылады.