Жаңалықтар | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Табиғатты қорғау қызметінің жоспарлары және кәсіпорындардағы экологиялық саясаты туралы» тақырыбындағы пресс-конференцияның ПРЕСС-РЕЛИЗ

Дереккөз: www.energo.gov.kz

Павлодар облысы бойынша Аймақтық коммуникациялар қызметі негізінде ағымдағы жылдың 5 сәуірінде «Екібастұз Станциясы ГРЭС-2» АҚ-да «Табиғатты қорғау қызметінің жоспарында және кәсіпорынның экологиялық саясаты туралы» тақырыбында  «Станция  ЭГРЭС-2» АҚ басқарма төрағасы  Николай Леонидович Тушинского,   «Павлодар облысының  жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстарының басқармасы» ММ басшысының орынбасары  Айгерим Жанбиртаевна Кабылтаеваның, экологиялық реттеу және бақылау бөлімінің бас маманы Гульнар Сеильбековна Сагитованың сондай-ақ,  бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен пресс-конференциясы өтті.

 «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ – қуаттылығы 1000 МВт болатын, екі 500 МВт қуатты қондырғылардан тұратын, жылу электр станциясы. Бірінші энергоблок 1990 жылы желтоқсанда, ал екінші энергоблок – 1993 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілді

          2017 жылға шараларды орындау сомасы 292 098 000  теңгеге жоспарланды, 2017 жылдың нәтижесі бойынша сомасы  341 984 000 теңгеге қаражат игерілді.

          2017 жыл бойынша ауа бассейнді қорғауға 88 124 000 теңге шығынды құрады.

          Кәсіпорындардың санитарлық қорғаныш аймақтарын көгалдандыруы.  2017 жылға 2 000 шақты жасыл екпелер отырғызылды. Бұл шараны орындауда  9 036 000 теңге шығындарды құрды. Кәсіпорынның санитарлық-қорғау аймақтар аймағында  барлығы 17 000   көшеттер отырғызылды.

          Су ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғауға 76 310  000 теңге жұмсалды.

          Жер ресурстарын қорғауға жұмсалған шығындылар соммасы  161 838 000 теңгені құрады.

          2017 жылы қалдықтар айналысына қатысты жалпы шығындылар соммасы 1 947 000 теңгені құрды.

          Сондай-ақ, «Станция Экибастузская ГРЭС-2» АҚ-на электрофильтрлардың құрғақ күлді іріктеу жүйесі енгізілді. Күл жинау қондырғыларын қайта құру барысында, өткізгіш газдардан күлдерді тұту дәрежесі айтарлықтай көтерілді, сонымен қатар күл шығындарын 3 – 4 есеге дейін төмендетілді. Электрофильтрлерді орнатқанға дейін, тозаңдану – 2274 мг/нм3 құраса, қазіргі уақытта бұл көрсеткіш – 393 мг/нм3 көрсеткішке дейін төмендеген. Тиісінше, жылына, атмосфералық ауағы көмір күлінің шығындары 8 тоннаға дейін төмендеген (өткен жылы бұл көрсеткіш 28 тоннаны көрсеткен.

          Өндірістік экологиялық бақылау. Кәсіпорындарда ИСО 14001:2015  халықаралық стандартқа сәйкес сертификатталған экологиялық менеджмент жүйесі жұмыс істейді.

          Сондай-ақ, 2009 жылдан бастап қоршаған ортаны қорғау бөлімінің зертханасы аккредиттелді,  ол беткі, жер асты және ағынды сулардың, газ шығаратын автокөлік құралдардың, энергетикалық қазандықтардың түтінді газдардың өндірістік мониторингын жүргізуді қамтамасыз етеді.Топырақ және атмосфера ауаныңөндірістік мониторингы бөгде аккредиттелген  зертхананы шақырту арқылы жүргізіледі.

          Қалдықтарды орналастыру көлемі – 1 440 457 тоннаны, лимит кезінде – 2 023 188 тоннаны құрды.

          Пайдаланылған су ресуртардың көлемі – 2 773 377 м3, бекіліген лимит кезінде – 5 591 483 м3 құрды.

          2018 жылға шаралар соммасы 154,6 млн. теңгеге жоспарланды.

          Нәтижелерді қорытындылай келе, станция басшысы қоршаған ортаға теріс әсерді барынша азайту үшін айтарлықтай күш-жігер жұмсағанын, жоспарда көзделген барлық табиғатты қорғау шараларының орындалуын және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын сақтап отырғандығын атап өтті.

Экологиялық заңнаманы реформалау

Дереккөз: www.energo.gov.kz

2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші Индустриялық революция жағдайында жаңа даму мүмкіндіктері» атты тапсырмасы бойынша, ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту мемлекеттің дамуының басым бағыттарының бірі болып табылады. Осылайша, әрі қарай даму «баламалы», «таза» энергетика, «жасыл» технологияларға инвестиция салу, сондай-ақ шағын және орта бизнесті кеңінен тарту арқылы қатты қалдықтарды қайта өңдеу және қайта өңдеу салаларында прогреске қол жеткізуге бағытталған.

Бұл шаралар заңнаманы, оның ішінде Экологиялық кодексті жаңартуды талап етеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын іске асыру мақсатында оның негізгі бағыттарын іске асырудың Ұлттық жоспары әзірленді. Негізгі ережелерінің бірі 2019 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне жаңа Экологиялық кодексті енгізу болып табылады.

Экологиялық заңнаманы жетілдірудің негізгі бағыттары қоршаған ортаға әсерді бағалаудың ағымдағы жүйесін қайта қарау, стратегиялық экологиялық бағалау сияқты прогрессивті механизмдерді енгізу болып табылады, бұл халық денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғауға ықпал ететін экономикалық даму нұсқаларын таңдауға мүмкіндік береді, сондай-ақ «ластаушы төлейді» принципін ескере отырып, қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу шығындары үшін қоршаған ортаны ластағыштар зардап шеккенін және табиғат пайдаланушыны ластау көздерін жаңғырту мен жөндеуге жұмсалған шығындардың салдарын жоюға, сондай-ақ шығарындылар стандарттарын белгілеуге және оны бақылауға арналған тәсілдерді қайта қарауға міндеттейтінің айтады, шығарындыларды азайту үшін табиғат пайдаланушыны ынталандыру.

Бұл бағытта алғашқы қадам 2025 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының даму Стратегиялық жоспарын қабылдау болып табылады, ол қоршаған ортаны ластауды ең жақсы қолжетімді технологияларды қолдану негізінде ластаушы төлейтін қағидатты енгізу негізінде кешенді экологиялық рұқсаттарды беру арқылы алдын алуды көздейді.

Қоршаған ортаны бұзушылар үшін қоршаған ортаны бұзу және шығарындылар бойынша төлемдер үшін айыппұлдарды өндіріп алудың қазіргі жүйесі ерекше мақсатқа ие емес және экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған емес. Табиғат пайдаланушысына қоршаған ортаға инвестиция салу, ластауыш заттардың шығарындыларын азайту, экологиялық шараларды инвестициялау үшін экономикалық жағынан тиімді болатын осындай шарттардағы заңнамалық деңгейде жазалау мен айыппұлдардан арылуға және төтенше жағдайларда мемлекеттік мәжбүрлеу механизмін пайдалануға мүмкіндік береді.

Осыған орай, ұлттық экологиялық заңнаманы халықаралық экологиялық келісімдерге сәйкес үйлестіру Қазақстанның ұлттық экологиялық заңнаманы ЭЫДҰ талаптарына сәйкес келтіру және әлемнің 30 дамыған елдеріне қосылу туралы міндеттемесін растайды.

2017 жылы Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» жаңа кодексі, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, ҚР Кәсіпкерлік кодексі, бұл үшін Экологиялық кодексті түбегейлі қайта қарау қажет.

Осы жұмысты жүзеге асыру үшін ЭЫДҰ өкілдері, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қауымдастықтары және табиғат пайдаланушылар кіретін экологиялық заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылды.

Экологиялық заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының жұмыс жоспары және жаңа Экологиялық кодекс жобасын әзірлеу үшін жол картасы бекітілді.

2018 жылғы 15 наурызында Энергетика министрі Қ.А. Бозымбаевтың төрағалығымен жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.

Қазіргі уақытта заң жобасының тұжырымдамасы әзірленуде.

Елімізде егіс жұмыстарына 60 млрд теңге бөлінді

Дереккөз: www.24.kz

fcca3de32cb53d1b6931d3b67768ead6_l

Еліміздегі көктемгі егіс пен күзгі жиын-терім үшін республикалық бюджеттен 60 млрд теңге бөлінді.

Қаржыны бөлу кезінде аймақтың ерекшеліктері де есепке алынды. Мәселен, егін шаруашылығымен айналысатын Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарына қаражаттың 60 пайызы берілді. Қалған 40 пайызы басқа аймақтарға үлестірілді. Бұл жөнінде 2018 жылғы көктемгі-егіс жұмыстарын қаржыландыруға байланысты Оңтүстік Қазақстан облысында өткен Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі отырысында айтылды. Баспасөз жиынында Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «ҚазАгро» Холдингі өкілдері қаражаттың бөліну тәртібі мен ережелері туралы диқандарға егжей-тегжейлі түсіндірді. Биыл қаржыландыру қаңтар айында, яғни өткен жылмен салыстырғанда бір айға ерте басталды. Нәтижесінде шаруалар тұқым, гербицид, қосалқы бөлшектерді тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ 21,8 млн гектар алқапқа дән сіңіріледі. Ал 14,7 млн гектар жерге дәнді дақылдар егіледі. Оның ішінде 11,4 млн гектарға бидай себіледі. Қазіргі уақытта оңтүстік аймақ көктемгі далалық жұмыстарын бастады.

Акпар Тазалиұлы Мəуленов, ҚР АШМ егіншілік департаменті директорының орынбасары:

– Биылдан бастап майлы дақылдар, жем-шөпті жəне жабық топырақта өндірілетін көкөністі субцидиялау алынып тасталды. Бұл жерде қант қызылшасы, күріш, мақта қалады. Мұның өзінде субсидия гектарға берілмейді. Қайта өңдеу кəсіпорнына берілген тоннаға беріледі.

Ауыл тұрғындарына берілетін шағын несие көлемі артты

Дереккөз: www.24.kz

bddf628a8ff5762039dd22a81c193354_l

Биыл «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» шағын несиеге шамамен 27 млрд теңге бөледі.

Былтыр қор бұл мақсатқа 19 млрд теңгеден астам қаражат жұмсаған болатын. Енді Елбасының шағын несиені арттыруға бағытталған бастамасынан кейін бөлінетін қаржының көлемі ұлғайды. Жылдық үстемақысы 6 пайыз болатын жеңілдетілген несие өз ісін енді бастаймын деп отырған кәсіпкерлерге де беріледі. Несиенің шекті мөлшері биыл 19 млн теңгеден асады. Осындай қолдаудың арқасында былтыр 2 мың 300-ден астам жаңа жұмыс орны құрылған болатын.

Жандар Омаров, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасы:

– Жеңілдетілген несиелер 5 жылға дейінгі мерзімге, мал шаруашылығы саласында 7 жылға дейін. Жылдық пайызы 6 пайызбен берілетін болады. Несенің мөлшері 8 мың айлық есептік көрсеткішке дейін.

«Таза болса табиғат – адам болар адамзат» тақырыбы бойынша өтетін балалар суреттерінің конкурсының марапаттау көрмесі

Дереккөз: www.energo.gov.kz

2018 жылдың 16 наурызында Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған және Алматы қаласының жас тұрғындарының қоршаған ортаны сақтау, қорғау мәселелеріне көңілін бөлу, балалардың экологиялық мәдениетін арттыру, әлеуметтік және экологиялық жауапты азаматтарды тәрбиелеу мақсатында өткізілетін конкурстың көрмесі өтті.

Конкурс балалар үйлері мен арнайы мектеп-интернаттары тәрбиеленушілерінің 1-4 сынып оқушылары арасында жүргізілді.

Конкурстық көрмені Алматы қаласы бойынша Экология депаратментінің басшысының орынбасары Құрманбеков Данияр Карбозұлы қатысушылар мен келген қонақтарға алғыс сөзін айтуымен ашты.

Комиссия мүшесі Мамандандырылған «Жанұя» кешені КММ тәрбиелеу жұмысы бойынша орынбасары Шапиева Жазира Шакеновна алғыс сөзін айтып, қатысушыларға ілтипатын білдірді. Қоршаған ортаны сақтау, қорғау мәселелеріне көңілін бөлу жайлы айтып өтті.

Конкурстық комиссияның қорытындысы бойынша әр жас аралығында жеңімпаздарды марапаттау (I, II, III орындар) жүргізілді. Конкурстық орындардан бөлек оқушылар «Менің өлкем» және «Табиғатты аялайық» номинациялары бойынша марапатталады. ГРАН ПРИ орын иегері болып Мамандандырылған «Жанұя» кешені КММ тәрбиеленушісі Нұрғожаева Дильназ марапатталды.

ГРАН ПРИ иегерінің жұмысы 16 аймақ бойынша Астана қаласында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінде өтетін конкурсқа қатысуға жіберіледі.

%d1%84%d0%be%d1%82%d0%be7 %d1%84%d0%be%d1%82%d0%be6 %d1%84%d0%be%d1%82%d0%be5 %d1%84%d0%be%d1%82%d0%be4 %d1%84%d0%be%d1%82%d0%be3 %d1%84%d0%be%d1%82%d0%be2

Отын-энергетикалық кешені және экологиялық мәселелер бойынша Қоғамдық кеңестің Мұнай және газ жөніндегі комиссия отырысына Баспасөз релизі

Дереккөз: www.energo.gov.kz

Ағымдағы жылдың 28 наурызда Энергетика министрлігінде Отын-энергетикалық кешені және экологиялық мәселелер бойынша Қоғамдық кеңестің Мұнай және газ жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізілді.

Мұнай және газ жөніндегі комиссияның отырысында келесі мәселелер қарастырылды:

1. Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарымен отандық нарықта ЖЖМ үздіксіз және сапалы қамтамасыз ету бойынша жұмысты пысықтау;

2. Газ және газбен жабдықтау саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша шаралар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан тыс ұлттық оператордан сатып алынатын тауарлық газды сату үшін құқық қолдану практикасында анықталған құқықтық кемшіліктерді жою туралы есепті тыңдау;

3. Қарағанды бассейнінен көмір қабаттарынан метанды өндіруді дамыту;

4. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» жаңа кодекске сәйкес жаңа механизмдер және ережелер туралы.

Отырысқа Қоғамдық кеңестің мүшелері, Министрліктің, «ҚазТрансГаз» АҚ және Қазақстанның Мұнай сервистік компаниялар одағының өкілдері қатысты.

Бірінші мәселе бойынша Комиссия жетекшісі Б.Ауетаевпен ішкі нарықтың қажеттіліктерін мұнай өнімдерімен толық көлемде қамтамасыз ететін нақты уақыт туралы мәселені көтерді, сондай-ақ ресурстарды ұстаушылардан мұнай өнімдерін сататын көптеген делдалдық құрылымдарды жою жөнінде тиісті шаралар қабылдау ұсынылды.

Екінші мәселе бойынша Комиссия мүшесі В.М. Борисовпен газ және газбен жабдықтау саласында заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша Министрліктің «ҚазТраснГаз» АҚ тығыз өзара байланыс механизмін пысықтау мәселесі көтерілді.

Үшінші мәселе бойынша «ҚазТраснГаз» АҚ өкілдерімен көмір қабаттарынан метан өндіру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының барысы егжей-тегжейлі баяндалды және осы жобаны одан әрі зерттеу үшін қаржыландыру жолдарын іздеу мәселесін көтерілді.

Осы мәселелерді талқылау нәтижелері бойынша Министрліктің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне ұсыныстар берілді.

2018 жылғы наурыздың 28-нен 30-на дейінгі «Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау» тақырыбына оқыту семинар туралы хабарлама

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы наурыздың 28-нен 30-на дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.

Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Горводоканал» ӨБ» МБК,

«ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС, «Қызылту Су Арнасы» ЖШС, «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Костанай облысы бойынша экология департаменті», «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ, «Экосфера» ҮЕҰ мекемесі,  «АБК-Автодор НС» ЖШС Зырян филиалы, ҚПО Б.В..

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

  • Әкімшілік іс жүргізу және қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау;
  • Мемлекеттік бақылау жүргізу саласындағы реформалар (алдын ала бақылауға өту);
  • Қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнама;
  • Автоматтандырылған мониторинг жүйесі;
  • Табиғат пайдаланушыға қойылатын негізгі экологиялық талаптар және т.б.

Дәріс оқығандар:

Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті директорының м.а.;

Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Абдрахманова Жанара Беркутовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Турысбекова Эльмира Жумахановна – ҚР ЭМ бас сарапшысы;

Балабаева Алтын Ибрагимовна –  ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚ департаменті директоры;

Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті директоры;

Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;

Букенова Саида Бекбулатовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің Қалдықтар кадастры басқармасының басшысы.

Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.

event8 event7-big event6 event5

Атырау облысындағы арнайы құрылған мұнай-химия аймағында полимерлер өндіру бойынша ірі жобалар іске асырылуда

Дереккөз: www.energo.gov.kz

Өндірілетін көмірсутек шикізатын терең қайта өңдеу, яғни қосылған құны жоғары мұнай-газ-химия өнімін өндіру Қазақстанның мұнай-газ саласын одан әрі дамыту бағыттарының бірі болып табылады.

Халықаралық талдамалы компаниялардың деректері бойынша (McKinsey, IHS) әлемдегі халық санының өсуі және жан басына шаққандағы табыстың артуы 2030 жылға қарай мұнай-газ-химия өнімін тұтынудың (қазіргі 1 трлн. АҚШ долларынан) 1,8 трлн. АҚШ долларына дейін 2 есеге өсуіне әкеп соғады.

Бұл ретте полипропилен және полиэтилен сияқты ең қажетті полимерлерді әлемдік өндіру (барлық полимерлерді жалпы тұтынудың 60%-ы) 2030 жылға дейінгі барлық анонсталған жобаларды іске асырған жағдайда да сұраныстан төмен болады.

Осылайша Platts және IHS халықаралық маркетингтік компаниялардың деректері бойынша 2030 жылға қарай полипропиленге деген ұсыныс 90 млн. тонна болған кезде сұраныс 98 млн. тоннадан асады. Сондай-ақ полиэтиленге деген ұсыныс шамамен 120 млн. тонна болған кезде сұраныс 160 млн. тоннаға дейін артады.

Қазақстандағы мұнай-химия өндірісін дамыту мүмкіндіктерінің оң бағасы көптеген зерттеулердің, соның ішінде Exxon Mobil, Shell сияқты халықаралық мұнай-газ өндіретін компаниялардың және Nexant консалтингтік компаниясының нәтижелерімен расталған.

Әлемдік үрдістерді, атап айтқанда көмірсутекке баламалы энергия көздерін белсенді іздеуді ескере отырып, перспективада мұнай-газ-химия өндірілетін мұнай және газды негізгі тұтынушы болатындығы болжануда.

Сондықтан барлық мұнай-газ саласының даму қарқынын сақтау үшін басқа да мұнай өндіретін елдер сияқты Қазақстанның Үкіметі де мұнай-газ-химияға ерекше назар аударуда.

Заманауи мұнай-газ-химия өндірістерін ұйымдастыру үшін мемлекеттік қолдаудың айтарлықтай шаралары қабылданды.

Атап айтқанда Атырау облысында арнайы мұнай-химия аймағы құрылды. Онда салық және кеден артықшылықтары қолданылады. Шетелдік жұмыс күшін тарту рәсімі жеңілдетілген. Жобалау және құрылыс кезінде халықаралық стандарттарды тікелей қолдану мәселесі шешілген. Бұл жобалардың құнын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

Жобаларды дайын инфрақұрылыммен қамтамасыз ету күрделі шығындарды 20% дейін және операциялық шығындарды 15% дейін қысқартуға мүмкіндік беретіндігін ескере отырып, мемлекет аталған АЭА инфрақұрылымын салуды қаржыландыруда.

Атырау облысындағы арнайы мұнай-химия аймағының аумағында полипропилен және полиэтилен өндіру бойынша жобалар іске асырылып жатқаны белгілі.

Ағымдағы жылдың 24 наурызында Қазақстан Республикасы (ҚР) Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) ресми сапары аясында жоғарыда көрсетілген жобаларды іске асырудағы ынтымақтастық бойынша екі маңызды құжатқа қол қойылды.

Атап айтқанда, ҚР Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ («Біріккен химия компаниясы» ЖШС), Borealis аустриялық компаниясы Атырау облысындағы полиэтилен өндіру жобасы бойынша ынтымақтастықтың негізгі талаптары туралы Келісімге (TermSheet) қол қойды.

Қол қойылған Келісім (TermSheet) мемлекеттік қолдаудың шаралар пакетін бекітіп, жобалау сатысына көшуді негіздейді (техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу).

ТЭН әзірлеуді аяқтаудың жоспарланған мерзімі – 2018 жыл.

Аталған жоба ҚР аумағында жылына 1250 мың тоннаға дейін полиэтилен өндірісін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бұл ішкі сұранысты толықтай жауып, тұрақты экспорттық түсімді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ жоба аясында құрылыс кезеңінде 4000-ға жуық жұмыс орнын, пайдалану кезеңінде 560 тұрақты жұмыс орнын және мультипликативтік әсер есебінен байланысты салалар үшін 3000-ға дейін жұмыс орнын құру жоспарлануда. Нәтижесінде ЖТС, әлеуметтік салық, әлеуметтік және зейнетақы аударымдары түрінде бюджетке жыл сайынғы аударымдар түседі. Жобаны іске асыру нәтижесінде озық шетелдік технологияларға трансферт жүргізіледі, ал өндірілетін өнім полимерлік өнімнің 50-ден астам түріне алдағы қайта өңдеуге (жергілікті полимерлік технологиялық өнімді дамытуға жәрдемдесу) шикізат ретінде болады. Қазақстан Республикасындағы жалпы ішкі өнімге үлесі – жылына орташа алғанда 1,2%.

Екінші құжат – Атырау облысындағы полипропилен өндіру жобасы бойынша ынтымақтастыққа қатысты Өзара түсіністік туралы меморандумға да ҚР Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ («Біріккен химия компаниясы» ЖШС) және Borealis компаниясы арасында қол қойылды.

Меморандумға сәйкес Borealis полипропилен жобасына техникалық-экономикалық талдау және заң сараптамасын жүргізеді.

Бұл жобаның құны 2,6 млрд. АҚШ долларын, зауыттың қуаты жылына 500 000 тонна полипропиленді құрайды.

Полипропилен өндіру бойынша жобаны қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ іске асыруда, атап айтқанда ЕРС мердігер анықталды, қарызды қаржыландыру тартылды, құрылыс жұмыстары басталды. Құрылыстың аяқталу мерзімі – 2021 жыл.

Анықтама үшін: Borealis әлемдегі Үздік-4 полиэтилен ірі өндіруші-компаниялардың құрамына кіреді. Ең жоғары технологиялы және жоғары маржиналдық компания болып табылады. Borealis компаниясының акционерлері: Mubadala (БАӘ) – 64% және OMV (Аустрия) – 36%.

Б.Сағынтаев ОҚО денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесті

Дереккөз: www.24.kz

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ОҚО-ға жұмыс сапары аясында Шымкенттегі облыстық клиникалық ауруханаға барды және адам капиталының сапасын жақсартуға бағытталған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының төртінші басымдығын іске асыру мәселелері бойынша облыстың денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында денсаулық сақтау жүйесін дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, ауруларды басқару бағдарламаларын цифрландыру және әзірлеу, ауруларды емдеуден уақытылы аурулардың алдын-алуға көшу, міндетті медициналық сақтандыруды енгізу, кадрларды даярлау, денсаулық сақтау нарығын ырықтандыру және жекеменшік ұйымдардың әкімшілік кедергілерін азайту, инвестициялар тарту, инфрақұрылымды жетілдіру және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет аталған мәселелердің барлығын ерекше бақылауда ұстап отырғанын атап өтті. 2017 жылы жеке секторға қойылатын шектеулер 1,7 есе жойылды. Бұл денсаулық сақтау саласына салынатын жеке инвестицияларды екі есеге — 44,2 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға жол ашады. МӘМС жүйесін енгізу бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда: заңнамалық база құрылды, өткен жылдан бастап қор жұмыс істей бастады, жұмыс берушілер ақша аударымдарын жүргізіп жатыр.

Бұдан өзге, Президенттің бес әлеуметтік бастамасы аясында беріліп жатқан мүмкіндіктер талқыланды. Бұл — тиімді шарттар бойынша тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік беретін «7–20–25» жаңа ипотекалық бағдарламасы, және халықтың жекелеген топтарына 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық жүктемесінің 10 есеге – 1%-ке дейін төмендеуі.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру саласында қабылданып жатқан шаралар туралы егжей-тегжейлі баяндап берді.

Сондай-ақ, талқылау барысында облыстың медицина қауымдастығының өкілдері: денсаулық сақтау басқармасының басшысы М. Егізбаев, №6 қалалық емхананың бас дәрігері Г. Көлбаева, жекеменшік емхана өкілі У. Орынбаева, тубдиспансердің бас дәрігері Б. Сағынбеков пікір білдірді.

Ақпарат көзі: primeminister.kz

Арал теңізі күні аталып өтті

Дереккөз: www.24.kz

Арал теңізінің шығыс жағалауы мен елді мекендер маңынан «жасыл белдеу» жасалып, жабайы жануарларды оңалту орталығы ашылады.

Сондай-ақ «Арал» ғылыми-туристік орталығы жұмысын бастап, табиғи ресурстарды бақылау күшейеді. Бұл жөнінде Халықаралық Аралды құтқару қорының 25 жылдығы және Арал теңізі күніне арналған шарада айтылды. Мерекелік жиында экологиялық апат пен теңіздің қайта оралуына арналған «Жоқтау… Жиырма жыл өткенде» деректі фильмі мен «Арал – ел тағдыры» атты фотокөрме ұсынылды. Теңіздің тірілуі аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізді. Мәселен, 15 жылда Арал ауданында балық аулау көлемі 83 есеге артып отыр. Бұрын теңізде тіршілік ететін балық түрі жетеу ғана болса, өткен жылы бұл көрсеткіш 22-ге дейін артты. Қазір облыс бойынша жылдық қуаттылығы 11 мың тоннадан асатын 8 кәсіпорын су маржанын өңдеумен айналысады.

Құдайберген Саржанов, бұрынғы ҚазКСР балықшаруашылығы министрі:

– 30 жылдан бері Арал балықшылары күні аталған жоқ, 30 жылдан бері. 2015 жылы облыстық дәрежеде Аралдың балықшылар күні аталды. 2016 жылы республикалық дәрежеде, 2017 жылы Арал балықшылар күні халықаралық болып есептелді. Соның барлығы қарлығаштың аузымен су тасығандай халықаралық халықтың назарын Аралға аудару деген сөз.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика