ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – «Майкубен Вест» ЖШС көмір өндіретін кәсіпорынына табиғатты қорғау заңын бұзғаны үшін 5,6 млн. теңге айыппұл салды, деп хабарлады Павлодар облыстық прокуратурасының баспасөз хатшысы Айымгүл Ермулатова.
Прокуратураның экологиялық заңды қолдануына жүргізген талдауда «Майкубен Вест» ЖШС 2015 жылғы ақпаннан бастап осы жылғы ақпанға дейін қоршаған ортаға шығарынды тастауға рұқсат беретін құжаттарсыз жұмыс істеп келген.
Прокуратура ұсынысымен Экология департаменті табиғат пайдаланушыны 5,6 млн. теңге айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартты. Кәсіпорынға сондай-ақ 15,7 млн теңге экономикалық шығын жазылды.
Уәкілетті орган ұсынған соманы кәсіпорын ерікті түрде төледі.
Дерек көзі: www.inform.kz
Жасыл технологияларды дамыту жөніндегі орталық ашылды. Қарағандылық шаруалар энергия үнемдеу тәсілін меңгереді. Қаладағы агротехникалық колледж базасында жасыл технологияларды тарату орталығы ашылды. Бұл әзірге еліміз бойынша құрылған бірден-бір орталық. Алдағы уақытта өзге қалаларда да пайда болмақ. Көп кешікпей өңір шаруалары өз кәсібінде энергия үнемдеуге мүмкіндік беретін технологияларды кеңінен қолданатын болады. Мамандар жаңа технологияның дамуына әр азамат үлес қосса, еліміздің экологиясы жақсарады деген сенімде. Осы мақсатта ашылған орталық заманауи технологияларды меңгеремін деушілерге дәріс бермек. Серік Нөгербеков,«G-Global» халықаралық хатшылығының басшысы: – Біз Қарағанды облысының азаматтарын жаңа технологияға, жасыл технологияға және инновациялық технологияларға оқытып, теория жағынан болсын, практика жағынан болсын, оқу қорытындысы бойынша сертификат береміз. Жасыл технологияларды тарату орталығының агротехникалық колледж базасында ашылуы да кездейсоқтық емес. Орталықта білім алатын азаматтарға колледж студенттері жасыл технологияны пайдалану жолдарын көрсетеді. Мұндағы зертханада күн батареялары, күн сәулесінен қуат алатын пеш, желдің күшімен электр энергиясын өндіретін жабдықтар бар. Бұлардың барлығы ауыл шаруашылығына қажетті құрылғылар,- дейді колледж мамандары. Сергей Жуков, техникалық шығармашылық зертханасының шебері: – Ғимараттың оңтүстік жағына мына терезені орнатамыз, бұл арқылы суды 70 градусқа дейін жылытуға болады, күніне 100 литр ыстық сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік бар. Колледж жақын орналасқан жылыжайды желқағар, су жылытқыш және күн батареясымен қамтамасыз етіп отыр. Бұл жасыл технологиялар аталмыш оқу орнының ұстаздары мен студенттерінің өнертабысы. Сондықтан мақсатымыз – орталыққа келген шаруалармен тәжірибе бөлісу,- дейді студенттер.
Дерек көзі: www.24.kz
Семинарда 9 маман оқытылды, соның ішінде:
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Асфальтбетон 1» ЖШС; «Шығыстүстімет» ЖШС; «Ecology Expert»; ЖШС; «ЭКОСЕРВИС-С» ЖШС; ҚР ҰЭМ ТҚҚК «М.Айқымбаев атындағы карантиндік және зоонозды жұқпалар Қазақ ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК, «Ақ-Көңіл фирмасы» ЖШС; «ҚР ЭМ МКЭРБ және МИК Алматы облысы бойынша экология департаменті» РМК.
Дәріс оқығандар:
Мирошниченко Александр Николаевич – табиғатты қорғау заңнамасы саласындағы тәуелсіз сарапшы;
Мажренова Найля Рахимбековна – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жылу физика және техникалық физика кафедрасының профессоры, Химия мамандығы бойынша профессор профессор;
Кайдакова Наталья Николаевна – РФ м.ғ.д., Ресей Жаратылыстану Академиясының академигі, «КАПЭ» ЖШС бөлім меңгерушісі
Булатова Зарина Исмагуловна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО «ШЖҚ РМК МЭАҚМД БАҚД басшысы.
Семинар аяқталарда білімді бағалауды өткізгеннен кейін ҚР Энергетика вице-министрі Ғ.Қ. Сәдібеков пен «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК бас директорының м.а. А.А. Алдабергенов қол қойған куәліктер табыс етілді.
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Экологиялық жоба – «Каспий табиғатын бірге сақтайық!» байқауының ұйымдастырушылары балаларға ерекше сый дайындады. Биылғы байқау жеңімпаздары «Қазақстандағы биоалуандықты сақтау қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігіне мүшелікке қабылданды.
Экологиялық суреттер және плакаттар байқауы халықаралық Каспий күніне орай ұйымдастырылды, байқау қорытындысы Ақтау қаласындағы «Школьник» орталығының залында жарияланды.
Байқау Қазақстанның теңіз астанасындағы мектеп оқушылары арасында өтті, оны «Қолдау-Экология» арнайы мамандандырылған орталығы, «Қазақстандағы биоалуандықты сақтау қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі, Ақтау қалалық Білім беру басқармасы және «Школьник» орталығы бірлесіп ұйымдастырды.
Дерек көзі: www.inform.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2025 жылға дейін Бурабай көлінің деңгейі көтеріледі. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігіне ҚР Энергетика министрлігі хабарлады.
Министрліктің атап өткеніндей, 2013-2014 жылдары «Щучье-Бурабай курорттық аймағындағы көлдер көлемін (деңгейін) және су сапасын арттыру мәселесін шешу үшін ғылыми зерттеулер өткізу» ғылыми-техникалық жұмыстар атқарылды.
Кейіннен ірі масштабты далалық зерттеулер өткізіліп, алғаш рет көлдердің гидрология және гидрохимия туралы деректер алынды. Орындалған жұмыстың негізінде Щучинск-Бурабай курорттық аймағы (ЩБКА) бойынша зерттелген көлдердің әрқайсысы үшін су баланстары есептелді. Барлық 10 көлдің гидрологиялық және гидрохимиялық деректер базасы жасалды, сонымен қатар аэроғарыштық және картографиялық көрсеткіштер негізінде геоақпараттық жүйелерді қолданудың арқасында Щучье-Бурабай су-экологиялық ахуалы электронды және биометрикалық карталары да қолданысқа енгізілді. Зерттеу барысында ЩБКА маңындағы климаттық жағдайлар, температураның ұзақ мерзімді динамикасы және өзгерісі, жауын-шашын мен басқа да метеорологиялық параметрлер талданды. Бурабай су деңгейінің (көлемі) метеорологиялық параметрлерге байланысты өзгеруін талдай отырып, оның 2030 жылға дейінгі ондағы өзгерістерге болжау жасалған. «2033 жылға дейін ауа райы температурасы мен жауын-шашынның ықпалын зерттеу барысында Бурабайдың жылдық балансы 2025 жылға дейін жоғарылайтыны анықталды, кейін оның деңгейі төмендейді», – делінген хабарламада.
Дерек көзі: www.inform.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Энергетика министрлігі Щучинск-Бурабай курорттық аумағын неміс теxнологиясы бойынша тазарту жобасын жүзеге асыруда. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігінің ресми сауалына берген жауабында ҚР ЭМ баспасөз қызметі xабарлады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда «Щучинск-Бурабай» курорттық аумағы су қоймаларын (Щучье, Бурабай, Қарасу) тазарту және оңалту» жобасы іске асырылуда. Жобаның басты мақсаты – «Бурабай» мемлекеттік табиғи паркіндегі Бурабай, Қарасу және Щучье көлдерінің ұзақ мерзімді пайдалануға мүмкіндік беру үшін су қоймаларын тазарту.
Аталған жобада меxаникалық, биологиялық тазарту және оңалту (оның алда ластануына жол бермеу) жұмыстарын атқару көзделген. Бұл шаралар көлдердің ластануынан қорғап, флора мен фаунаның сақталуына жағдай жасайды», – делінген xабарламада.
«Щучье мен Бурабай көлдерін неміс теxнологиясымен меxаникалық тазарту бойынша тәжірибелік-экспериментальді жұмыстар атқарылды. Қарасу көлінде биыл мамыр айында тазарту және оны батпақтан арылту жұмыстары жалғасын тапты», деп жазады министрлік.
Айта кетейік, ҚР Президенті биыл шілде айында БАҚ өкілдеріне берген сұxбатында Бурабай демалыс орнында табиғаттың тазалығына үлкен мән берілетіндігін атап өткен болатын.
Дерек көзі: www.inform.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық инженер-құрылысшылардың жас буыны құрылыс сапасы мен экологияға көбірек назар аударып отыр. Бұндай пікірді бүгін елордада өтіп жатқан Инженер-геотехнитердің Азиялық жастар конференциясы аясында «ҚазАқпаратқа» Токио университетінің профессоры Икуо Тохата айтты.
«Шынын айтсам, елдеріңізде бұл саладағы өзгерістерге таңданып отырмын. Он жыл бұрын осындаға құрылыста үлкен құлшыныс болған еді және құрылыс жұмыстары қарқынды жүрді. Ал қазіргі кезде адамдар құрылыс сапасы, қоршаған ортаны қорғау және басқа да мәселелерге көбірек алаңдап отыр. Бүгінгі конференцияда осы тақырыпта маңызды таныстырылымдар болды. Атап айтқанда, саладағы құлшыныс тәжірибеге айналып, инженерлердің жас ұрпағы құрылыстағы мәселелерге егжей-тегжейлі мән беруде. Жобалаудың және құрылыстың барша үдерісі елеулі түрде жан-жақты өлшенген әрі ойластырылған болып отыр»,-деді ғалым.
Сонымен қатар ол Астананың бүгінгі сәулеттік көрінісі ұнайтындығын айта келе, жобалау мен ғимараттарды салу сапасын оң бағалады.
Айта кетейік, конференция мақсаты – барша Азия өңірінің жас инженер-геотехниктеріне интерактивті тұғырнаманы ұсыну, саладағы инновациялар бойынша тәжірибе алмасу, сондай-ақ құрылыс, білім және ғылымда ынтымақтастықтың перспективалы жолдарын айқындау.
Конференция жұмысына 18 елден 100-ге жуық мамандар мен ғалымдар қатысып жатыр.
Дерек көзі: www.inform.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Беларусь пен Қазақстанның орман шаруашылығы саласында ғылыми-техникалық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға ниетті. Орман шаруашылығы министрі Михаил Амельянович бастаған белоруссиялық делегацияның Қазақстанның ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаевпен кездесуде осындай уағдаластыққа қол жеткізілді, деп хабарлады БЕЛТА Беларусьтің СІМ-ге сілтеме жасап.
Ведомствода кездесуге Қазақстандағы Беларусь елшілігі, орман шаруашылығы ұйымдарының, білім және ғылым мекемелерінің өкілдері қатысқанын айтты.
“Тараптар орман шаруашылығы ұйымдары, салалық білім беру мекемелері мен ғылыми мекемелер арасындағы тікелей байланысты дамыту мәселесін көтерді. Олар екі ел арасындағы ғылыми-техникалық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға септесу керек екенін айтты”, – деді баспасөз қызметінде.
Кездесуге қатысушылар орман шаруашылығын басқару және ормандарды пайдалану салаларының қазіргі жағдайы мен өзара ынтымақтастықты кеңейтудің негізгі шараларын атады. Келісілген уағдаластықтарды жүзеге асыру үшін тараптар тиісті хаттамаға қол қойды.
4-5 тамызда белоруссиялық делегация Қазақстанның Зеренді кентінде өтетін ТДМ елдерінің орман өнеркәсіп кешені және орман шаруашылығы бойынша үкіметаралық кеңестің 16-шы отырысына қатысады деп жоспарланған.
Дерек көзі: www.inform.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Сейсенбі күні Нью-Йорке БҰҰ ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мун Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовпен кездесті. Пан Ги Мун сыртқы саяси ведомоство басшысын Климат жөніндегі Париждік келісімге қол қойылумен, сондай-ақ Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017- 2018 жылдарға тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды БҰҰ Жаңалықтар орталығы.
Кездесу барысында Бас хатшы мен министр Қазақстанның БҰҰ-мен ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективаларын және елдің БҰҰ-ға ұсынылған бастамалары жөнінде пікір алмасты, делінген осы жүздесу туралы мәлмдемеде.
Қазақстанның Климат жөніндегі Париждік келісімге қол қою салтанатты рәсімі 2 тамызда Нью-Йорк қаласында БҰҰ-ның штаб-пәтерінде өтті.
БҰҰ Радиосына берген сұхбатында министр бұл құжатқа Қазақстан осы жылдың сәуірінде өзге елдермен бірге қол қоюды жоспарлағандығын, бірақ оған келісу үкіметте ұзаққа созылғандығын айтты.
Қазақстан сыртқы саяси ведомоствосының басшысы, өз елінің 2030 жылы ауаға шығарылатын парниктік газдарды 15 пайызға қысқартуға міндеттеме алғандығын мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, егер елге қосымша қаржылай қолдау көрсетілген жағдайда мұны 25 пайызға дейін жеткізуге болады.
Дерек көзі: www.inform.kz
Кездесу барысында Қ.Бозымбаев Елбасына мұнай-газ, мұнай-газ химиясы және энергетика салаларындағы дамудың негізгі көрсеткіштері туралы баяндады, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарын хабарлады.
Бұдан бөлек, мұнай өңдеу және энергетика өнеркәсібіндегі ірі инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы, оның ішінде жыл соңына дейін Қашаған кен орнын қолданысқа енгізу жоспары, Теңіздің өндірістік қуаттылығын кеңейту және Қарашығанақ кен орнындағы сұйық көмірсутегі өндірісін арттыру талқыланды.
Мемлекет басшысы жоғарғы деңгейдегі бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету және экономикадағы энергия тасымалдауға артып отырған қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында отын-энергетика кешенін одан әрі дамыту керектігіне назар аударды. Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті елдің ғылыми-технологиялық әлеуетін арттыру үшін шаралар қабылдау және төмен көміртекті даму мен «жасыл экономикаға» өтуін қамтамасыз ету жөнінде жағдайлар туғызудың маңыздылығын атап өтті.
Энергетика министрі биыл мұнай өндіру көлемінің аздап азаюы әлемдегі негізгі энергетикалық ресурстарға бағаның құлдырауымен байланысты болып отырғанын атап өтті.
– Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 38,8 млн тонна мұнай өндірілді. Ол өткен жылғы осы кезеңнің өндіру көлемімен салыстырғанда 97% құрайды. Биыл жыл соңына дейін өндіру көлемін 75 млн тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар 6,9 млн тонна мұнай өңделді, ол былтырғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда шамамен 5% артық, – деді Қ.Бозымбаев.
Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Көзі: http://www.akorda.kz