Жаңалықтар | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2016 жылдың 7-9 қыркүйегі аралығында Астана қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін оқыту семинарын өткізді.

Семинарда 9 маман оқытылды, соның ішінде:

  • табиғатты пайдаланушы кәсіпорындардың мамандары – 7 адам;
  • ҮЕҰ өкілдері – 2 адам.

Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ; «Атмосфера» ЖШС; «Богатырь Комир» ЖШС; «Сембол Улусларарасы Ятырым Тарым Пейзаж Иншаат Туризм Санайи ве Тиджарет Аноним Ширкети»  АҚФ; «Конденсат» АҚ; «ТЭК-Казахстан» ЖШС; «Ақтөбе Орхус орталығы» ҚҚ; «Human Health Institute» ҚҰ.

Дәріс оқығандар:

Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті директорының орынбасары;

Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Маденова Айгуль Есеркегеновна ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Журынова Сауле КонысхановнаҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқармасының басшысы;

Семинар соңында білімді бағалауды өткізгеннен кейін ҚР Энергетика вице-министрі Ғ.Қ. Сәдібеков пен «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК бас директоры М.А. Ануаров қол қойған куәліктер табыс етілді.

Бірнеше туркомпания «ЭКСПО-2017» көрмесіне 74 мың билет сатып алу үшін келісімшартқа отырды

Дереккөз: www.24.kz

e972e088ef0367f0088656fd6ebc1c16_l

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне келушілерді тарту мақсатында «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы 4-11 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы бойынша ақпараттық турлар өткізді.

Әлемнің түкпір-түкпірінен 100-ге жуық тур операторлар Қазақстанға келді. Іс-шараға Ресей, Қытай, Еуропа, Азия, ТМД елдерінен «Росс Тур», CITS, Alessandro Rosso Group, Monaco Ukraine Group және т.б. туроператорлар қатысты. Ақпараттық турлар 5 бағыт бойынша (ұлттық парктер мен тарихи-мәдени орындар, космодром т.б.) ұйымдастырылды.

Ақпараттық тур «Астана ЭКСПО-2017» бұл бағыттағы серіктестерін, яғни шетелдік туроператорларды мемлекетіміздің көрікті жерлерімен таныстыруды көздеген болатын. Олар еліміздің батыс өңірі, Ұлы Жібек жолы, Шығыс және Солтүстік Қазақстан, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларын аралап қайтты.

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің қонақтарына арналып жасалған 73 туристік маршрут бойынша қарастырылған жерлерде болды. Сонымен қатар өңірлердің «Жол картасы» мен визит картасы әзірленді.

«ЭКСПО-2017» көрмесіне 74 мың билет сатып алуға 5 туркомпаниямен келісімшартқа қол қойылды.

Бүгін Елбасының қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

Дереккөз: Bnews.kz

97e6a54625761f6fa296367538bd9213_crop_l_6_t_91_w_1484_h_835_resize_w_840_h_Бүгін Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды BNews.kz.

«Осы айдың алғашқы онкүндігінде үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Отырыс барысында мен халықтың табысын арттыруға және жұмыспен қамтуды қолдауға бағытталған жаңа шаралар ұсынамын. Яғни, экономика терең тыныс алып, қарқынды дамуы үшін жаңа қаражат тарту жолдары, банктердің жергілікті жерлерде несие беруі мен мүмкіндіктерді кеңейту мәселелері қарастырылатын болады», – деді Мемлекет басшысы VI шақырылымдағы парламенттің екінші сессиясының ашылуында.

Еске сала кетсек, кеше ҚР Үкіметінде кадрлық ауыс-түйіс болды. Министрлер кабинетіне жетекшілік еткен Кәрім Мәсімов ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. ҚР Премьер-Министрінің міндеттерін уақытша атқару Бақытжан Сағынтаевқа жүктелді. Мемлекет басшысының Өкімімен ҚР ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Владимир Жұмақанов Қазақстан Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

 

Астанадан «жасыл энергетиканы» дамытудағы қуатты импульс барша әлемге тарауда – Greenpeace

АСТАНА. ҚазАқпарат  – Қазақстаннан «жасыл энергетиканы» дамытудағы қуатты импульс барша әлемге тарауда. Мұндай пікірді ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген  Greenpeace халықаралық ұйымы саяси бөлімінің жетекшісі (Германия, Берлин) Тобиас Мюнхмейер білдірді.

«Біздің Greenpeace ұйымымы Қазақстан Президентінің G20-ға мүше мемлекеттерді Астанада өтетін халықаралық мамандандырған көрме аясында жеке шара өткізу арқылы ЭКСПО-2017-ге белсенді қатысуға шақыруын қолдайды. ЭКСПО-207 тақырыбы  «Болашақ энергиясы», яғни, қоршаған ортаға балама, достық қарым-қатынасты дамыту. Біз Астанадан «жасыл энергетиканы» дамытудағы және қоршаған ортаны қорғауда қуатты импульс барша әлемге тарап жатқанын көріп отырмыз»,-  деді ол.

Оның айтуынша, Greenpeace ЭКСПО-2017 көрмесін асыға күтетін болады.

Еске салсақ, 1 қыркүйекте Н. Назарбаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен G20 саммитіне қатысу үшін Қытайға келді. Бірінші сессияда Мемлекет басшысы жаһандық экономика мәселелерін шешу жолдары туралы өз болжамдарын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев «G-20» саммитінде барлық мемлекеттерді «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне белсенді қатысуға шақырып, оның аясында үлкен жиырмалықтың қамқорлығымен арнайы шара өткізуді ұсынды.

«Қазақстан БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарын, Париж келісімін және «жасыл экономика» ұстанымдарын жүзеге асыруға белсенді жәрдемін береді. Оған 2017 жылы Астанада «Болашақ энергиясы» тақырыбымен өтетін «ЭКСПО» халықаралық көрмесі де септігін тигізеді. Мұнымен қатар біз «Астана» халықаралық қаржы орталығын құрамыз. Барлық мемлекеттерді Астанадағы «ЭКСПО» көрмесіне белсенді қатысуға шақырамын. Оның аясында «G-20» қамқорлығымен сәйкесінше іс-шаралар өтізуге де болар еді», – деді ҚР Президенті.

Дерек көзі: www.inform.kz

Қазақстанда таза технологиясы бар зауыттар ғана салынады – ҚР Энергетика министрлігі

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан экологиясына зиян келтіретін зауыттар салынбайды.  Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстанның Жасыл климаттық қорымен өзара әрекеттесуін күшейту семинары барысындағы баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков мәлім етті.

«Бүгінде Қазақстанда жаңадан орналастырылуы мүмкін зауыттардың тізбесі бар. Бұл зауыттар қазақстандық тараппен іріктелінеді. Атап айтқанда, бізде экологиялық заңнама бар және осы тұрғыда осы зауыттарға экологиялық бағытта тиісті талаптар қойылады. Қалай болғанда да Қазақстанда таза технологиясы бар зауыттар ғана құрылады. Себебі, бізде елімізде салынуы мүмкін зауыттарға қатысты нақты стандарттар бекітілген. Кез келген жағдайда әрбір жоба экологиялық сараптамамен қарастыралады, қоғамдық тыңдаулар жүргізіледі. Осы ретте Қазақстан аумағында салынатын әрбір өндіріс нысаны, яғни қытайлық, еуропалық немесе басқа елдердің зауыттары барлық параметрлерді келісу бойынша тиісті рәсімнен өтеді. Бұл тұрғыда еліміз үшін ешқандай қатер туындап отырған жоқ»,-деді вице-министр.

Оның сөзіне қарағанда, жақын арада электр энегриясын өндіретін қуат көздерін жаңғырту есебінен  энергия өндіру көлемі артпақ.

«Себебі, экономика дамып келеді, сондай-ақ Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы жүзеге асырылуда. Сондықтан бұл бағытта тиісті жетістіктер болатынына сенімдімін»,-деп түйіндеді сөзін Ғани Сәдібеков.

Дерек көзі: www.inform.kz

Еліміздің басым аумағында күн ашық

Дереккөз: Bnews.kz

4c72a1058e4e4cf90860d7c392d15e78_resize_w_840_h_Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, тек батыста, солтүстік-батыста  және  оңтүстік-шығыста  атмосфералық ағымдардың өтуінен жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең шығыста және орталықтың кей жерлерінде  үсік жүреді, тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды BNews.kz.

Қазгидрометтің ақпаратынша, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында  тұман байқалады, күндіз Шығыс Қазақстанда жел 15-20 м/с дейін күшейеді.  Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай облыстарында, таңертең және күндіз Ақмола, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел тұрады. Батыс Қазақстан,  Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында, сондай-ақ Қарағанды, Шығыс Қазақстан өңірлерінің басым бөлігінде,  Қостанай, Ақмола облыстарының кейбір аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады.

 

Финляндия ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу туралы шартқа қол қойды

Дереккөз: Bnews.kz

a6b08108b63b3f0b714603a4d9716a19_crop_l_9_t_267_w_5887_h_3311_resize_w_840_h_Бүгін Астанада Финляндия Республикасы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысу туралы шартқа қол қойды деп хабарлайды BNews.kz.

Құжатты «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен Финляндияның Ұлттық секциясының комиссары Севери Кейняла бекітті.

Кездесу кезінде Ахметжан Есімов фин тарапын көрмені ұйымдастыру және ЭКСПО-2017-ні халықаралық ілгерілету жөніндегі жұмыспен таныстырды. Ұлттық компания басшысы бүгінгі күні көрмеге қатысуды 98 ел және 18 халықаралық ұйым растағандығын айтты.

 «Жаңартылған энергия көздерін қолдану саласында Финляндия еуропалық елдер арасында көшбасшылардың бірі болып табылады. ЖЭК дамытудағы біздің тәжірибеміз Көрме қатысушылары мен келушілер үшін қызықты болатындығына сенімдімін», – деді Ахметжан Есімов.

Финляндиядағы жаңартылған энергия көздерінің үлесі 33% құрайды. Осыған орай 2020 жылға қарай ЕО тарапынан Финляндия үшін белгіленген  бұл үлесті 38%-ға дейін арттыру мақсаты шынайы болып көрінеді. Биомасса базасында энергия үлесі барлық ЖЭК 80% құрайды. Биоэнергетиканы  қолдануды арттыру Финляндияға энергиялық қорлар импортынан тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді.

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Қоғаммен байланыс департаментінің мәліметінше, Финляндияның Ұлттық секциясының комиссары Севери Кейняла елдің осындай ауқымды халықаралық іс-шараларға басқа скандинавиялық елдермен бірге қатысқандығын мәлімдеді. Алайда, екі жақты достық қатынастарды және көрменің өзекті тақырыбын ескере отырып, Финляндия өз бетімен қатысу туралы шешім қабылдаған екен.

«Финляндия Республикасының ЭКСПО-2017-ге қатысуы экономикалық түрде тиімді ұйымдастырылады. Фин павильонының шеңберінде біздің жұмыстың нақты мақсатын белгіледік – бұл біздің елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты күшейту, сондай-ақ қазақтандық нарыққа фин бизнес-қауымдастықтары мен энергетикалық компанияларын тарту», – деді Севери Кейняла.

Елбасы «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенін аралап көрді

Дереккөз: Bnews.kz

ec0c885d4f1bb996cf33abbc08a715fa_crop_l_17_t_312_w_4267_h_2400_resize_w_840_h_Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенінде болды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы «Қазақстан» павильоны құрылысының барысымен, сондай-ақ Конгресс-орталық ғимаратымен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаев көрмені отандық және шетелдік ғылым үшін  қызығушылық тудыратын сапалы инновациялық әзірлемелер арқылы толықтырудың маңыздылығын атап өтті.

***

Ұлттық павильон орналасқан шар тәріздес ғимараттың тақырыптық тұжырымдамасы «Болашақ энергиясының мұражайы» ретінде көрініс тапқан. Ғимараттың 7 қабатында энергияның негізгі түрлерін таныстыру жоспарлануда.

Конгресс-орталық халықаралық конгрестер, конференциялар, симпозиумдар, концерттер және басқа да іс-шаралар өтетін көпфункциялы мәдени-сауықтыру нысаны болмақ.

Павлодар облысында Солтүстік өндірістік аймақта сынап мөлшерін анықтау үшін 3,5 млн теңге бөлінді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Павлодар облысында 2016 жылы Солтүстік өндірістік аймақта сынаптың мөлшерін анықтау үшін 3,5 миллион теңге бөлінді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 

Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы басшысының орынбасары Әйгерім Қабылтаеваның айтуынша, қаражат облыстық бюджеттен бөлінді. –  Биыл аталмыш жұмыспен «Каустик» АҚ-ның арнайы зертханасы айналысып жатыр. Осы күнге дейін зертхана қызметкерлері құрал-жабдықты зерттеу жүргізді. Жалпы, атмосфералық ауаның  28 сынамасы, 12 топырақ сынамасы, 72 жер асты су сынамасы алынды.  Бұдан басқа мамандар Былқылдақ өзенінде жоғары қабаттың суы және саңылаудан су сараптамаға алынды, – деді  Әйгерім Қабылтаева.

 Нәтиженің қорытындысына сәйкес ауадағы сынаптың мөлшері шамадан асқан жоқ. Айта кетерлігі, 2005 жылдан бастап басқарма жыл сайын табиғатты қорғауға бағытталған Солтүстік өндірістік аймақта сынаптың мөлшері бойынша сараптама жүргізіп отырады. Соңғы рет алынған сынамалардың нәтижесі бір аптадан соң белгілі болады.

Дерек көзі: www.inform.kz

Алматыда өзен суының түсі өзгеруіне қатысты құзырлы орган зерттеу жұмысын қолға алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласы бойынша Экология департаментінің қызметкерлері Түркісіб ауданында қызғылт түске боялған өзеннің суын сараптамадан өткізіп жатыр. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы бойынша Экология департаменті зертханалық бөлімінің бастығы Айтқұл Халелов хабарлады.

«Біз су сынамасын тексеруге алдық. Нәтижесі бір аптадан соң белгілі болады. Біз өткен сенбі күні өзенге келгенде судың түсі қайтадан қалыпты жағдайда болды. Судың қызғылт түске боялуы сараптама нәтижесі шыққан соң белгілі болады. Қазір, нақты ештеңе айта алмаймыз», – деді маман.

Еске сала кетелік, бұл шағын өзен суының қызғылт түске боялғаны 19 тамыз күні белгілі болды. Бұл туралы «Балычок» балық аулау клубының белсендісі Евгений Сляднев хабаралған еді.

«Кәдімгідей қызыл су ағып жатыр. Мұны бүгін кешке 18:30-да Майлин мен Гете көшелерінің аралығында байқадық. Бұл Түркісіб ауданы», – деп жазған болатын Евгений Сляднев.

Дерек көзі: www.inform.kz

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика