Yeldos Muslim | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

В 2021 г. планируется посадить около 130 млн. деревьев

2021 жылғы 22 шілдеде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері Ақмола облысының Щучинск қаласында және “Бурабай” ұлттық паркінде жұмыс сапарымен болды. Сапар барысында делегация мемлекеттік орман қорында 2 млрд.ағаш отырғызу жобасын іске асыру бойынша ведомствоға қарасты ұйымдардың жұмысымен танысты. Естеріңізге сала кетейік, аталған жоба ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда. Президент 2020 жылы Қазақстан халқына Жолдауында 5 жыл ішінде елімізді ауқымды көгалдандыру міндетін қойды. Қазіргі уақытта орман қорының жалпы алаңы (барлық ормандар мен орман шаруашылығын жүргізуге арналған жерлердің жиынтығы) 30 млн.гектарды немесе Қазақстан аумағының 11% – ын құрайды. Ормандардың ең көп аудандары Қызылорда, Жамбыл (негізінен сексеуіл), Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында (майқарағай, самырсын, балқарағай және шырша) шоғырланған. Еліміздің ормандылық көрсеткіші 4,8% деңгейінде. Жоғарыда аталған жобаны іске асыру бұл көрсеткішті 5% – ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Жобаны жүзеге асыру үшін барлық облыстарла және министрліктің ведомстволық бағынысты мекемелерінде ормандарды молықтыру мен орман өсірудің 5 жылдық кешенді жоспарлары бекітілді, республикалық және жергілікті бюджеттерден шығыстар айқындалды, сондай-ақ орман және табиғат қорғау мекемелерінің іс-қимылдарын үйлестіру жөніндегі штаб құрылды. Жоба басталғаннан бері биылғы жылғы көктемде 81,5 млн. ағаш отырғызылды. Күзде тағы 48,2 млн. ағаш отырғызу жоспарлануда. Отырғызу көлемі жыл сайын 2021 жылғы 129,7 млн.ағаштан 2025 жылы 642,8 млн. ағашқа дейін ұлғаятын болады. 2 млрд. ағаштың 1 455,7 млн. данасын әкімдіктер, 294,3 млн. данасын орман пайдаланушылар мен халықаралық донорлар, 250 млн. данасын Экология министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдары отырғызуды жоспарлап отыр. Отырғызу жоспарланған ағаш түрлерінің ішінде сексеуіл ең көп үлесті (шамамен 30%) алатынын атап өткен жөн. Бұл осы аймақтың экологиясын жақсарту үшін Арал теңізінің құрғаған түбінде сексеуіл ормандарын өсіру қажеттілігіне байланысты. Жалпы, жоба аясында шамамен 610 мың дана сексеуіл, 555 мыңнан астам дана қарағай, 193 мыңнан астам дана үйеңкі, 132 мыңнан астам дана шегіршін, 100 мыңнан астам дана қайың және басқа да тұқымдар отырғызу жоспарлануда. Жобаны қаржыландыру үшін 5 жыл ішінде республикалық бюджеттен 22 млрд.теңге, жергілікті бюджеттерден 60 млрд. теңге бөлу жоспарлануда. Сонымен қатар, мамандар түсіндіргендей, ағаштардың құны маусымдық жұмысшылардың жалақысы, тұқым жинау және өңдеу, топырақ дайындау, көшеттерді 2-3 жыл күту шығындарымен анықталады. Осыған байланысты қаржыландыру тұқымдарды жинау мен өңдеуге, қызметкерлердің жалақысына жұмсалған шығындарды жабуға ғана емес, сондай-ақ топырақ-іздестіру жұмыстарын жүргізуге, орман егіс алаңдарын ұлғайтуға, техника мен жабдықтар сатып алуға, ормандарды молықтыру жөніндегі жұмыстарды орындауға бағытталатын болады.

Дереккөз – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

Будет разработана «интерактивная карта» для мониторинга за ходом работы по посадке 2 миллиардов деревьев

Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында 2 млрд ағаш отырғызуды қамтамасыз етуді және осы жұмыстардың орындалу барысын бақылау үшін интерактивті карта әзірлеуді тапсырды. Жоғарыда көрсетілген тапсырманы іске асыру мақсатында Қазақстан Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі (бұдан әрі – ҚР ЭГТРМ) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп осы мәселені пысықтады. «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясы» АҚ ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» РМҚК тапсырысы бойынша 2 млрд.ағаш отырғызу жұмыс барысын мониторингтеу үшін интерактивті картасын әзірлеуде. Жерді қашықтықтан зондтау негізіндегі интерактивті карта халыққа мобильді нұсқада да қолжетімді болады деп жоспарлануда. Барлық мүдделі тұлғалар, қоғамдық ұйымдар және еліміздің әрбір азаматы осы жұмысты қадағалап, өз ұсыныстары мен ескертулерін уәкілетті органға жолдай алады.

Дереккөз – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

По межгосударственному каналу “Достык” с 80 до 90 мз/с увеличены попуски воды для фермеров Туркестанской области

Биылғы жылғы 19 шілдеде Ташкент қаласында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев Өзбекстан Республикасының Су шаруашылығы министрі Ш. Хамраевпен кездесу өткізді. Кездесу барысында олар Сырдария өзенінің орта және төменгі ағысындағы су жағдайын жақсарту жөніндегі бірлескен шараларды талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан үшін «Достық» мемлекетаралық арнасы бойынша Түркістан облысының Мақтаарал және Жетісай аудандарының фермерлері үшін су жіберу көлемі 80-нен 90 м3/с дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ, Шардара су қоймасына келетін ағынды арттыру бойынша бірлескен шараларды жалғастыру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді. Сонымен қатар, кездесу барысында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару және пайдалану туралы Келісімнің жобасы талқыланды. Тараптар осы жылдың соңына дейін Келісім жобасын келісу рәсімдерін аяқтау ниеттері бар екенін растады.

Дереккөз – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

Минэкологии и Германское общество по международному сотрудничеству (GIZ) обсудили вопросы развития Приаралья

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова «Арал өңірінің экологиялық бағдарланған өңірлік дамуы» халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамының (GIZ) өңірлік жобасының жетекшісі Паул Шумахермен кездесті. Паул Шумахер вице-министрді Арал өңіріндегі экологиялық жағдайды жақсарту бойынша бірқатар іс-шаралар іске асырылып жатқан аталған өңірлік жобаның ағымдағы жылдың басында басталғаны туралы хабардар етті. Өз кезегінде Әлия Шалабекова Министрліктің GIZ-мен түрлі жобалар бойынша жемісті ынтымақтастығын атап өтіп, экология және қоршаған ортаны қорғау саласында техникалық көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді. Кездесу барысында тараптар көгалдандыру, ландшафтқа кешенді мониторинг жүргізу және Арал теңізінің құрғаған табанын картографиялау саласындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын, сондай-ақ климаттың өзгеруіне бейімделу, балық шаруашылығын дамыту, табиғатты қорғау іс-шараларына жергілікті халықты тарту мәселелерін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және GIZ жобасына Қазақстанда жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді. Анықтама «Арал өңірінің экологиялық бағдарланған өңірлік дамуы» өңірлік жобасы Германияның экономикалық ынтымақтастық және даму федералдық министрлігінің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады және оны халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Германия қоғамы (GIZ) іске асырады. Жоба Арал өңірінің экологиялық орнықты трансшекаралық экономикалық дамуын қамтамасыз етуде Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтеріне қолдау көрсетеді.

Дереккөз – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

Председатель Комитета рыбного хозяйства посетил с рабочим визитом Актюбинскую область

Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасының іске асырыу барысымен таныстыру мақсатында Ақтөбе облысында Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Нариман Жүнісов облыстың балық шаруашылығы субъектілерімен және әлеуетті инвесторларымен кездесіп, олармен өңірде балық шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Кездесу барысында ведомство басшысы мемлекеттік қолдау шаралары, соның ішінде субсидиялау, балық өсірумен айналысатын субъектілер үшін жасалған жағдайлар және заңнаманы жетілдіру туралы хабардар етті. Жалпы, өңірде жұмыс істеп тұрған шаруашылықтардың қуатын кеңейту, тұқы, бекіре, албырт балық түрлерін өсіру бойынша 34 көл-тауарлы, 8 тор, 1 тоған шаруашылығын құру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Комитет төрағасы жайын балықтарын өсіретін «Мұрагер 22» ЖШС жабық сумен қамтамасыз ету қондырғысын пайдаланатын балық өсіру шаруашылығының жұмысымен танысты, «Ардағым» ШҚ, «Асыл бахтах» ШҚ тоған шаруашылықтарына, сондай-ақ торлы шаруашылықтар құру жоспарланған бірқатар су қоймаларына барды.

Дереккөз – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

В Мангистауской области в 2030 году планируется произвести 100 тысяч тонн рыбы

Маңғыстау облысы Ақтау қаласында өңірдің балық шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша кездесу өтті. Кездесуге балық шаруашылығын дамыту жөніндегі уәкілетті органның, Маңғыстау облысы әкімдігінің, “Атамекен” ҰКП – ның, “BD – Балық шаруашылығы қауымдастығы” ЗТБ-ның, балық шаруашылығы субъектілерінің және облыста балық өсіру жөніндегі жобаларды іске асыруға дайын инвесторлардың өкілдері қатысты. Қатысушыларға балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасы таныстырылды, онда 2030 жылға қарай өсірілген балық көлемін жылына 270 мың тоннаға дейін, оның ішінде Маңғыстау облысында жылына 100 мың тоннаға дейін ұлғайту көзделген. Жалпы, өңірде жұмыс істеп тұрған шаруашылықтардың қуатын кеңейту, тұқы, бекіре, албырт балық түрлерін өсіру бойынша сумен қамтамасыз етудің тұйық циклі бар 20 тор, 1 тоған, бір шаруашылық құру жоспарланып отыр. Кездесу барысында балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Н.Т. Жүнісов қатысушыларды балық шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары, оның ішінде балық өсірумен айналысатын субъектілер үшін жасалған жағдайларды субсидиялау және заңнаманы жетілдіру шаралары туралы хабардар етті. Сондай-ақ, іс-шара барысында балық шаруашылығы субъектілері мен инвесторлар күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасып, өңірдегі балық шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.М. Мырзағалиев тұйықталған сумен қамтамасыз ету қондырғысын пайдаланатын, “Kazakh osseter” ЖШС балық өсіру шаруашылығының жұмысымен, сондай-ақ бекіре және лосось балық түрлерін өсіру жобаларымен танысты. Атап айтқанда, 2030 жылға қарай өнімділігі жылына 30 мың тонна, шамамен 27 млрд.теңге инвестиция құйылатын “Інжу-Маржан шығанағында балықтың лосось түрлерін өсіру бойынша Шарбақты балық өсіру шаруашылығын құру” жобасымен танысты. Оның бастамашысы – “Технологиялық холдинг институты” ЖШС. Сондай-ақ, “Ақтау теңіз порты” арнайы экономикалық аймақ аумағында өнімділігі жылына 400 тонна тауарлы балық және 50 тонна уылдырық өндіретін бекіре тұқымдас балық түрлерін өсіру бойынша зауыт салу” жобасымен танысты. Бұл жобаның бастамашысы – “Beluga Queen” ЖШС.

Дереккөз – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

Вице-министр экологии посетил с рабочим визитом Жамбылскую область

Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов бірқатар аудандарды, су шаруашылығы нысандарын аралап, сала мамандарымен бірге атқарылған жұмыстарды пысықтап, алдағы мақсат-міндеттерді айқындады. Қордай, Меркі, Жуалы аудандарына барған Серік Қожаниязов су шаруашылығы нысандарын аралап, жай-күйімен танысты. Одан бөлек сала мамандарымен, диқандармен де арнайы кездесіп, толғандырған мәселелеріне құлақ қойып, ұсыныс-пікірлеріне назар аударды. Кездесуге келген диқандар аталған екі ауданда да биыл су тапшылығы орын алып жатқанын қынжылыспен жеткізді. Дегенмен диқандар ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің маңызды шешімдерінің арқасында өткен жылдарға қарағанда ахуал жақсара бастағанын тілге тиек етті. Мәселен су қоймаларына жаңғырту жұмыстары, каналдарға механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп, бетонмен қапталған. Су тапшылығы туындап тұрған дәл қазіргі қиын шақта шаруашылықтарға суды кезекпен берудің кестесі жасалған. Кесте арқылы су беру қазіргі таңда көп қиындықтан құтқаруда. Ал Серік Қожаниязов  бүгінгі күннің ең өзекті мәселесін шешу мақсатында министрлік тарапынан істеліп жатқан жұмыстар жоспар бойынша кезең-кезеңімен қарқын ала беретінін баяндады. Сондай-ақ ол су тапшылығына қарамастан бірлескен жұмыстар арқасында вегетация кезеңі қалыпты жағдайда өтіп жатқанын, алдағы уақытта да солай жалғаса беруі керектігін айтты. Аудандарға сапары барысында экология министрінің орынбасары  «Әулие Ата» қант қызылшашылар ассоциациясының мүшелерімен, фермерлермен де кездесіп, су шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерді бірге сарапқа салды. Ассоциация мүшелері егіс алқабын ұлғайтып, мол өнім алуға ниетті екендерін, ал ол үшін қолдау қажеттігіне тоқталды. Ұтымды ұсыныстарды тыңдаған Серік Қожаниязов бірлескен істе береке болатынын, сондықтан тиісті мекемелер мен әкімдіктер қоян-қолтық жұмыс істеуі тиіс екенін баса айтты. Сондай-ақ вице-министр аудандарға сапары кезінде аудан басшыларына дәл қазіргі вегетация кезінде шаруалар судан қысылмау керектігін, барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып науқанды ойдағыдай аяқтау үшін күш біріктіріп жұмыла жұмыс жасауға шақырды. Вице-министрдің Жамбыл облысына жұмыс сапары кеше «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының облыстық филиалында жалғасты. Онда Серік Қожаниязов вегетация кезеңінің барысымен танысты. Аудандарды аралап, сала мамандарымен кездесті. Сондай-ақ министр орынбасары  кеше Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен кездесті. Басқосуда атқарылған жұмыстар сараланып, алдағы жоспарлар айқындалды. Бердібек Машбекұлы мемлекеттік қолдаудың арқасында тындырымды тірліктер жасалғанын, дегенмен әлі де атқарылатын жұмыстар аз емес екенін баяндады.

Дереккөз – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

Состоялась встреча Министра экологии, геологии и природных ресурсов РК Магзума Мирзагалиева с представителями гражданского сектора и НПО

Кездесу барысында су ресурстарын басқарудың өзекті мәселелері талқыланды. «Біздің алдымызда 2030 жылы қосымша жер үсті су ресурстарын ұлғайту, жаңа ирригациялық жүйелер салу, су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту, су саласын цифрландыру, суды үнемдеу және т.б. арқылы су теңгерімін 90-100 кмᶟ деңгейінде сақтау міндеті тұр. Бүгінде өзен бассейндерінің талдауы бойынша Қазақстан судың төменгі циклінде тұр», – деді министр. Мағзұм Мырзағалиев ирригациялық жүйені және суармалы жерлерді қалпына келтіру бойынша жұмыстардың барысы туралы айтты. «2019-2020 жылдары 1734 км канал жөнделді. 111,5 мың га суармалы жер айналымға енгізілді. Бұл қосымша 22,3 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Биыл 1050 км суару желісін қайта құру жоспарланған. 15 маусымдағы жағдай бойынша оның 540 км орындалды. Бұл көлемі 78 мың га га суармалы жерлерді айналымға енгізуге мүмкіндік береді». Министр вегетациялық кезеңнің өту мәселесіне де тоқталды. Мәселен, бүгінгі күні Қырғызстанмен Тоқтоғұл су қоймасынан Сырдария өзенінің арнасына маусым-тамыз айларында 330 млн.м3 су көлемінде қосымша су жіберу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Өзбекстан тарапымен осы су көлемінің олардың аумағы арқылы кедергісіз транзиті туралы келісімге келді. 2020 жылдың желтоқсан айына Экология министрлігі Қазақстанның су аз циклде екенін хабарлады. 2021 жылдың ақпан-наурызында фермерлерді су мәселесі жайында хабардар ету үшін өңірлерге барды. Суды көп қажет ететін дақылдарды азайту және төмен су жағдайында өсімдіктерге өсіру ұсынылды. Сондай-ақ, министр кадрлық қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударды. Су шаруашылығы саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру үшін биыл екі орталық ашылды. Біреуі СҚО – да, екіншісі Алматыда – ҚазҰАУ жанындағы “Water Hub” су проблемасы және мелиорация халықаралық орталығы. 2021 жылы барлығы 800 адамды оқыту жоспарланып отыр. 15 адамнан тұратын жастар кадрлық резерві құрылды. «Өкінішке орай, бұл саладағы көптеген мамандар кетіп қалды. Қазір саланы кадрлармен қамтамасыз ету үшін біздің бастамамыз бойынша 2020 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті жанынан су шаруашылығы институты ашылды”, – деді Мағзұм Мырзағалиев.

Дереккөз – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

В Иле-Балхашский резерват выпускают рекордное количество краснокнижных оленей

Іле-Балқаш резерватында бұқар бұғысының үшінші енгізуі жүзеге асырылады. Бұл енгізу жұмыстарының барлық уақыттағы саны бойынша ең көбі болып табылады. Естеріңізге сала кетейік, алғашқы енгізілім 2019 жылы, резерват аумағына алғашқы 5 Бұқар бұғысы қоныстанған кезде жүзеге асқан болатын. 2020 жылы оларға тағы 14 ересек бұғы мен 1 бұғының лағы қосылды. «Экология министрлігі жабайы табиғат қорымен (WWF) бірге 61 бұғы енгізуді жоспарлап отыр және бұл бір жылдағы рекордтық көрсеткіш. Шығару аймағында табиғатқа шыққан бұғыларды бақылау үшін фото тұзақтар қойылды. Бұғылардың популяциясын бақылауды күшейту үшін жалпы алғанда 9 спутниктік жағабау пайдаланылады», – деп хабарлады Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Леонид Сидоренко. Мамандардың айтуынша, бұл технологиялар бүкіл әлемде қолданылады, олардың көмегімен бұғының қозғалысын бақылауға болады. Құрылғылар ауыртпалықсыз орнатылады және жануарларға ешқандай зиян келтірмейді. Бұқара бұғысы Алматы облысы Балқаш ауданының аумағында кең таралған. Алайда, өткен ғасырдың басында бұл түр жоғала бастады. Бірнеше онжылдық өткен соң, ол Қазақстанның табиғатынан мүлдем жоғалып кеткен болатын. Бүгінгі таңда Бұхара бұғысы бүкіл әлемде 3500 дананы құрайды. «Іле-Балқаш резерватында бұхар бұғыларының популяциясын қалпына келтіру өте табысты өтуде. Біз бұғылардың бейімделгенін және бұғылардың сәтті төлдеуін көріп ортырмыз. Алдын – ала бағалау бойынша, қазіргі шығарылым мен туылған бұғыларды ескере отырып, табиғатта 100-ге жуық бұғы бар”, – деді өз сөзінде WWF Орталық Азия бағдарламасының директоры Григорий Мазманянц. Тоғай немесе Бұқар бұғысы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және Бұқар бұғыларын сақтау және қалпына келтіру мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандуммен халықаралық деңгейде қорғалады. Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының арқасында бұғы 100 жыл ішінде алғаш рет Оңтүстік Балқаш аймағында пайда болды. Бұқар бұғыларының Балқаш ауданының жабайы табиғатына оралуы жолбарыс реинтродукциясы бағдарламасының маңызды кезеңі болып табылады, оны Ресейдің WWFжәне ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бірлесіп жүзеге асырып келеді. Іле-Балқаш резерватының аумағында жолбарыстың мекендейтін жеріне жарамды экожүйені қалпына келтіру жоспарланып отырғаны белгілі. Реинтродукциялау бағдарламасына сақталып қалған жабайы табиғатты қорғау және жолақты жыртқыш, сондай-ақ құлан, ақбөкен және қарақұйрық рационының негізі болып табылатын тұяқты жануарлар (тоғай бұғысы, елік, жабайы қабан) популяциясын қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар жоспарланған. 91

Дереккөз – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

В Казахстане к 2030 году ожидается довести объем выращивания рыбы до 270 тысяч тонн в год

Қазақстанда балық шаруашылығының мол қоры бар. Ғалымдар мен сала мамандарының айтуынша, балық шаруашылығының әлеуеті жылына 600 мың тонна тауарлық балыққа бағаланады. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің балық саласын дамытуға ерекше назар аудару қажеттігі атап өтілді. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 208 қаулысымен балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы бекітілді. Бағдарламада қолда бар әлеуетті ескере отырып, 2030 жылға қарай өсірілетін балық көлемін жылына 270 мың тоннаға дейін арттыру міндеті қойылған. Өсіру көлемін ұлғайту балық өсіру үшін ықтимал қолайлы су айдындарын пайдалану, сондай-ақ өнеркәсіптік балық өсіру шаруашылықтарын іске асыру және бұрыннан жұмыс істеп тұрған балық өсіру шаруашылықтарын жобалық қуатына жеткізу арқылы жоспарланған. 2030 жылға дейін 1283 жаңа балық өсіру шаруашылығы құрылып, бүгінгі күні жұмыс істеп тұрған 288 балық өсіру шаруашылықтарының өсіру көлемі ұлғайтылады. 2021 жылы жұмыс істеп тұрған 288 балық өсіру шаруашылығы есебінен 12,8 мың тонна балық өсіріледі деп күтілуде (КТБШ-204, КТБШ-8, ПРХ-60, УЗВ-16). Анықтама: жедел мәліметтер бойынша, 2021 жылдың өткен кезеңінде өсірілген тауарлық балықтың көлемі 7,6 мың тоннаны құрайды. Сонымен қатар, 2021 жылдың соңына дейін балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламаларында көзделген 600-ге жуық жобаны іске асыру жоспарланған. Оның ішінде экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі сүйемелдейтін 131,5 млрд.теңге жеке инвестицияларды тарта отырып және өсіру көлемі 2021-2025 жылдардан бастап 12,9 мың тонна тауарлық балықты өсіру бойынша 11 жоба бар. Атап айтқанда, Маңғыстау облысында «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймақ аумағында өнімділігі жылына 400 тонна тауарлы балық және 50 тонна уылдырық өндіретін бекіре тұқымдас балық түрлерін өсіру зауытын салу жобасы жобалау сатысында тұр, оған шамамен 20 млрд.теңге инвестиция салынды. Жобаның бастамашысы «Beluga Queen» ЖШС болып табылады. 2021 жылғы 11 ақпанда «Аквакультура» «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймақ қызметінің басым түрлерінің тізбесіне енгізілді. «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймақ аумағында зауыт салу үшін 60 гектар жер учаскесі резервке қойылған. Жергілікті атқарушы орган зауыт құрылысы орнына қажетті инфрақұрылымды жеткізу үшін жобалық сметалық құжат әзірлеуде. Жобаны іске асыру мерзімі – 2021-2023 жылдар. Ақмола облысында Қоянды кентінде (Қоянды көлінен 150 метр қашықтықта) 4,3 млрд.теңге сомасына жылына 5 тонна бекіре уылдырығын және 250 тонна тауарлы балық өндіруге бағдарланған сумен қамтамасыз етудің тұйық цикл технологиясын пайдалана отырып, бекіре тұқымдас балық түрлерін өсіру бойынша балық фермасын құру жоспарлануда. Жобаның бастамашысы «Аква Фактория» ЖШС болып табылады. Жобаны іске асыруға шамамен 150 млн теңге инвестицияланды. Бүгінгі күні 5 гектар жер телімі сатып алынып, келесі жұмыстар атқарылды: 1) артезиан ұңғымасын бұрғылауды, суды талдауды, топотүсіруді және геологияны қоса алғанда, инженерлік-геологиялық іздестірулер жүргізілді; 2) технологиялық жоба, жалпы құрылыстық жұмыс жобасы, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жоба (ҚОӘБ)әзірленеді; 3) жобалау-сметалық құжаттама бойынша есеп жасалды; 4) құрылысты және жобалау-іздестіру жұмыстарын (ЖІЖ) ұйымдастыру жобасы дайындалды. Бүгінгі күні жоба «Мемсараптама» РМК-да ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өту кезеңінде. Сонымен қатар, Ақмола облысының Қорғалжын ауданында «ТАГА Групп» ЖШС жылына 500 тонна өсіру көлемімен форель өсіру бойынша сумен қамтамасыз етудің тұйық циклімен балық өсіру шаруашылығын құру бойынша жоба іске асырылуда. Инвестициялардың жалпы сомасы-шамамен 3,5 млрд. теңге. Бұл жобаға көлемі 28 га жер телімі бөлінді, электрмен жабдықтау желісіне қосу бойынша техникалық шарттар алынды. Ұңғымадан сумен жабдықтау қарастырылған. Бүгінде зауыт құрылысы бойынша жұмыстар басталды. Алматы облысында балық өсіру бойынша 5 жобаны жүзеге асыру басталды. Бірінші. Қапшағай қаласында «Жылына 10 мың тонна өсіру көлемімен «Barrablue» австралиялық компаниясының озық технологиясы бойынша Қазақстанда инновациялық балық өнеркәсібі кешенін құру» жобасы. Олар баррамунди балықтарын өсіруді жоспарлап отыр. Ауданы 35 гектар жер учаскесі алынды. Инвестиция көлемі 45 млрд. теңгені құрайды. Бүгінгі күні учаскені балық өсіру кешенінің құрылысына дайындау бойынша жер жұмыстары жүргізілуде. Құрылыстың басталуы биылғы жылғы тамыз айына жоспарланған. Аталған жобаны іске асыру мерзімі 2021-2022 жылдар. Екінші. «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы аумағында «Russian friends Capital» ресейлік компаниясының қатысуымен қуаты 2500 тонна атлантикалық ақсерке өсіретін зауыт салу жобасы. Жобаны іске асыру мерзімі: 2021-2022 жж.15,7 млрд. теңге жеке инвестицияларды тарту жоспарлануда. «Тулома Салмон Қазақстан» ЖШС мен «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы Басқарушы компаниясы арасында жобаны іске асыру ниеті туралы Меморандумға қол қойылды. Зауыт құрылысы үшін ауданы 10 гектар жер учаскесі анықталды. Осы жобаны «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы аумағында іске асыру үшін көрсетілген арнайы экономикалық аймақ қызметінің басым түрлерінің тізбесіне өзгерістер енгізу қажет. Қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдар «Теңіз балық шаруашылығын» және «Тұщы су балық шаруашылығын» қосу бөлігінде «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы қызмет түрлерін кеңейтуді қолдап отыр. Осы мәселе республикалық бюджет комиссиясында мақұлданғаннан кейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы қызметінің басым түрлерінің тізбесін кеңейту бөлігінде тиісті бұйрыққа өзгеріс енгізетін болады. Осы мәселе республикалық бюджет комиссиясында мақұлданғаннан кейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы қызметінің басым түрлерінің тізбесін кеңейту бөлігінде тиісті бұйрыққа өзгеріс енгізетін болады. Үшінші. «Өнімділігі жылына 1600 тонна тұйық сумен қамтамасыз ету қондырғыларында кларий сом мен баррамунди өсіру бойынша балық өсіру шаруашылығын құру» жобасы. Жобаны іске асыру орны – Талғар ауданы, Алматы қаласынан 25 км жерде. Жобаның бастамашысы «Zor Fish» ЖШС ауданы 10 гектар зауыт салу үшін жер учаскесін сатып алды. Жобаны Еуропалық компания жасады және Қазақстан Республикасының ҚНжЕ және ГОСТ-қа бейімделді. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Төртінші. «Бартоғай су қоймасында жылына 300 тонна форель өсіретін торлы балық өсіру шаруашылығын құру» жобасы. Аталған жобаны іске асыру мерзімі 2021-2022 жылдар. 700 млн. теңгеге жуық жеке инвестиция тарту көзделуде. Бұл жобаны іске асыру үшін Бартоғай су қоймасының резервтік учаскесін конкурстық негізде бекіту қажет. Әлеуетті инвестор су айдындарын бекітіп беру жөніндегі конкурс қорытындылары бойынша анықталатын болады. Бесінші. «Қызылағаш су қоймасында жылына 300 тонна форель өсіретін торлы балық өсіру шаруашылығын құру» жобасы. Бұл жобаны іске асыру мерзімі 2021-2022 жылдар. 700 млн. теңгеге жуық жеке инвестиция тарту көзделуде. Бұл жобаны іске асыру үшін конкурстық негізде Қызылағаш су қоймасының резервтік учаскесін бекіту қажет. Әлеуетті инвестор су қоймасының учаскесін бекіту жөніндегі конкурс қорытындысы бойынша анықталатын болады. ЭГТРМ-нің 2021 жылғы 15 маусымдағы бұйрығымен су қоймаларын бекіту бойынша конкурс өткізу қағидаларына өзгерістер енгізілгенін атап өткен жөн, олар биылғы жылғы 17 тамызда күшіне енеді. Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасы учаскесінде «Жылына 3000 тонна торлы балық өсіру шаруашылығын құру» жобасын іске асыру жоспарлануда. Аталған жобаны іске асыру мерзімі 2021-2022 жылдар. 3 млрд. теңгеге жуық жеке инвестицияларды тарту көзделуде. Бұл жоба Бұқтырма су қоймасының резервтік учаскесін бекіту бойынша конкурстан кейін іске асырылатын болады. Қарағанды облысында «Қуаттылығы күніне 1000 тонна болатын балық және ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жем өндіретін құрама жем зауытын салу» жобасын іске асыру жоспарлануда. Бұл жобаны «Сарыарқа арнайы экономикалық аймағы аумағында іске асыру жоспарланып отыр. Жоба түйіршікті байытылған балық жемін өндіру үшін жаңа қарқын береді. Осы жобаны «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы аумағында іске асыру үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы қызметінің басым түрлерінің тізбесіне «Жемшөп өндірісі» қызметінің жаңа түрі толықтырылды. Қазіргі уақытта тиісті бұйрық қабылданып, Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуде. Балық шаруашылығын (акваөсіру) дамыту үшін жағдай жасау мақсатында ЭГТРМ балық шаруашылығы комитеті мынадай жұмыстар жүргізді. Бірінші…. Балық шаруашылығы су айдындарын кәсіпшілік балық аулауды жүргізу үшін бекітілген су айдындарынан тауарлық балық өсіруді жүргізу үшін су айдындарына ауыстыру қағидалары бекітілді. Екінші. Заңнамалық деңгейде пайдаланушының тор шаруашылығын жүргізу үшін кәсіпшілік балық шаруашылығы учаскесін пайдалану құқығы көзделген. Үшінші. Балық шаруашылығын жүргізуге арналған үлгі шарт бекітілді және осы шартты жасасудың нақты мерзімі – 49 жыл болып белгіленді. Бұрын келісімшарт жасасу мерзімі 5 жылдан 49 жылға дейін болатын. Төртінші. Балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспары шеңберінде балық өсірушілерге қойылатын артық талаптар алынып тасталды. Бесінші. Балық өсіру шаруашылықтарын су қорғау белдеуіне орналастыру бойынша шектеулер алынып тасталды. Балық өсіру тоғандары мен бассейндерін салу кезінде жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алу жөніндегі талаптар алып тасталды. Алтыншы. Бизнес ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерде балық өсіру шаруашылықтарын салу кезіндегі шығындарды өтеуден босатылды. Сонымен қатар, биылғы жылы мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары кеңейтілді. Бұл субсидиялау құнының 50% дейін: – балық өсіру-биологиялық негіздемелер; – балық өсіру материалын сатып алу; – дәрілік препараттар; -бағалы балық түрлерінің аналық-жөндеу табындарын сатып алуға және күтіп-ұстауға арналған шығындар. Мемлекеттік қолдау шараларының тағы бір бағыты – инвестициялық субсидиялау: – торлы балық өсіру шаруашылығын құруға және кеңейтуге арналған шығындардың бір бөлігін өтеу; – сумен қамтамасыз етудің тұйықталған циклі бар балық өсіру шаруашылығы; – тоған шаруашылықтары; – құрама жем зауыттары; – балық шикізатын қайта өңдеу бойынша технологиялық кешендер. Мемлекет қабылдап отырған шаралар экономиканың осы секторында жұмыс істейтін орта және шағын бизнестің дамуына оң ықпал ететіні сөзсіз. Бұл негізінен ауылдық жерлерде қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді және тұтастай алғанда, өңірлік сипаттағы бірқатар проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін мультипликативтік әсер жасайды.

Дереккөз – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика