Дереккөз – www.inform.kz
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Даланың шөлге айналу қаупінің алдын алу үшін кейінгі екі жылдың ішінде Арал теңізінің құрғап қалған бөлігіне 5 млн түп сексеуіл егілген. Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«2018-2020 жылдары Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Корея Республикасының Корей орман қызметі және биоәртүрлілікті сақтау қорымен бірлесе отырып, Арал теңізінің құрғап қалған түбіндегі 13,300 га аумаққа 5 млн түп сексеуіл көшетін отырғызды. Бұл жұмыс «Қызылорда облысындағы Арал теңізінің құрғап қалған түбін фито-орманды қалпына келтіру» жобасы аясында жүзеге асырылды. Оған Кореяның орман қызметі 1,7 миллион доллар инвестициялады», – деп жазады Сәкен Ділдахмет.
Оның хабарлауынша Арал теңізінің құрғауынан бұрынғы су айдынының 6 миллион гектардан астамы босап қалған. Жыл сайын ауаға Арал теңізінің құрғаған түбінен 100 миллион тоннадан астам тұз, шаң мен құм ұшады. Климаттық жағдайдың өзгеруінің даусыз белгілері бар. Сонымен қатар желдің әсерінен пайда болатын тұз бен шаңның қоршаған ортаға айтарлықтай зиян тигізетіні де белгілі.
«Осыған байланысты 1980-ші жылдан бастап Қазақстан орманшылары Арал теңізінің құрғаған түбіне сексеуіл отырғызу арқылы құм мен тұзды дауылдарының барынша алдын алуда. Арал теңізінің құрғаған түбінде орманды қалпына келтіру – экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған шаралар кешеніне енгізілген. Қызылорда облысының орман шаруашылықтары жыл сайын 10 мың гектардан астам жерге сексеуіл отырғызады. Оның 6 500 гектары Арал теңізінің құрғаған түбінде жатыр. Жобаны ғылыми тұрғыда қолдау аясында Арал теңізінің құрғаған түбінде Корея университетінің зерттеушілері жасанды екпелердің топырақ қасиетіне әсері туралы бірегей зерттеулер жүргізді», – деп жазады комитет өкілі.
Бір сексеуіл бұтасының тамыры шамамен 4 тонна құмды ұстай алады. Арал теңізінің құрғаған түбі үшін Қазалыда арнайы сексеуіл көшеттері өсіріледі. Тәлімбақтың ауданы 32 гектар. Жылдық өнімі 4 млн сексеуілден асады. Сексеуіл ормандарының өсу аудандарын сақтау және олардың жойылуына жол бермеу үшін Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығымен сексеуіл ормандарында 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін ағаш кесуге, сондай-ақ республиканың сауда орындарында сексеуіл сатуға тыйым салынған.
«Орталық Азиядағы сексеуілдің көбі Қазақстан аумағында орналасқан. Қазақ орман қызметінің амал-әдісі – даланың шөлге айналыуымен күресте ең сәтті тәжірибе саналады. Жалпы 1980-2000 жылдар аралығында Аралдың құрғап қалған бөлігіндегі 190 мың га аумаққа сексеуіл отырғызылған», – деп түйді Сәкен Ділдахмет.
Дереккөз – www.inform.kz
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақ даласында ақбөкеннің саны 55 пайызға артып, 334 мыңға жетті. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жануарлар дүниесі саласында жыл сайын сирек кездесетін тұяқты жануарлар мен ақбөкен саны артып келеді. Ақбөкеннің популяциясы 334 мыңға жетіп, өсім 55 пайызды құрады. Біз осы динамиканы сақтау үшін бар күш-жігерімізді саламыз», – деді Мағзұм Мырзағалиев ОКҚ өткен халыққа есеп беру кездесуінде.
Алайда министр браконьерліктің еңсерілмей келе жатқанын мойындады.
«Мемлекет басшысы браконьерлікпен күрес мәселесіне ерекше мән беруде. Министрлік Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратурамен бірлесіп 2019 жылы браконьерлік үшін жауапкершілікті күшейту бойынша қолданыстағы қылмыстық заңнамаға түзетулер енгізді. Қылмыстық кодекске табиғатты қорғау инспекторлары мен қорықшылардың өмірі мен денсаулығына қол сұғушылық үшін қатаң жаза қарастыратын жеке бап енгіздік. Инспекторлардың ауыр еңбегін сезіне отырып, Президенттің тапсырмасына сәйкес инспектор мәртебесін көтеруді көздеп отырмыз», – деді ол.
Мағзұм Мырзағалиев осылайша, браконьерлікпен күресу үшін қазіргі заманғы құралдармен инспекцияларымызды қамтамасыз ететін жаңа нормативтер (арнайы техника, төс камералары, бронежелеттер) әзірленгенін жеткізді.
Дереккөз – www.gov.kz
Бүгін бейнеконференция режимінде Каспий маңы мемлекеттерінің қоршаған ортаны қорғау министрлерінің бейресми кездесуі өтті.
Кездесуге Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Иран, Түрікменстан Экология министрлері, сондай-ақ Еуропа үшін ЮНЕП аймақтық кеңсесінің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Каспий теңізін мониторингілеу саласындағы ынтымақтастық, климаттық өзгерудің Каспий теңізінің экологиясына әсері, биоресурстардың жағдайы, сондай-ақ жағалау аймақтарының ластануын болдырмау жөніндегі шаралар талқыланды.
М. Мырзағалиев Каспий теңізінің бірлескен биоресурстары бойынша келісілген зерттеу жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті, Каспий итбалығының популяциясын қорғау және сақтау жөнінде нақты іс-шаралар әзірлеуді ұсынды, сондай-ақ балық аулауды бақылауды жүзеге асыру жөніндегі іс-қимылды ретке келтіруге шақырды.
Каспий маңы елдері басшыларының Бесінші Каспий саммитінің (2018ж. 12 тамыз) қорытындысы бойынша тапсырмасын іске асыру үшін М. Мырзағалиев Каспий маңы мемлекеттерінің бірінің аумағында Каспий теңізінің табиғи ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік Конвенция Хатшылығын орналастыру мәселесін шешудің маңыздылығын атап өтті.
Осыған байланысты Каспий маңы елдері арасындағы Каспий теңізінің табиғи ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік Конвенцияның Хатшылығы туралы қазақстандық тарап әзірлеген Келісім жобасын келісу процесін жандандыру ұсынылды.
Бұл бастаманы Әзірбайжан және Түрікмен тарапы қолдады.
Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, Каспийдің биоресурстары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде күш-жігерді біріктіруге келісті, сондай-ақ Каспий теңізінің табиғи ортасының жай-күйі туралы мониторинг, бағалау және ақпарат алмасу жөніндегі хаттаманың жобасын одан әрі әзірлеу бойынша өзара түсіністікке қол жеткізді.
Дереккөз – www.inform .kz
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстаудағы турларды ұйымдастырушы Вячеслав Никишин дала бүркітінің ұясын суретке түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ладаға сілтеме жасап.
Бүркіт 7 маусымда камераның объективіне тиген.
Сурет авторы Вячеслав Никишин түсірілген суреттің геоақпараты туралы мәлімдемеді, өйткені ол браконьерлер дала қырандарына «барады» деп қорқады.
Оның айтуынша, ол бүркіттерді бұрын да көрген, бірақ бірінші рет.
Еске салсақ, 2015 жылы Маңғыстауда дала бүркіті популяциясының 90 пайызға қысқарғаны туралы хабарланған болатын.
жылы бүркіт – бұл кішігірім түр екендігі, олардың саны бүкіл диапазонда азаятындығын атап өтті. Көптеген құстар, әсіресе балалар, электр желілерінде қырылып жатыр. Ол Қазақстан мен Ресей Федерациясының Қызыл кітабына енгізілген.
Дереккөз – www.gov.kz
2020 жылғы 10 маусымда сағат 15.00-де ҚР Президентінің Орталық коммуникациялар орталығында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиевтің халыққа есеп беру кездесуі өтеді.
Карантин режимін сақтау мақсатында есеп беру кездесуі ҚР Президентінің Орталық коммуникациялар орталығы мен Министрліктің Facebook және YouTube желілерінде тікелей эфирде трансцляцияланып, алғаш рет онлайн форматта өтеді.
Сіз сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды келесі байланыс арналарын пайдалана отырып жолдай аласыз:
– «Ашық диалог» порталындағы министрдің блогы;
– +7 701 847 28 53 WhatsApp нөмірі ;
– электрондық мекенжай: surak@ecogeo.gov.kz.
Азаматтарды белсенді қатысуға және Министрге сұрақ қоюға шақырамыз.
Дереккөз – www.inform.kz
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Іле Алатауы ұлттық паркіндегі жер сатылмайды және өзге елдің азаматтары мен шетелдік компанияларға пайдалануға берілмейді. Бұл туралы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев Facebook-тегі парақшасында мәлім етті.
Вице-министр Іле Алатауы ұлттық паркінде инфрақұрылымды дамытуға қазақстандық инвестор жауапты екенін, ондағы жер сатылмайтынын атап өтті.
«Алматы жұртшылығы Іле Алатауы ұлттық паркінде эко-туризмді дамытуға қатысты мəселе көтерген еді. Атап өтсем, 2019-2025 жылдарға арналған туристік саланы дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шетелдік, оның ішінде АҚШ-тың табысты тəжірибесі негізінде ұлттық паркті дамытудың бас жоспары жасалды. Осыған орай, өз мойнына ұлттық парктің инфрақұрылымын қоршаған ортаға зиян келтірмей дамыту міндетін алған жауапты қазақстандық инвестор анықталды. Бірден назар салатын жәйт, Ұлттық парктегі жерлер сатылмайды! Өзге елдің азаматтары мен шетелдік компанияларға пайдалануға берілмейді! Оған Қазақстан Республикасының заңы бойынша тыйым салынған!» – деп жазды ол.
Алайда, Ерлан Нысанбаев қазақстандық инвесторға 35 га жер жалға берілгенін жасырмады: «Ұлттық парктердің қазіргі жағдайын өздеріңіз көріп отырсыздар: кəуапхана, абажадай мейрамханалар, сапасыз қызмет, сүреңсіз көріністер. Жағдайды түбірімен өзгертпей болмайды. Бірінші орында адам мен табиғаттың байланысы тұруы тиіс. Тиісінше, жолдарды, көру алаңдарын, өзен үстіндегі көпірлерді, табиғи үндестікті бұзбайтын шағын нысандарды салу керек. Осының бəрін жолға қоятын қазақстандық инвесторға жалға небәрі 35 га жер учаскесі пайдалануға берілді».
Вице-министр келтірген мәліметке сүйенсек, инвестормен кезең-кезеңмен 10 заманауи визит-орталық, 155 км-ден астам жаяу маршруттар салады. Бұл жоба жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді, кәсіпкерліктің дамуын және туризм саласындағы жоғары білікті кадрлардың өсуін қамтамасыз етеді.
Одан бөлек, Ерлан Нысанбаев инвестор барлық жұмысты қоршаған ортаға зиян келтірмей іске асыратынын, ал тұрғызылатын құрылымдар заманауи экологиялық материалдардан әзірленетінін атап өтті.
Сөз соңында басшы ұлттық парк халыққа әркез қолжетімді болатынын, тіпті Ұлттық парк жанында Қоғамдық кеңес құрылатынын атап өтті.
«Айта кетерлігі, ұлттық парк бұрынғыдай кез келген қазақстандық үшін қолжетімді болып қала береді. Ешқандай қоршаулар болмайды. Осы апта бойы Алматы жұртшылығымен, белсенділермен, журналистермен кездестік. Халықтың барлық талап-тілегі ескеріледі. Нəтижесінде Ұлттық парк жанында Қоғамдық кеңес құратын болып шештік. Инвестордың барлық жұмыстарды сапалы түрде орындауын біз халықпен бірге қадағалайтын боламыз. Табиғатқа ешқандай залал келмейді. Ол қатаң түрде қадағаланады», – деп түйді сөзін ол.
Дереккөз – www.inform.kz
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында «StopMusor» әлеуметтік жобасын бастамақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгін қауымдастық StopMusor әлеуметтік жобасын іске қосады. Жоба Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдіктері қолдау тапты. Жалпы жоба қала тұрғындарының сауаттылығы мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, мәдениетті дамытуға, қоқысты азайту үшін тұрғындар арасында тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратуға бағытталған. Қоқысты кәдеге жарату және қайта өңдеу мәселесі маңызды мәселе екені сөзсіз. Сонымен бірге бұл жұмыс үлкен инвестициялық шығындарды және инфрақұрылымды дамытуды талап етеді. Алайда қоқысты арнайы қоқыс пен контейнерлерге тастауды білмейінше, өңдеу саласын дамыту қиынға соғатынын айта кету керек. Көшеде қоқыстарды, темекі тұқылын, бөтелкелерді, пакеттерді жиі көреміз. Сондықтан Халықаралық қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында біз қоғамның назарын аудартып, осы акцияны бастағымыз келеді», – деді Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы басқармасы төрағасының орынбасары Елдос Абақанов ОКҚ-да өткен онлайн режимдегі баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, әлеуметтік зерттеу барысында қоқыс жәшігіне қоғамдық орында шағын қоқыстың 80 пайызы түспейтін көрінеді. Оның бәрін айналып келгенде өңдеуге болады.
«Төтенше жағдай және карантин кезінде біздің арамызда қоршаған ортаға бей-жай қарамайтын азаматтардың бар екендігінің айқын көргенімізді атап өткіміз келеді. Біз зерттеу жүргіздік. Оның нәтижелері кейінірек сипатталады. Біз алдын-ала нәтижелерді жариялағымыз келеді. Сауалнамаға қатысқандардың әр екінші адамы көп жағдайда қоғамдық орындарда ұсақ қоқыстарды көретінін айтты», – деп толықтырды төраға орынбасары.
Жоба ауқымды насихат жұмыстарын қамтиды. Бірқатар экологиялық шаралар туралы хабарланады. Елдос Абақановтың айтуынша, жоспарланған іс-шаралардың бірі – қазақстандық суретшінің қатысуымен пластикалық пакеттерді қолдана отырып, көркемдік нысан құрау.
«Жоба 2020 жылы іске асырылып, 2021 жылдың бірінші тоқсанының соңында аяқталады. Екі қалада – Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында ұйымдастырылады», – деп атап өтті Елдос Абақанов.
Дереккөз – www.inform.kz
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Қожа Ахмет Яссауи кесенесі – бұл сәулет өнері әлемнің сегізінші ғажабы болып саналады және ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілді. Сарайлар мен ғибадатханалар кешені – орта ғасырлардың інжу-маржаны және барлық түркі халықтарының рухани орталығы, деп хабарлайды ҚР ІІМ Бұлттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыс орталығына саяхат барысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласының тарихи-мәдени орталығын қалпына келтіру аясында жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Аймақ басшысы кесенеге ең бағалы ағаш түрлерін отырғызуды тапсырды. Мұндағы барлық жұмыстар мамандардың ерекше бақылауында.
Осыдан бір жыл бұрын Бакуде Түркістан облысының делегациясы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитетінің 43-сессиясында маңызды келісімдерге қол жеткізгенін атап өткен жөн. Отырысқа қатысушылар құрылыс жобаларының Дүниежүзілік мұраға әсерін бағалауға қатысты мәселелерді қарастырды – Х.А. Ясауи. Жиналыс нәтижесінде кесене айналасындағы аумақты абаттандыру туралы шешім қабылданды.
Сонымен бірге облыс әкімі драма театрдың құрылыс алаңында болды. 4 қабаттан тұратын ғимараттың жалпы ауданы 9700 шаршы метрді құрайды. Барлық заманауи талаптарға сай салынған заманауи мәдени орталықта 510 адамға арналған дәрісхана болады. Драма театры – Ақтөбе облысының сыйы, оның құрылысы биыл күзде аяқталады деп жоспарлануда.
Дереккөз – www.inform.kz
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Іле-Алатауы ұлттық паркінде орналасқан Аюсай тау шатқалында Алматы қаласының экологиялық қоғамдастық өкілдері Сиверс алма ағашының 100 көшетін отырғызды. Оны ғалымдар жер бетіндегі барлық алма ағашының ата тегі деп атайды.
Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Экология, геология және табиғис ресрустар министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Көшеттерді отырғызу акциясы Ұлттық парктерді қолдау қоғамдық қорының жетекшісі Сергей Спицынның бастамасымен ұйымдастырылды. Ол бұған дейін Іле-Алатау ұлттық паркінің түрлі шатқалдарында бірқатар жаяу жүргіншілер жолы, жаяу жүргіншілер көпірі және туристік инфрақұрылым нысандарын мемлекеттің қаражатынсыз орнатқан болатын.
Акцияға экологиялық қоғамдастықтың өкілдері қатысты. Олардың ішінде «Табиғат» Қазақстан қауымдастықтары мен кәсіпорындарының экологиялық одағының басшысы Мэлс Елеусізов, «Қазэкология» республикалық ғылыми-өндірістік және ақпараттық орталығының жетекшісі Амангелді Ыскақов секілді беделді экологтар, сонымен қатар табиғатқа бей-жай қарамайтын басқа да ел азаматтары бар.
Сиверс алма ағашы Іле Алатауында, Қазақстанның оңтүстігінде және шығысында бірнеше мың жылдан бері өседі, Қызыл кітапқа енген.
Экологтардың пікірінше, оны сирек кездесетін түр ретінде, еліміздің символы ретінде сақтау, одан әрі жандандыру және қорғау үшін көп жұмыс атқару қажет.
– Бүгінде көпшілігіміз ұлттық паркке баруды кәуап жейтін жер деп түсінетінімізді мойындауымыз қажет. Мұндай демалыстан кейін үнемі тау боп үйілген қоқыс пен кесілген ағаштар ғана қалатынына бәріміз куәміз. Ал ұлттық паркке барудың шетелдік тәжірибесі мүлде басқа. Бұл дегеніміз ең әуелі жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігі туралы танып-білу, сондай-ақ жауапты экологиялық туризм», – деді Мэлс Елеусізов.
Осы ретте, акция барысында атап өтілгендей, жақын уақытта Іле-Алатауы ұлттық паркіне келушілермен тәрбие жұмысы ұйымдастырылмақ. Жақында Аюсай шатқалында заманауи және экологиялық таза сапарлау орталығы пайда болып, онда келушілерге ұлттық саябақта қандай өсімдік өсетіні, қандай жануарлар мекендейтіні туралы ақпарат беру жұмысы басталады. Балаларға арналған қызықты сабақтар мен ересектерге экскурсиялар ұйымдастырылады.
Сондай-ақ, бұрыннан бар жақсы дәстүрлерді қайта жаңарту, соның ішінде айналма серуендеу жолын жасау жоспарлануда. Бұл жерде келушілерге маршруттың ұзындығы мен күрделілігі, навигациясы, демалу және көру алаңдары туралы барлық қажетті ақпарат ұсынылады. Сонымен қатар, барлық жол тегін болады. Сапарлау орталығына бару үшін қосымша ақы алынбайды.
– Біздің акциямыздың идеясы – жақын уақытта Ұлттық саябақтың сапарлау орталығының жанынан шатқалда Сиверс алма ағашы бағын өсіру. Келушілер осы жерде демалып, саябақ флорасымен таныса алар еді. Ал мектеп оқушыларына экологиялық білім беру сабағын өткізуге болады, – дейді Сергей Спицын.
Іле-Алатауы ұлттық паркінің питомнигіне отырғызу үшін көшеттер сатып алынды. Мұндағы ой – сирек кездесетін эндемикалық өсімдіктерді өсіру және қалпына келтіру.
Акция әл-Фараби атындағы Ұлттық университеттің қолдауымен өткізілді.
Дереккөз – www.gov.kz
Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев еліміздегі ұлттық парктерді дамыту жөніндегі ұлттық кеңес құру туралы бастама көтерді. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.
«Алматы жұртшылығы Іле-Алатауы ұлттық паркін абаттандыру мəселесі жөнінде алаңдаушылық білдіруде. Барлық туындаған мəселелерді шешу үшін біздің ведомство құрамына сарапшылар, министрлік өкілдері, жұртшылық, экобелсенділер кіретін Ұлттық парктерді дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес құру туралы бастама көтерді», – деп жазды М.Мырзағалиев.
Оның айтуынша, Кеңес «инвестордың міндеттемелерін орындауына, ұлттық парктерді дамыту жоспарын талқылауға қатысуға, қажет болған жағдайда, оның аспектілерін іске асыруға əсер етуге бақылау жасай алады».
Министр барлық мүдделі тұлғаларды Кеңеске қосылуға шақырды. «Тек біріккен кезде ғана біз табиғат байлығын сақтау мақсатына қол жеткізе аламыз», – деп атап өтті ол.
Экология министрлігінің басшысы министрліктің ұлттық парктерді «табиғатқа жүк түсірмей» дамытуды көздеп отырғанын еске салды.
«Қазірде оларды дамыту кезінде ауқымды ғимараттар салуды қойып, эко-туризмді дамытуға, жүргіншілер жолын салуға, тек жеңіл нысандар салуға назар аудару қажет. Яғни қоршаған ортаға орынсыз килігу болмауы тиіс», – деп атап өтті М. Мырзағалиев.